Дене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс Толағай

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Толағай» спорттық сайысы
Жүргізуші:
Бүгінгі «Ел болашағы- білімді ұрпақ» атты апталығында өтетін «Толағай» сайысына хош келдіңіздер!
- Ойын залына 2 «А» сынып оқушыларынан құралған «Сұңқар», «Қыран» тобын ортаға шақырамыз
- ( Толағай әні ойнап тұрады )
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Сайысымызға 2 топ: Қыран тобы, Сұңқар тобы қатысқалы отыр
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

І кезең: «Желаяқтар»

ІІ кезең «Жемістерді егіп кел де, жинап ал»
ІІІ кезең. «Кім жүйрік?»
ІҮ «Ойлан, тап!»
Ү «Кенгуру»
ҮІ кезең «Арқан тартыс»

Әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Аманбекова Айгүл

2.Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі - Ермағанбетова Әлия
3. Мектептің психологы - Исаева Әйгерім
4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Қуатбаев Жақия
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)

І кезең: «Желаяқтар»

Ойын шарты: Бірінші ойыншы бастапқы орыннан кедергілер арасымен межені жүгіріп айналып келіп, екінші ойыншыға қол беру. Келесі ойын осы бағытта жалғасын табады. Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді

Дене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс ТолағайДене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс Толағай

ІІ кезең «Жемістерді егіп кел де, жинап ал»
Шарты: Ойыншылардың алдында 2 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада жемістер болады. Белгі бойынша топбасшылар жемістерді шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол жемістерді жинайды, 3 - ойыншы егеді, 4 - ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.
Дене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс ТолағайДене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс Толағай
ІІІ кезең. «Кім жүйрік?»
Шарты: Кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

Дене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс Толағай-Дене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс Толағай
ІҮ «Ойлан, тап!»
Шарты: әр топқа екі картон қағазды беріп, сонымен жүріп өтіп, берілген тапсырманы орындау, яғни есептер шығару

Ү кезең «Кенгуру»

Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз доптың аяғыңның арасына қыса отырып секіру арқылы ойын залының арғы бұрышына жетіп қайта оралу.
Әділ - қазылар алқасы, бағаларыңыз!

Дене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс ТолағайДене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс Толағай

ҮІ кезең «Арқан тартыс»

Ойынның шарты; Екі топ арқаннның екі жағынна ұстап тұрып, белгі берген кезде тартады.Қай топ көбірек тартса, сол жеңімпаз болады.
Дене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс ТолағайДене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс Толағай
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
- Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!
Сайысымызды бас жүлдесін 110 ұпаймен «Сұңқар»тобы жеңді, құттықтаймыз!
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір оқушыға алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!

Дене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс Толағай

«Ә.Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Толағай»

спорттық сайысы

Дене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс Толағай

Сынып жетекшісі: Жумакалыева З.


