Адамды тұрар адам қып, Адамгершілік, адалдық (Тәрбие сағаты)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты:

Тақырыбы:

«Адамды тұрар адам қып,

Адамгершілік, адалдық»

Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, оны күнделікті өмірде қолдануды әдетке айналдыруға.

Міндеттері: -Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру;

Оқушыларды әртүрлі адамгершілік қасиеттермен таныстыру;

  • Оқушыларға мейірімділік пен қатігездікті айыра білуге, жақсы қылықтарды үйренуге, жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.

Интерактивті стратегиялар: пікір-талас, шағын топтармен жұмыс, әңгіме, ойын «мен және айна», «құпия сурет».

жетекші топ мүшелеріне арнап сұрақ даярлайды. Топқа аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Топтың әрбір мүшесі ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтауы керек.

«Жақсы қасиет деп» деп........................................?

«Жаман қасиет деп» деп........................................?

Адамдардың бойындағы қасиеттер......................?

Түйін. Оқушылар өз ойын айтуға дағдыланды, ой-пікірі қалыптасты. Тез ойлап, шешім шығара білуге, шын көңілден жауап беруге үйренді.

«Ой талқы»

Адамды тұрар адам қып, Адамгершілік, адалдық (Тәрбие сағаты)

Жақсы адам деп қандай қасиеттерге лайық адамды айтады? Күн сәулесінің шығуына жақсы адам деп қандай адамды айтатындарын жазу.

Мысалы: мейірімді,ақкөңіл, сыпайы, т.б.

Түйін. Жақсы адам Күндей айналасына жылу береді.

Әл Фараби бабамыздың «Ақыл дегеніміз адамның екі жақсы нәрсенің жақсырағын таңдап алу қасиеті» демекші, ақылдың атқаратын жұмысы,- ол салыстыру. Осыған байланысты қасиеттерді салыстыру тапсырылады.

«Мен және айна» жаттығуы

Бұл ойында жүргізуші оқушыларға жағымсыз қасиетті айтады, оқушылар ол сөзге қарама-қарсы жағымды сөз айту керек.

Берілген сөздер:

Жалқау еңбекқор

Ұялшақ батыл

өтірікші шыншыл

сараң кеңпейілді

дөрекі сыпайы

қатыгез мейірімді

мақтаншақ қарапайым

өзімшіл ақкөңіл

Түйін. Бұл ойында жаман қасиеттерден аулақ болуға, жақсы қасиеттерді үйренуге үйретеді.





© 2010-2022