Бұл қай кезде болады? Дыбыстар мен әріптер (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: ана тілі Пән мұғалімі: Шыныбекова У

Сыныбы: 1 Күні: 13.01.2015 ж Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады? Дыбыстар мен әріптер. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өлеңді дұрыс, мәнерлеп оқуын және жазуын жетілдіре отырып, дыбыс және әріп туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы:

  1. Бағдарлау-мотивациялық кезең.
  2. Операционалдық-орындаушылық кезең.
11-жаттығу:
  1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
Аяз қысып, Өрнек сызып Терезені торлайды Қарға омбығып Бет домбығып Сырғанап жастар ойнайды
  1. Оқушылардың оқуы.
  2. Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар:
  • Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?
  • Автор қыс мезгілін, боранды неге теңеген?
  • Осы өлеңді алдыңғы сабақта өткен Ж.Аймауытовтың «Қыс» өлеңімен салыстыр.
  • Өрнек, жас, бет, қай сөздерінің бір дыбысын өзгерту арқылы бірнеше сөз жаса.
  • Аяз, боран, қар сөздерін қатыстырып сөйлем құрыңдар.
12, 13-жаттығулар. Жұмбақты оқы, шешуін тап. Мүлгіп тұрған бақ тыныш Ораныпты ақ күміс. (қырау) Жұмбақтың шешуін жаз. Ол сөзде неше дыбыс, неше әріп бар? Суреттегілердің аттарын жаз. Бұл қай кезде болады? Дыбыстар мен әріптер (1 сынып)Бұл қай кезде болады? Дыбыстар мен әріптер (1 сынып)Бұл қай кезде болады? Дыбыстар мен әріптер (1 сынып)





Торғай сөзіндегі әріптерді пайдаланып, бірнеше сөз жазып көр. Үлгі: жолбарыс - жол, бор, барыс, ырыс, сабыр, жоба.
  1. Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
    1. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
    2. Дыбысқа тән белгі қандай?
    3. Берілген сөздерде қанша дыбыс, қанша әріп бар екенін айт. Көгершін, қызғалдақ, қоян, лақ, дала, раушан.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 10-бет оқу, 11-бет 12-жаттығу

© 2010-2022