Өрнектер және теңдеулер. Өрнектердегі амалдардың орындалу реті

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Өрнектер және теңдеулер. Өрнектердегі амалдардың орындалу реті

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

1. Оқушыларды жақшалармен таныстыру және жақшалардың ішіндегі амалдардың алдымен орындалатынын айту, өрнектегі амалдардың орындалатын ретін анықтауға жаттықтыру, екі басқыштың амалдары көрсетілген жақшасыз өрнектегі амалдарды орындау тәртібімен таныстыру.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өткенді жаңғырту арқылы есте сақтауларын, уақытқа есеп шығару, жұмыс барысында шапшаңдықтарын қадағалау.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жылдамдыққа, тез ойлауға, өзіндік ізденіске баулау.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап есеп шығару, топтың жұмыс тест,
ой қозғау, ой қорыту
Сабақтың көрнекілігі: схемалар, ережелер, шығармашылық жұмыс, тірек сызба, кесте, карточкалар.

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз жақшалы өрнекте арифметикалық амалдардың орындалу реті. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық.
1 - топ Қазақстан
2 - топ Тәуелсіздік
Ал, енді бүгінгі тақырыбымызға қатысты мұқият тыңдап отырайық (30+6): 4 өрнегі қалай құрылғанын схема бойынша түсіндірейін
Енді (5+2)*2 өрнегін құрып көрейік, ендеше жақшасы бар өрнектерде алдымен жақша ішіндегі амал орындалады.
А) Схемамен түсіндіру
Яғни (30+6): 4=9
ә) (5+2)*2=14

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

1 - топ Қазақстан
2 - топ Тәуелсіздік
Ал, енді бүгінгі тақырыбымызға қатысты мұқият тыңдап отырайық (30+6): 4 өрнегі қалай құрылғанын схема бойынша түсіндірейін
Енді (5+2)*2 өрнегін құрып көрейік, ендеше жақшасы бар өрнектерде алдымен жақша ішіндегі амал орындалады.
А) Схемамен түсіндіру
Яғни (30+6): 4=9
ә) (5+2)*2=14
- Балалар біртіндеп келіп мына өрнектің мәндерін табайық. Амалдардың орындалу ретін сақтай отырып есептейік.
1-ТОП
5*(10 - 4)=30 ------- (18+14): 4=8 --------- (10+20): 3 =10
6*4+16=40 ---------- 40: 5 +22=30 -------- 100: 5+203=223

2-ТОП
Кесте бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.
Жәшіктің массасы ----- Жәшіктің саны ----- Жалпы массасы
3кг ----------------------------- 6 -----------------------? кг
? кг ---------------------------- 5 ----------------------- 30кг
4кг -----------------------------?------------------------ 28кг
3-ТОП

А) Амалдарды орындау
392+408=800 --------- (300 - 196)+74=104 --------- 456 - 244=212

Сергіту сәті

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

ә) Теңдеу құр және оны шеш:
А) Белгісіз санды 8 - ге көбейткенде, 32 шығады
Б) 40 - ты белгісіз санға бөлгенде, 8 шығады.
4) Жаңа білімді бекіту.
Теңдік дұрыс болатындай етіп, жақшаларды қой.
(18+16): 2=17 6*(8: 4)=12
(15 +6): 3=7 (24+4): 4=7
Тест жаттығу. Қай амал бірінші орындалады көрсет.
Өрнек
Амал
А) қосу
Ә) азайту
Б) көбейту
В) бөлу
Жауабы: 1) - 2) - 3) - 4) -

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.



© 2010-2022