2015-2016 оқу жылы







Кері қайтуДене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс Толағай

«Ерлікті таба білу, ерді тани білу» туры (ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу) 1 Керей хан - Болат сұлтанның ұлы 5 Тәуекел хан - Шығай ханның ұлы 2 Жәнібек хан - Барақ ханның ұлы 6 Есім хан - Шығай ханның ұлы 3 Қасым хан - Әз Жәнібектің ұлы 7 Жәңгір хан - Есім ханның ұлы 4 Хақназар хан - Қасым ханның ұлы 8 Әз-Тәуке хан - Салқам Жәңгірдің ұлы «Ерлік - ел есінде» туры (қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны (ескерткіштер). Керей мен Жәнібек ескерткіші, Астана қаласы, 2010 жылы ашылды. Авторы астаналық жас мүсінші Ринат Әбенов. Ескерткіштің ұшар басына дейінгі жалпы биіктігі - 12 метр. Орналасқан жері - ҚР алғашқы президенті Н.Назарбаевтың мұражайының алаңында. Сұрақ: Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада ашылды? Ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған. Ескерткіштің биіктігі 3 м. Мұхамед Хайдар Дулати - көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист. М.Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы. Сұрақ: Бұл ескерткіш Тараз қаласында 1998 жылы көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицисттің 500 жылдығына арналып салынған. Петропавл қаласындағы Абылай ханның резиденциясы қазақ халқының ұлттық тарихының ескерткіші болып саналады. Кешеннің құрамына бір қабатты ағаш үйлер, канцелярия, келіп-кетушілерге арналған үй, монша, шаруашылық құрылыстары кіреді. Сұрақ: Петропавл қаласында қай ханның резиденциясы орналасқан? Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі 1385 по 1405 жылдар аралығында салынған архитектуралық ғимарат. Кесенеде Қожа Ахмет Ясауиден басқа ұлы қазақ хандарының - Абылай хан, Бөгенбай батыр, т.б. 300 жуық әйгілі адамдардың бейіттері сақталған. Кесене сол кездегі билеуші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған. Сұрақ: Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі қай билеушінің бұйрығымен тұрғызылған? Орталық Қазақстанның Ұлытау ауданы ежелден көшпелі тайпалар басшыларының сүйікті мекені болған. Осы маң Жошы хан және оның ұлдарының еншісі болған. Жошы хан кесенесі (1228-1230) Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында, Жезқазғанның солтүстік шығысынан 55 км қашықтықта орналасқан. Автор, салушы және пайда болу тарихы белгісіз. Жергілікті халықтың арасында дәл осы маңда құпия жағдайда 1227 жылы аң аулап жүріп, Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан қайтыс болған деген әңгіме сақталған. Сұрақ: Бұл кесене 1228-1230 жж Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында, Жезқазғанның солтүстік шығысынан 55 км қашықтықта орналасқан (жергілікті халықтың арасында дәл осы маңда құпия жағдайда 1227 жылы аң аулап жүріп ….хан қайтыс болған деген әңгіме сақталған). Есет батыр кесенесі қазақ халқының біртуар ұлы, халық батыры Есет Көкеұлы бейітіне салынған бірден бір көркемді ескерткіш. Ол Ақтөбе қаласынан 44 шақырым жерде Бестамақ ауылында орналасқан. Есет батыр 82 жасында 1749 жылы қайтыс болды. Бестамақ ауылының төбесі, Елек өзенінің бойында Ақтөбе қаласының оңтүстік-шығысында 35 шақырымдық жерде жерленген. Бұл төбешікке Есет Көкеұлына 1750 жылдары кесене тұрғызылған. 1979 жылы сол жердің жергілікті тұрғындары ұлы батырға ақ кірпіштен құлыптас орнатты. Алайда ақырында құлыптасты орнынан түсіруге бұйрық берілді. Бүгінгі күннің кесенесі 1992 жылы 325 жылдығын тойлауда салынған. Сұрақ: Бұл батырдың кесенесі Ақтөбе қаласынан 44 шақырым жерде Бестамақ ауылында орналасқан. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Мәдениет ауылының жанында биік төбешігінде қазақтың ұлы батырлары Қарасай мен Ағынтай жерленген. 17-ші ғасырда Есім ханның туы астында атақты Шапырашты Қарасай батыр мен Арғын Ағынтай батыр осы жерді жаулаушылардан қорғаған. Жоңғарларға қарсы қиын күресте Есім ханның әскерін он сегіз жасындағы Қарасай басқарды, ал Арғын Ағынтай оның көмекшісі мен адал досы болған. Бірге жүретін батырлар 48 жылдан астам уақыт бойы 200 астам рет қанаушыларға қарсы қанды шайқастарға қатысты. Олар екеуі Құлшынбай төбесінде жерленген. 1999 жылы 15 қазанда осы жерде алып мемориалдық ескерткіш ашылды. Батырларға арналған кесене Қазақстандағы барлық бірлік, достастық және ынтымақ нышаны болды. Сұрақ: Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Мәдениет ауылының жанында биік төбешігінде қазақтың екі ұлы батырлары жерленген. 1999 жылы осы батырларға алып мемориалдық ескерткіш ашылды. Бөгенбай батыр қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күрескер, XVIII ғасырда жоңгар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаган даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері. 2007 жылы Астана қаласында Бөгенбай батыр даңғылында «Бөгенбай батыр» ескерткіші ашылды. Ескерткіштің биіктігі 11,3 метр. Сұрақ: 2007 жылы Астана қаласында қай батырдың ескерткіші ашылды? Аңырақай шайқасына арналған ескерткіш 2001 жылы Шамалған ауылы, Алматы-Бішкек жолының 36-ы км шамасында шайқастың 270 жыл толуына орай орнатылды. Жоңғар шапқыншылығы заманында атамекенді жаудан қорғап, бабаларымыздың қан төккен жері осы еді. Сұрақ: Бұл ескерткіш 2001 жылы Шамалған ауылы, Алматы-Бішкек жолының 36-ы км шамасында қай шайқастың 270 жыл толуына орай орнатылды? 1994 жылы 1 қаңтарда «Ордабасы» тарихи-мәдени ұлттық қорығы ашылды. Ол Шымкент қаласынан батысқа қарай 40 шақырым жерде Бадам өзенінің сол террасасында орналасқан. Ордабасы тауының шыңында монумент көрініп тұр, бұл сол батырлық жылдар жайында еске түсіретін 28 м биіктіктегі стела. Мемориал 2001 жылы ұлы құрылтайдың 275-жылдығының жылында және тәуелсіз Қазақстанның 10-жылдығының жылында құрылған. Осы жерде 1993 жылы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан президенттері келісімшартқа қол қойған трибуна орналасқан. Қазақ тарихында 1723-1725 жылдардағы жоңғар шапқыншылығы «Ақтабан шұбырынды» деп аталған, қазақ халқы үшін осындай киелі жер ретінде Ордабасы болып саналады. Сұрақ: 1994 жылы Шымкент қаласынан батысқа қарай 40 шақырым жерде Бадам өзенінің сол террасасында батырлық жылдарды еске түсіретін 28 м биіктіктегі стеласы бар қандай тарихи-мәдени ұлттық қорық ашыды? Наурызбай Құтпанбетұлы жоңғарларға қарсы күрескен батыр. Шапырашты Наурызбай батырдың 2006 жылы 300 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Қарасай ауданының аумағындағы биік төбе басына ескерткіш орнатылды. Алыстан менмұндалап, ерлік пен өрлікке, бірлік пен берекеге шақырып тұрған алып ескерткіштің ашылуына елбасымыз Н.