Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы оқушы ұғымын кеңейту, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгеру. Сөйлем ішінен сан есімді таба білуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың білімді пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының әдістері, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, ойын.

Көрнекілік: Суреттер, интерактивті тақта, кесте.

Пәнаралық байланыс: Математика, ана тілі, дүниетану.

Күтілетін болжам: Сан есімді меңгереді.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, психологиялық дайындық.

«Шаттық шеңбер құру».

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектену,

«5»-ке қол жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

Үй тапсырмасын бекіту.

«Жау жаңбыр» ойынымен орындату.

  • Балалар, қазір қай мезгіл?

Көктемде жаңбырдың мол болуы, жаздағы баубақшаның, егіннің бітік өсуіне себепкер. Егер сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар жер анамызға тамшылар молынан тамады.

Батыр ... өледі,

Қорқақ ... өледі.

... теңгең болғанша,

... досың болсын.

... атасын білген ер,

... жұрттың қамын жер.

... байлық - денсаулық ... .



«Ой шақыру».

1 деген санның орнына бір деген сөзді қосып оқимыз.

  1. Бір

Же1 екен 1қазан:

Кей1 жемді 1қазан

1-ақ сәтте қойды жеп.

Кү1 етті,

«Тойдым», - деп.

Естіп 1кез дү1ді

Жағадағы тү1ді

Паналауға жүгірді.

Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыларға таныстыру.

  1. Сөйлем ішінен сан есімді таба білуді үйрету.

  2. Екі таңбалы сандардың жазылуы.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.

Неше? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек жаз.

Жиырма екі, тоғыз, жетпісінші, сегіз, оныншы, елу, сегізінші.

Ішіне - сыртына

Неше?

Нешінші?

Сызбадағы сөз таптарының өзгешілігін дәлелде.

Венн диаграммасы.

Сын есім

Сан есім

1. Сын есім түрін білдіреді.

2. Түсін.

3. Сапасын.

4. Сұрақтары қандай? қай?

1. Сан есім заттың санын білдіреді.

2. Ретін білдіреді.

3. Қанша? Неше? Нешінші?

Ортақ қасиеттері екеуіде сөз табы.

Сергіту сәті.

Ребусты шешу.

«Ас атасы - асыл тас»

«Аттамас одан кәрі жас»

Эссе жазу «Ас атасы -нан». Жақсы жазған оқушылар Автор орындығына отырады.

Топтық жұмыс.

Жұмбақ. Есепті оқып, шешуін тап.

Он бір түйе, бес жылқы,

Екі сиыр, бес ешкі.

Екі қоян, үш түлкі,

Таба алмасаң, бол күлкі.

Танымдық сұрақтар.

1-топ 2-топ 3-топ

Түйе сиыр жылқы

Ешкі қоян түлкі

Пайдасы қандай?

Сүйікті асы?

Қасиеті?

Танымдық тапсырмалар.

Бие, құнажын, нар, лақ, бұзау, күшік, құлын, теке, тана, құнан, көжек, серке, бота, өгіз, байтал, аруана.

520-жаттығу.

  • Балалар, ұлу жылының басты жаңалығы үлкен жетістігіміз қандай?

«ЭКСПО - 2017»

Не білесіңдер? Біздің келесі тапсырмамызды дұрыс орындаған оқушы «ЭКСПО -2017» көрмесін тамашалау құқығына ие болады.

Сабақты бекіту:

«Интервью әдісі» оқушыларға құрамында сан есімі бар сұрақтар қойылады.

1. Қай көшеде тұрасың?

2. Үйіңнің нөмірі нешінші?

3. Пәтеріңнің нөмірі нешінші?

4. Отбасында қанша адам бар?

5. «ЭКСПО - 2017» қай қалада өтеді?

6. Оған қанша адам келеді деп күтілуде?

Сабақты қорыту:

Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Келді

Жақсы

Парта

Тоғыз

Жаңа

Үшінші

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.




© 2010-2022