Буын. Не деу керек?

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Lesson Study

Тәлімгер: Шахманова Т.С.

1 топ мүшелері: Сатыбаева Г.О. ; Умирова А.М. ; Хабиба А; Нургалиева Ж.Е.

Пән: Ана тілі Мұғалімі: Каппасова А.А. Сынып: 1 «а» Күні: 18. 02. 2015 ж.

Сабақтың тақырыбы:

Буын. Не деу керек?

Жалпы мақсаты:

Буын туралы түсінік беру, өлеңдегі ойды талдауға, өздігінен ой қосуға үйрету.

Жұмыс нәтижесі:

Өлеңді оқып, мазмұндап, талдап, талқылай алады.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер пайдалану. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс, дербес жұмыс, топта талқылау. СТО: «Блум таксономиясы»

Ресурстар:

Постер, түсті қағаз, маркерлер, сюжетті суреттер.

Сілтеме:

Ана тілі оқулығы 1 -сынып.

Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар.

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

Оқушылар

ға психология

лық ахуал туғызу.

Сәлемдесу рәсімін орындау.

Музыка ырғағымен бір-бірінен «Жүрке жылыуы» арқылы әр топ тілек айтады.

Топтың аты , ұраны таныстырылады.


  1. Білу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырманы әр топтан 1-2 оқушыдан «Көрші атам» өлеңін жатқа айту.

Диалогты сөйлеу арқылы «О, қорқайын мен неге?» өлеңін рөлге оқу .

Сәлемдесу түрлерін атау.

Өлеңді кезекпен -кезек ретімен айту.

Әр топтан 2 оқушыдан рөлге оқиды.

Әр топтан жұппен оқиды.

56- жаттығудағы жұп дауыстылардың тиістісін қайдан айырдың? М/ы: ыстық/ істық т.б.

Ережені айтып, дәлелдейді,өз ой-пікірлерін айтады

Жеке өз ойларын білдіру

Шытырманды шешкізу.

«Ой қозғау»

Сюжетті сурет арқылы әдептілік әліппесін ашу.

Оқушылар берілген өрнекті шешеді, шешімнен соң шыққан сөзге өз ойларын ортаға салып айтады.

Оқушылар берілген суреттен «Кішіпейілдік- кісілік белгісі» сөзін табады.

Топпен жұмыс. Тапсырмамен танысу, ойлану шешу.

Топпен жұмыс. Тапсырмамен танысу, ойлану шешу.

2) Түсіну.

Буын туралы мәлімет беріп кету.Ережені талдау. (68 бет)

Оқулықтағы берілген өлеңді дербес оқу, топ бойынша бөлікке бөліп талдайды.

Буын туралы не білетіндерін айтады.Буын түрлері:ашық, тұйық, бітеу. 58- жаттығу арқылы: а+па,ә+же, а+та,кө+ке,ше+ше, на+ға+шы, жи+ен.

Түртіп алу. Мысалдар келтіру, жазып алу.

От (т.б.), а+та (а.б.), ме+ре+ке (а.б.), бей (б.б)+ біт (б.б)+ ші (а.б.)+ лік (б.б).

Балалар тізбектей оқиды.

Өзіндік жұмыс. Алған білімдерін жүйелейді.

Дәптермен жұмыс істейді. Толықтырады.

Өлеңдегі сауалдарды талқылап, ортаға салады. (Рахмет, кешіріңіз,рұқсат па?,мақұл.)

Сергіту жаттығуы:

3) Қолдану

1-топ: Ана туралы 59- жаттығудағы мақалдардың мағынасын ашу. 1 мақал

2-топ: Ана туралы 59- жаттығудағы мақалдардың мағынасын ашу. 2 мақал 3- топ: 1- мақалда әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын бар?

4-топ: 2- мақалда әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын бар?

Жекелей жұмысты орындайды.

Әр топ өз білгендерін айтады.

Алған білімдерін толықтырады.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

4) Талдау.

Өлеңді талдау. «Кішіпейілдік- кісілік белгісі» дегенді қалай түсінесің?

Оқушылар өз ойларын ой талқыға салады. Дебат әңгіме жүреді.

5) Жинақтау.

Буынды пострге түсіріңдер.

Постр құрастыру арқылы буын туралы ойларын түсіндіреді.

Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын постерге түсіреді. Бірінің білімін бірі толықтырады

6) Бағалау.

Буын деген не? Оның түрлері қандай?

Сендерге өлең ұнады ма?

Осы алған білімдеріңді достарыңа, ата-аналарыңа айтып бере аласыңдар ма? Топ басшысының бағалауы.

Балалар жауаптарын айтады.

Өзара пікір туады.

Иә немесе жоқ жауаптары айтылады.

Үйге тапсырма:

Өлеңді оқу. Мақал мәтелдерді жаттау.

61- жаттығу жазбаша орындау.

Рефлексия

лық кезең.

Сабақтан алған әсерлерін жазу.

Күлегешті таңдау .


© 2010-2022