Назарбаев арнайы келген. Сұрақ: Жоңғарларға қарсы күрескен бұл батырдың 2006 жылы 300 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Қарасай ауданының аумағындағы биік төбе басына ескерткіш орнатылды. Қабанбай батыр белгілі қазақ қолбасшысы, айбынды жауынгер, оның шын есімі Ерасыл. Ол жоңғарларға қарсы күресте атағы шығып, Абылай ханның ту ұстаушыларының бірі болған. Ескерткіш 2009 жылы Талдықорған қаласында орнатылды. Ескерткіштің биіктігі 5 метр. Сұрақ: Жоңғарларға қарсы күресте атағы шығып, Абылай ханның ту ұстаушыларының бірі болған батырдың ескерткіш 2009 жылы Талдықорған қаласында орнатылды. Алматы қаласында 2012 жылы Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының бүтіндігі үшін шайқасқан тарихи тұлға Райымбек батырдың 12 метрлік ескерткіші ашылды. Сұрақ: Алматы қаласында 2012 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының бүтіндігі үшін шайқасқан батырдың 12 метрлік ескерткіші ашылды. Қарағанды облысында 2014 жылы атақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жырау Қалқаманұлының еңселі ескерткіші бой көтерді. Кешегі балапан басымен тұрымтай тұсымен кеткен жаугершлік заманда Бұқар хан Абылайға жол көрсетіп, ақылшы болған. Қазақ халқының арман-тілегін арқалап, ынтымақ-бірлігін көксеген. Кемел ойдың кемеңгері атанған көмекей жыраудың тұғырлы ескерткіші Бұхар жырау ауданында бой көтерді. Сұрақ: Қарағанды облысында 2014 жылы атақты Абылай ханның ақылшысы қай жыраудың еңселі ескерткіші бой көтерді? Сөзжұмбақ « Қатаған қырғыны» Ә Б І Л Қ А Й Ы Р А Й Ғ Ы Р Ж А Р Ж Е Т І С У Т А Ш К Е Н Т М А Р Ғ А С Қ А И Р А Н Е С Е Н Б Е Р Л И Н Ө Т Е М І С Қ А Ж Ы Б Ұ Қ А Р Ж Ы Р А У О Р Ж Е Т І Ж А Р Ғ Ы О Т Ы Р А Р А Н Н А Б Ұ Р Ы Н Д Ы Қ Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған хан (Әбілқайыр). Алғашқы қазақ - Бұхар соғысы қай жерде болды? (Айғыржар) Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған жер (Жетісу). Тұрсын хан астанасы етіп жариялааған қала (Ташкент). Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жазған жырау (Марғасқа). 1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет (Иран). «Көшпенділер» трилогиясының авторы? (Есенберлин) «Шыңғыснама» тарихи шығармасының авторы (Өтеміс қажы). Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам (Бұқар жырау). 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс(Ор). Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз осы кезден қалса керек. Осы Күлтөбенің басында күнде кеңес болған кезде қандай заңдар жинағы жасалды? (Жеті жарғы). Тәуекел хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалалардың бірін басып алады? (Отырар). Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша (Анна Иоанновна). Жәнібек пен Керей хандардан кейін хан тағына отырған Керейдің ұлы (Бұрындық). «Ата-баба мұрасы - сарқылмайтын қазына» туры (жыраулар туындыларын табу) «Қырында киік жайлаған…» толғауының авторы кім? A) Бұқар В) Шалкиіз С) Асан қайғы Көтеш ақынның жас кезінде даңқын шығарған өлеңі қайсы? A) «Ал, айтамын, айтамын…» B) «Қоғалы көлдер, қом сулар…» C) «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің…» Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы жарық көрген жинақ қайсы? A) «Жақсы үгіт» B) «Садақ» C) «Үлгілі бала» Бұқар жырау бірнеше ханмен замандас болса да, солардың арасынан екі ханға ықылас танытқан. Олар кімдер? A) Тәуке хан мен Қасым хан B) Абылай хан мен Есім хан C) Абылай хан мен Тәуке хан Әйел, келін, қыздар туралы көптеген өлеңдер шығарған ақын кім? A) Көтеш ақын B) Шал ақын C) Тәтіқара ақын Төмендегі үзінді қай жыраудың шығармасынан алынған: «Әмірің қатты Есім хан, Бүлік салып бұйырдың, Басын бер деп батырдың…» A) Шалкиіз B) Марғасқа C) Жиембет «Ақсақ құлан» күйі (күй үнтаспасы тыңдалады, оқушылар күй атауын табу керек) - "Ақсақ құлан" күйі. Мойынқұм өңіріндегі Хан тауын Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан мекендегенін тарих растайды. Бұл өңір ол кездері құландардың мекені болған деседі. Бірде Жошы ханның еріккен баласы қасында адамдары бар аңға шығады. Аңшылар сай-саймен бөлініп кеткенде хан баласы бір топ құланның үстінен түседі. Топтың ішіндегі құланның жасамысы баланың жасаған айбарына қарамай (құландардың күйлеп жүрген кезі болса керек, қызғаныш туғызыпты) ат үстінен баланы шайнап, жұлып алып таптап, тепкілеп өлтіреді. Хан қаһарына мініп құлан біткенді қырамын деп ор қазып құландарды қамаған жер, құланды қырған ор «Ханның оры» атанады. Олардың сілемдері әлі жатыр. Аңыз әңгімелерде осы оқиғаға байланысты «Ақсақ құлан» күйін ХІІІ ғасырда өткен, атақты күйші Ершедегей деген адам шығарған екен. Қырылған құландардың сүйегі тау-тау болып үйілген жерді кейін Ақсүйек деп атайды. «Ерке сылқым» күйі - «Ерке сылқым» күйі - күйші Әбдімомын Желдібаевтың ел арасында кең танылған күйі. Күйдің шығу тарихи жөнінде күйші Түркістан газетіне берген сұхбатында былай дейді: «Бiз де бүгiнгi жастардай жiгiт болғанбыз. Бойдақтық өмiрдi бастан кештiк. Ауылдағы топ қыздардың арасынан жар таңдадық. Бұл күйдiң кейiпкерi өмiрде бар. Қайтейiн тағдыр бiздi бiр-бiрiмiзге қоспады. Соңғы рет кездескенде мен: "Бәрiбiр менiң саған деген махаббатымды ешкiм де өшiре алмайды" - деген едiм. Жас ұлғайып, шау тартты демесең ол ауылда аман-есен жүр. Көңiл шiркiн қартаймайды екен. Сол махаббатым қыз кезiнде қандай едi! "Толған айға" теңесем де, "ашылған гүлге" теңесем де сөзбен айтып жеткiзе алмайтын секiлдi болып, сенделiп ұзақ жүрдiм. Ақыры оны тек күйдiң жүрек қылын шертетiн әуенiмен ғана жеткiзуге болатынын сездiм. Сол сезiм жанымды жаулап алды. "Ерке сылқымның" әуенiн тапқанша 20 жыл уақытым кеттi". «Ел айырылған» күйі - «Ел айырылған» - халық күйі. 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы кезінде болған «Ақтабан шұбырынды» ел босып жүрген кезінде, халық күйшілері домбыраның көмейінен «Ел айырылған» күйін күңіренткен. Қайғыға толы, орташа екпінде орындалатын күй. «Балбырауын» күйі - Құрманғазының "Балбырауын" күйі ауыл жастарының ойын сауығына арналған. Исатай көтерілісінің басылған кезеңінде қынжылу нәтижесінде туған «Кішкентайдан» кейін күйші уайым теңізіне бата бермей, онсыз да еңсесі басылып, шаршап отырған халықтың көңілін көтеріп, болашақтан үмітсыз емес екенін күй тілімен айтып бергісі келгендей «Балбырауын» күйін шығарған. «Елім-ай» қазақ халқының әнін тыңдау: жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-1725) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, боскан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. Ол соңғы кездерге дейін "халық өлеңі" деп танылып келді. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы - Қожаберген жырау Толыбайұлы делінеді. Бағалау. Қорытындылау. Жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағазымен марапаттау. «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн» Н.Ә.Назарбаев. Презентацияны жүктеу дереккөзі

