Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағы

Мектеп: Мерзімі:

Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Еңбексүйгіштік, сыпайылық,

Мұғалім: Сынып:3 Оқушылар саны:

Мақсаты: «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін шешу.

Міндеттері:

  • Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндір;

  • Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;

  • Өнерпаздыққа,өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Ресурстар:

2.Үй тапсырмасын тексеру: Қ.Қайымбаевтің «Ақын деген кім?» атты мәтінін сұрау.

  1. Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  2. Өздерің қандай өнер түрін қалар едіңдер?

  3. Қандай өнерлерің бар?

Сабақтың барысын талқылау:

3.Әңгімелесу (сұхбат): Өнерліге өлім жоқ

Ертегі

  1. Ханның қандай өнері бар екен?

  2. Уәзір әлгі дәулерге не деді?

  3. Сендер ханның орнында болсандар не істер едіңдер?

4.Дәйек сөз:

Адамның сәні-өнер, білім, ақылы.

Халық мақалы

  1. Осы дәйек сөзден не түсіндіңдер?

2.Өнер, білім, ақыл жайында қандай ұлы сөздер немесе мақал-мәтелдер білесіңдер?

5.Шығармашылық жұмыс:

6.Топпен ән айту:


7.Үй тапсырмасын беру: Жиренше шешен мен Қарашаш сұл

Аңыз

8.Бағалау: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқшыларға рахмет!



© 2010-2022