Флипчарт сабақ Саттар Ерубаев 8 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Саттар Ерубаев

Сабақтың мақсаты: Саттар Ерубаев туралы білімдерін толықтыру, сұрақтарға жауап беру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру, тілдерн дамыту.

Сабақтың түрі: жеке және жұптық жұмыс

Сабақтың әдес - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, жаттығу, талдау, тіл дамыту баяндау

Сабақтың көрнекілігі: инт. тақта, кластер, бес жол өлеңі, СТО, Бум таксономиясының элементтері, тест жұмысы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Оларға сұрақ қоямын:

  1. Қазір қай мезгіл?

  2. Қыста ауа райы қандай болады?

  3. Қыс айларын атаңдар?

  4. Бүгін қай күн?

  5. Балалар, қаңтар айынан кейін қандай ай?

  • Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, айтыңдаршы ақпан айында қандай мереке бар

Ынтымақтастық атмосферасын құру, оқушыларды сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап /диалогтік оқыту/

Мұғалім оқушыларға өткен тараулар бойынша сұрақтар қояды

Оқушылар мұғалімге жауап береді. Бір-бірін толықтырады

ІІІ. Жаңа сабақ. Оқушылар жұппен отырады. Оқушыларға екі ақ парақ пен гүл жапырақшаларын беремін. Олар әр тапсырманы орындап болған соң, гүл жапырақшаларын жапсырып отырады. Сабақ аяғында ол гүлді өз жұбына сыйлайды.

  1. Түсіндіру

- Балалар, біз бүгін сіздермен қандай тақырыппен жұмыс жасаймыз?

Оқушылар ролике қарап отырып, сабақтың тақырыбын шешеді

Саттар Ерубаев туралы қысқаша мағұлмат айтамын, оқушылар өз білгендері болса толықтырады өзара диалог құрылады.



  1. Зертттеу

Балалар, сіздер тақтадан мәтінді оқисыздар, оқи отыра сұрақтар құрасыздар

Оқушылар мұқият тыңдайды, мәтінді оқиды,сұрақты жұппен құрады, болған соң әр жұп өз сұрақтарын оқиды, қалған жұптар жауап береді

Қысқаша өмірбаяны:

Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданыныда дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген.

1927 жылы Түркістан ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының жоғары оқу орнында даярлау курсын,Ленинградтағы философия және тарих институтын бітіреді. «Лениншіл жас» және «Ленинская смена» газетінің әдебиет бөлімдерін басқарды. «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары әрі Алматы жоғары ауылшаруашылық мектебі философия кафедрасының ассистенті болды.

1934-35 жылдары «Қарағанды поолетариаты» газеті редакторының орынбасары. 1935 жылы Ленинград университетінің аспирантурасына түсті. 1936 жылдың қыркүйегіннен ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. 1932 жылы «Тракторшы Камалдың жыры», «Үш шахтер туралы баллада» деген жырлары жарық көрді. Аудармада; К.Чуковскийдің «Сарыарқаның ерлері», Ю.Березиннің «Сексенбайдың қысқаша тарихы», А. Сурковтың «Бір қатарда» атты туындыларын, жапон жазушысы Си Китидің «Қол соқпаған адам», И.Еренбургтің «Австрия таулары» атты туындыларын қазақша сөйлетті. Өз шығармалары 1957 жылы орыс тілінде жарық көрді, ал 1966 жылы тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алды.

С Ерубаев 1937 жылы Алматы қаласында қызмет бабында жүргенде ауыр науқастан қайтыс болды..



  1. Талдау

Сатылай кешенді талдау жасау

Оқушылар тақтадағы тапсырмаларды орындайды, дәптерлеріне жазып отырады

- Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса

Түркістан, қызмет

- Көп нүктенің орнына тиісті жалғау жалға, өзіңді тексер

Қарағанды қаласын... Саттар Ерубаев көше...... бар. Биыл қала... жылдығын тойладық. Біз сабақ... Саттар Ерубаевтың шығармалары... таныстық.

- Адасқан сөздерді тап, сөйемді дұрыс құра

Қазақ сөйлейміз сабағында біз қазақша. берді Мұғалім тапсырма бізге.

жақсы аламын Мен тек сабақта бағалар.

  1. Қорғау

Әр жұпқа А4 форматты қағаз таратамын тапсырманы жеке орындатамын

Балалар, өздерінің жасаған тапсырмаларын қорғауларын сұраймын

Оқушылар жұппен шығып, өздері орындаған жұмыстарының мазмұнын ашып, жалпы сыныпқа түсіндіреді

Тапсырма: Сөйлемдерді жай сөйлем түрлеріне ажырат.

Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданыныда дүниеге келді.

1934-35 жылдары «Қарағанды поолетариаты» газеті редакторының орынбасары. Өз шығармалары 1957 жылы орыс тілінде жарық көрді, ал 1966 жылы тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алды.


  1. Қорытынды Тест сұрақтарына жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды.

IV. Сабақты бекіту. Жұптар бір біріне тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді. V. Үйге тапсырма. VІ. Рефлексия. Бағалау.













© 2010-2022