Поурочный план 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сабақ Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Қазақстан туы. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: оқушының бұрынға алған білімін тереңдетуіне, бір-бірінің жауабын толықтыру арқылы ізденімпаздықпен жұмыс жасауына жағдай жасау. Дамытушылық мақсаты: баланың сөйлеу мәдениетін, ойын дамыта отырып, дәлелді сөйлеуге үйрету. Бейнелі сөздерге көңілдерін аудара отырып, дұрыс қолдануға бейімдеу. Тәрбиелік мақсаты: сабақ барысында бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу. Қолданылатын стратегиялар: «Білемін», «Білгім келеді», «Не үйрендім?»

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Қызығушылығын ояту. Оқушылармен «Білемін, Білгім келеді, Не үйрендім?» стратегиялары арқылы жұмыс жүргізу. Осы мақсатта кестенің бірінші бөлімі толтырылады. Әр оқушы «Мен Қазақстан жайлы не білемін?» деген сұраққа жауап беріп, жауаптарын жазады.

Білемін

Білгім келеді

Не үйрендім?

Егеменді ел, тәуелсіз.

Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Президенті бар. Жергілікті халық қазақтар. Басқа ұлт өкілдері де тұрады. Мысалы, орыс, ұйғыр, татар, т.б. Жері үлкен елтаңбасы, туы, астанасы, әнұраны және конституциясы бар. Жер көлеміі қанша? Тудың ені мен үзындығы қандай? Тудың авторы кім? Елтаңбаның авторы кім?

ІІ. Мағынаны тану. І, ІІ бөлім толықтырылған соң оқушыларға Қазақстан және Қазақстан туы жайлы жазылған мәиіндер оқылады. Бұл жерде оқушыларға қосымша жаңа мағлұмат беріледі.

  • Шәкен Ниязбеков ұсынған жоба негізінде жасалған. Туымыздаға Күн
бейнесі - нағыз өмір символы, «Көгімде күнім сөнбесін» деген тілеу. Ал тудағы бүркіт бейнесі - тәуелсздік алып, қанатына қодағмн қазақ елінің әлемдік өркениет биігіне ұмтылуы. Төл туды даралап тұрған тағы бір белгі алтын жолақ -қошқар мүйіз оюы.
Оқушыларға мәтінді өздеріне тізбектей оқыту. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алынады. ІІІ. Ой толғаныс. «Елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы» деген мақалдың мағынасын ашу. «Нені үйрендім?» бөлімін толықтыру. ҮІ. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Өлеңді жаттап алу. ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.


© 2010-2022