Сауат ашу сабағынан Қ қ дыбысы тақырыбына сабақ жоспары. 1 - сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қоскөл ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Беспаева З.Қ. Сауат ашу - 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қ қ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Қ қ дыбысының әріптік таңбалануын, айтылуы мен жазылуын таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, дұрыс буынға бөлуге үйрету. Сөздік қорларын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу. Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: қима, жазба және баспа әріптер,суреттер, слайд, интерактивтік тақта. Әдісі: сұрақ-жауап, іздену түсіндіру, талдау, ой-қозғау.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру. Психалогиялық ахуал

II.Өткен әріптерді қайталау.

III. Жаңа сабақ.

  1. «Кім жылдам?» - ойыны. Слайд - Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Қасқыр, қозы, қарлығаш, қазан, құлпынай,қасық. - Осы сөздерден қандай дыбыс естіліп тұр?

  1. «Сөз ойла, тез ойла» - ойыны. Қ дыбысына сөз ойлап, сөздерге дыбыстық талдау жасау.

  • Қ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

  1. Сергіту сәті. Слайд

  2. Бір буынды және екі буынды оқыту. Қ - а , қ - о, қ - у Қа - ла, қо - ра

  3. Дәптермен жұмыс. А) әріп элементтерімен таныстыру

ә) ауада жазу

Б) тақтаға жазу

Г) дәптердегі Ққ әрпін жазу

6. «Ұйқасын тап ойыны»

Қонып алып жорға

Қарқылдайды....(қарға)

Моп -момақан өзі,

Сүп - сүйкімді ...(қозы)

IV. Қорытындылау.

  • Мен қазір сөздер айтамын, егер қ дыбысы арасында болса онда сендер қол шапалақтаңдар.

  • Қарбыз, Павлодар, қасқыр, Қарағанды, дәптер, жапырақ, қыс.

V. Мадақтау.









© 2010-2022