Дереккөзі: zharar.com/kz/tarbie/5632-sagat_550.html#utm_source=read?Like
© wwwСабақ тақырыбы: «Тарих- ғасырлар куәсі» (сайыс кеші) Сайыстың мақсаты: Білімділік: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру; Тәрбиелілік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу; Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу. Сабақтың түрі: қайталау, қорыту сабағы Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу («Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері, Қазақстан еліндегі батырларға арналған ескерткіштердің фото суреттері, халық күйлерінің жазбалары) Сайыстың барысы: Құрметті, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тарих-ғасырлар куәсі». Сабақ қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған сайыс кеші түрінде өткізіледі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады? (Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы). 2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады? (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы). «Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады. 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды. Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Тарих-ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымызды бастайық. Сынып 2 топқа бөлінеді: І-топ «Керей тобы», ІІ-топ «Жәнібек тобы». Сайыс соңында жеңімпаз топ мақтау грамотасымен марапатталады. Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін: 1.Бекмаганбетов Даньяр Зайдоллаұлы - тарих пәнінің мұғалімі 2.Хасенов Тлеужан Юрьевич- тарих пәнінің мұғалімі ВИДЕОРОЛИК «Қазақ елі» Сайыс барысы: «Толған ел тарихын таспен жазады, Тозған ел тарихын жаспен жазады» туры (тарихтан сұрақтар) І. Қазақ хандығының құрылуы: Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай жаңа мемлекеттер құрылды? А) Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы

