Қазақ тілі пәні. Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Мақсаттары:

  • Оқушылардың қосымшаның түрлері жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау. Жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөздің пайда болуы туралы түсінік беру;

  • Сөздік қорын, тіл байлықарын, есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін дамыту, дүниетанымын кеңейту;

  • Оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

  1. Психологиялық дайындық. Сабақтың ұраны:
    Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан!

  • Балалар, ұранымызда айтылғандай бүгінгі сабақта әрқайсысымыз өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік.

  • Олай болса, білім сайысына түсу үшін топтарға бөлінейік.

Слайд -1

І топ - «Түбір» тобы

ІІ топ - «Жұрнақ» тобы

ІІІ топ - «Жалғау» тобы

  • Мына себетте қызғалдақтар мен сарғалдақтарды сіздерге арнап жинап келдім. Әрбір дұрыс жауап үшін гүл беріп отырамын. Қай топ гүлді көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді. Сіздерге сәттілік тілеймін!

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Слайд -2

Сөзжұмбақ шешу. Слайд -3

ж

а

з

е

л

т

а

ң

б

а

л

а

қ

ж

а

ң

ғ

а

қ

а

с

х

а

н

а

у

ы

қ



Төрт мезгілдің бірі.

  1. Рәміздің бірі.

  2. Ешкінің төлі.

  3. Тиіннің қорегі

  4. Тамақтанатын орын.

  5. Киіз үй бөлігі.

ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

Тапсырма: Слайд -4

Бұлттың астында қалған жалғауларды жалғап жаз:

ты

геАғаш

пенГүл

ніңКүшік

ді

қаКүн

Мысық

Доп

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе

Слайд -5. Суретпен жұмыс.

Құрылысшы, суретші, ұшқыш.

  • Бүгінгі сабақта жұрнақ пен жалғау туралы білім алуды жалғастырамыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Слайд -6

Бүркіт Слайд -7

Осы бүркіт сөзіне қосымша қосып көрейікші:

Бүркітші

Бүркітті

Бүркіт-пен

Бүркіт-тер

  • Бүркітші деген сөз нені білдіреді?

  • Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді.

  • Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа мағынаны білдірді. Яяғни қосымша жалғау арқылы жаңа сөз пайда болды.

  • Ал, енді басқа қосымша жалғап көрейік:

Бүркіт-пен. Мысалы аңды бүркіт-пен аулайды.

Демек қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады екен.

ІІІ. Жаңа сабақ.

(Оқулықпен, дәптермен жұмыс)

Слайд - 8. 1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді табу.

«Жақсы оқимын» деп едім,

Жет-тім осы серт-ке мен.

Жатта-п Жамбыл өлең-ін,

Ал-дым баға «төрт» деген. 4 санына байланысты ырым

Слайд - 9. 2-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын белгілеу.

Түс-і аппақ қар-дай,

Тәтті-лігі бал-дай. (қант) Қант туралы қысқаша мәлімет.

Өз-і су-да өс-еді,

Су-ға қайна-п піс-еді. (күріш) Күріштуралы қысқаша мәлімет.

3-жаттығу. Мәтінді оқып, қосымшалы сөздерді теріп жазу.

Заман-да, аққу-лар, көл-де, орман-да, күнелт-іпті, ұш-қан, жүгір-ген, аққу-дың, көрк-іне, қызығ-ыпы, аққу-ды, адал-дығы, ақыл-дылығы, сый-лапты, ал-дында, бас-тарын.

Сергіту жаттығуы

4-жаттығу. Берілген сөздерді құрамына қарай бөліп, сызбамен жазу.

  1. Бақыт-ты, адал-дық, сый-лық, көңіл-ді, жақсы-лық.

  2. Үй-ге, ел-де, ауыл-дың, көше-мен.

Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

Слайд - 10. Қазір мен оқитын жұмбақтардың шешуін тауып, сол сөздердің құрамына қарай талдауларың қажет:

  1. Бойлаған сайын тереңге,

Шығасың биік белеске. (білім)

  1. Есіктен кіреді,

Төрге қарай жүреді. (суық)!

  1. Сақалы жоқ, шашы бар,

Бет-аузы жоқ, басы бар.

Белін бекем байлаған,

Қоқысты қоймай айдаған. (сыпырғыш)

Жұмбақты шешкен оқушы тақтаға жазып, сол сөзді талдайды.

  • Сонымен қосымша туралы алған білімдеріңіз естеріңе түсті ме?

Түбір сөз дегеніміз не?

Қосымша дегеніміз не?

Түбір дегеніміз не?

Жалғау дегеніміз не?

VІІ. Білімді бекіту кезеңі.

Ойын: «Алма жинау» Шарты:

Алма ағашының суреті, оның бетіне тапсырма жазылған алмалардың суреттері ілінеді. Екі оқушы тақтаға шығып, жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді себетке жинайды. Осы сөздердің байланысқан сөз екенін анықтайды.

VІ. Қорытынды:

  • Сабағымызды қорытындылау үшін қазір мен сендерге топтамалар беремін, ондағы сөздерді оқып, құрамына қарай таулдау жасайсыңдар.

Балапан.

Өрмекші.

Суретші.

Қыста.

Оқуды.

Алманы.

Қағазға.

Айна.

Орындық.

Өнерлі.

ІІІ. Үйге тапсырма. 5-жаттығу. 124-жаттығу.

Бағалау Тексердім....................



© 2010-2022