1 сыныпта ана тілінен Наурыз - жыл басы тақырыбына ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ. Ана тілі .1 сынып "Наурыз көже"

Сабақтың атауы

Наурыз көже. Заттың атын білдіретін сөздер. 112-113 жаттығу

11.03.2016ж

Сілтеме

Электронды оқулық, кеспе әріптер, буындар,магнитті әріптер мен магнитті планшеттер

Жалпы мақсаттар

АКТ, СТО технологиясының стратегияларын ықпалдастыра отырып, оқушыларға заттың қимылын білдіретін сөздер туралы мағлұматтар беру,оларға наурыз мейрамының ерекшелігі туралы мағлұмат беру, наурыз көженің маңызын түсіндіру. Наурыз көженің жасалу жолын үйрету.Тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Өлең мазмұнындағы мәселені түсініп, оған өзіндік баға беруге, шығарманың құндылығы мен негізгі ойы туралы пікір білдіруге жағдай туғызу: өзіндік пікірлерін қалыптастыру; сөйлеу тілдерін жетілдіру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа , салт- дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу

Оқыту нәтиежесі

Өлеңді түсініп оқи отырып, мазмұнын өз сөздерімен түсіндіру дағдылары қалыптастырады.
2. Салыстыру, қортынды жасау, пікір айту арқылы сөздік қорлары мен ойлау қабілеттерін дамиды.Өлеңдегі негізгі идеяны түсінеді3. Салт- дәстүрді дәріптейді..

Негізгі идеялар

Наурыз мерекесі -қазақша жаңа жыл мерекесі.Наурыз көжеге 7 түрлі дәм салынып пісіріледі. Заттың қимылын білдіретін сөздер не істеді, не қылды?,қайтті ?деген сұрақтарға жауап береді.

Тапсырмалар

1- тапсырма

Үй тапсырмасын тексеру.Блиц- сұрақтар.

2- тапсырма:

Топтастыру «Наурыз көже»

Бейнеүзік: «Наурыз көже»

3-тапсырма:
Шығармашылық жұмыс: «Жалғасын тап»(жазбаша)

4-тапсырма:

«Мейірімділік» бейнеүзік

Жазба жұмысы

112-жаттығу

5-тапсырма:

Қорытындылау :Диаграмма

6-тапсырма: Наурыз тілек

Кейінгі тапсырмалар

Кері байланыс: Тренинг. Өрмек

Үй тапсырмасы

113-жаттығу ,

Бағалау

Формативті бағалау

С А Б АҚ Б А Р Ы С Ы

Мұғалімнің жазбалары

Оқушының іс әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық:

Басы барлық ырыстың,

Басы барлық ұлы істің.

Құтты болсын Наурыз,

Ұлы күні ұлыстың !

1- тапсырма

Үй тапсырмасын тексеру.Ұлыстың ұлы күнінде.

Мәнерлеп оқу,Жатқа айту

Блиц- сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Іс қимылды білдіретін сөздерге қандай

сұрақтар қойылады?

2.Планшетпен жұмыс. Іс-қимылды білдіретін

сөздерге мысал келтіру.

3.Наурыз сөзі қандай мағынаны білдіреді?

4.Наурыз мейрамы неліктен 22- наурызда

аталып өтеді?

5.Наурыз мейрамына адамдар қалай

дайындалады?

6. Наурыз мерекесінде қандай тілекте

айылады?

7.Наурыз мерекесінде әр үйде пісірілетін ас

қалай аталады?

ІІІ. Жаңа сабақ

2- тапсырма:

1.Топтастыру «Наурыз көже»

2.Бейнеүзік: «Наурыз көже».

3.Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу.

3-тапсырма:

Дәптермен жұмыс. Шығармашылық жұмыс:

Көктем ........ . Күн ........ . Құстар ..... . Жаңбыр .... «Жалғасын тап»(жазбаша).

ІV .Сергіту сәті. «Қошақаным»

V. Жаңа сабақты пысықтау:

4-тапсырма:

«Мейірімділік» бейнеүзік

Жазба жұмысы .

112-жаттығу

VІ. Жаңа сабақты қорытындылау

5-тапсырма:

Сәйкестендіру:Табиғат пен тағам арасындағы байланысты ашу арқылы Наурыз көженің қасиеттерін көрсету үшін, халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен. Олар:
Су-көк - көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын етеді.
Ет-Қызыл - қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды.

Жасыл-бұршақ
Ақ - сүт,құрт
Сары - май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.
Қоңыр - бидай,тары.

Қара - тұз. Тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.

Қорытындылау :Диаграмма. «Мен ұнататын наурыз көже»

6-тапсырма: Наурыз тілек



© 2010-2022