Дереккөзі: zharar.com/kz/tarbie/5632-sagat_550.html#utm_source=read?Like
© ZHARAR.com.ZHARAR.com

Қазақша шығарма: Қазақ хандығына 550 жыл Жоспар Кіріспе 1. Қазақ хандығының құрылуы Негізгі бөлім 1. Қазақ хандығының алғашқы басшылары (хандары) 2. Қазақ хандығына 550 жыл! 3. Қазақ хандығынан кейінгі қазіргі Қазақстан Қорытынды Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды. Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Сыр өңірі мен Қаратау - қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды. Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады. 16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды. Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. 16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтірді. Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. МСондықтан ол қанға қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады. 16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталыпы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті. Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды. 1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді. 17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашарлады. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді. 1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Феодалдық салт көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды Қазақ поэзиясының бұл кезеңдегі аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет, Ақтамберді (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.
Қазақша Тәрбие сағат: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің тұңғыш президентім) Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Салтанат Тәрбие сағат тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім Тәрбие сағат мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу; Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» 1 желтоқсан -Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты. Біздің Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді Қ.Аманжолов: Қазақстан дейтін менің бар елім . Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далада жылап келіп, уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанған Бұл далада өскен жанда жоқ арман! 1-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. 2-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург -жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. 3-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. 4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 7-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов. 8-оқушы: Шаңырақ -Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар -үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. 9-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған -суретші Шәкен Ниязбеков. 10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді. Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп. Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет. Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт-береке болшы бір елге келген. Өз туы, елтаңба, әнұраны бар Айтыңдаршы, енді елім кем де неден? 11-оқушы: 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР -ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. «Ата Заң» Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің. Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз. Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды. Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға: "Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!" Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, Бізде 30 тамыз - Ата Заңның күні бұл. Ермек Өтетілеуұлы. 12-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. Ән: "Астана - бас қала" 14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, "Менің Қазақстаным" жер жүзіне таралды. (Әнұран айтылады) 15-оқушы: «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы - Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік! 16-оқушы: Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз. 17-оқушы: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! 18-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз. Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар. Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов) Ән: «Жаса Қазақстан!»

Дереккөзі: zharar.com/kz/tarbie/323-president.html#at_pco=smlwn-1.0&at_si=56546909b5e7de96&at_ab=per-2&at_pos=0&at_tot=1?Like
© ZHARAR.com
Дереккөзі: zharar.com/kz/shygarma/5877-jospar_550.html?Like
© w

ww.ZHARAR.comДене шынықтыру сабағынан спорттық сайыс Толағай



© 2010-2022