Дүниетану Жануарлар (2 б сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Жануарлар қалай қоректенеді?
Мақсаты:
  1. Жануарлардың немен, қалай қоректенетінімен таныстыра отырып, жануарлар түрлері туралы ақпарат алуға үйрету.
  2. Тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысы туралы білімдерін жетілдіру; оқушылардың экологиялық білімдерін, дүниетанымдарын дамыту.
  3. Табиғатты қорғауға және оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: топпен жұмыс Сабақтың типі:Жаңа ұғым беру Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,өздік жұмыс,талдау ,жинақтау Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақтада жазылған тапсырмалар(флипчарт), үлестірме материалдар, жануарлардың атрибут-суреттері.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.(деректі фильм) ІІ. Өткен материалды қайталау. Үй тапсырмасын сұрау.
  1. 1-топ. Жануарларға ауа қажет екенін дәлелдеу.
2-топ. Жануарларға жылу мен жарық қажет екенін дәлелдеп айту. 3-топ. Жануарлар үшін судың қажеттілігіне дәлел келтіру
  1. ,,Оқы да біл,, Жануарлар туралы қызықты деректер

ІІІ. Жаңа тақырып.

1.Мәтін мазмұнымен таныстыру.

-Мұғалімнің оқуы.«Түртіп алу»стратегиясы

-Оқушылардың тізбектей оқуы

2.Сөздік жұмысы

Қабықжегі- ағаштың қабығын, өзегін кеміретін ұсақ қоңыз

Дүниетану Жануарлар (2 б сынып)Дүниетану Жануарлар (2 б сынып)Дүниетану Жануарлар (2 б сынып)

Ағашжегі - түн көбелектерінің бір тұқымдасы. Дене тұрқы кішкентай, қанатының жайылғандағы ұзындығы 23 - 85 мм.

Дүниетану Жануарлар (2 б сынып)

Тоқалтіс- кеміргіштер отряды ,атжалмандар тұқымдасына жататын тышқан

Дене тұрқы 90 - 115 мм, салмағы 32 - 35 г.

Дүниетану Жануарлар (2 б сынып)Дүниетану Жануарлар (2 б сынып) 3.Сергіту сәті. «Шырша» қимыл жаттығуы



4.Жұмбақ шешу арқылы топтарға тапсырмалар беріледі: Жаз бойы орман кезеді, Екі басы жұдырықтай, Жеміс-жидек тереді. Ортасы қылдырықтай (Құмырсқа) Апан -оның іні Қысқы ермегі-ұйқы (Аю) Тоқылдатып мазаны ап , Ағаштарды тазалап. Ормандарды емдейді, Зиянкесті жазалап. (Тоқылдақ)

-Мәтінді оқу,кестені толтыру

Зерттеу обьектісі

сипаттамасы

тобы

Тіршілік ортасы,мекені

қорегі

пайдасы

зияны


Кестені жұптасып толтырады,топпен толықтырады,қорғайды.

Қорытынды:Жануарларға тіршілік етуі үшін азық қажет

Экологиялық есептер:

1.Бір илеудің құмырсқалары 1тәулікте 20мың зиянкес жәндіктерді құртады. Ал үш тәулікте қанша зиянкестерді құртады?

2. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктер мен тышқандарды жейтін болса, 1 аптада қанша зиянкестерді жей алады?

3.Бұлан қыс уақытында тәулігіне 12кг шөп жейді екен. 2 бұланға тәулігіне неше кг шөп керек?

4.Ең ірі тоқылдақтың денесінің ұзындығы 50см. Осындай 3 тоқылдақ денесінің ұзындығы қанша болады?

5.Ақ аюдың дене тұрқы 3м, салмағы 1000кг дейін жетеді..Осындай 2 аюдың салмағы қанша болады?

6.Тоқалтістер аязды күндері ұйықтайды. Сондықтан олар қоректі көп жинайды. Кейбір індерде 4кг дейін дән жиналады. Осындай 3 інде неше кг дән болады?

Үй тапсырмасы: 59-60бет, Бұлан мен түлкі туралы деректі кестеге салу

Бағалау.Топ басшыларының бағасы,қорытынды баға

«Таиғатты аялайық» бейне фильм көрсетіледі

Ашық сабақтан көрініс

Дүниетану Жануарлар (2 б сынып)

Топпен жұмыс

Дүниетану Жануарлар (2 б сынып)

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Дүниетану пәнінін өткізілген ашық

сабақ жоспары

Тақырыбы: «Жануарлар қалай коректенеді?»

Өткізген:Елубаева М.С.



Ақсу -2013ж



© 2010-2022