Әдеп алтын сабырың, Жетелейтін мұратқа Ашық тәрбие сағаты 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кабдулхахова Бибігүл Ерсайынқызы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Абай атындағы жалпы орта мектебі

Ашық тәрбие сағаты 3 сынып

Тақырыбы:

«Әдеп алтын сабырың.

Жетелейтін мұратқа»

Жалпы мақсат:

Оқушыларға әдептілік туралы түсінік беру.Әдептілік ережелерімен таныстыру.Адамгершілік асыл қасиеттерді оқушы бойында қалыптастыра білуге ықпал ету. Әдептілікке тәрбиелеу.

Нәтижесі:

1.Әдептілік сөзінің мағынасын ашады.

2. Әдептілік ережелерімен танысады, біледі.

3. Мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер мағынасын ашып, түсінеді.

4.Әдептілік ережелерін сақтай білуге үйренеді.

Қолданылған модульдер, әдіс-тәсілдер:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, Талантты және дарынды балаларды оқыту,

Блум таксономиясы.

Қолданылатын материалдар:

Power Point презентациялар ,слайд, мақалдар кеспесі салынған конверттер, суреттер, маркерлер, стикерлер, сөзжұмбақ, өлеңдер, сызбалар, топ ережесі, топтық жұмысқа арналған бетшелер

Сілтеме:

Журналдар, интернет материалдары.

Сабақтың

кезеңдері

Мұғалімніңіс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті



Білу


Түсіну

Қолдану

Психологиялық дайындық

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін айту.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Топқа бөлу

1 топ: «Талап»

2 топ: «Еңбек»

3 топ: «Қанағат»

4 топ: «Рақым»

«Ой қозғау»

Сөзжұмбақ шешу

Сұрақтары:

  1. Әкеңнің анасы саған кім болады? (Әже)

  2. Ашу -дұшпан, ақыл- .... (дос)

  3. Кімге қарап ұл өсер? (әкеге)

  4. Үйдегі сенен үлкен қыз бала. (апа)

  5. Абай ата айтқан 5 асыл істің бірі. (талап)

  6. Оқу - ..... бұлағы. (білім)

  7. Балаларға алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

  8. Қандай сөз өрге баспайды? (өтірік )

  9. Не ер атандырады? (еңбек)

«Миға шабуыл» әдісі

Сұрақ: Әдептілік деген не?

Әдептілікке нелер жатады?

«Әдептілік ережелері»

1. Иманды болу бұл -тек жақсылық жасау, жақсылық ойлау, адам баласын, айналаны, табиғатты сыйлай білу. Ашуланбау, өсек айтпау, артық сөз сөйлемеу, тек пайдалы сөзді айту. Иманды болу - адамгершілік парыз.
2. Әдепті болу бұл- қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала -арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Әдепті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы.
3. Ізетті болу бұл - үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру. Көпшілікті, бауырластарды, елді, ұлтты, жалпы адам баласын қадірлей білу. Ізеттілік- мәдени әрекеттің көркем көрінісі.
4. Қайырымды болу бұл- дам баласына, табиғатқа қамқорлықпен жақсылық жасау.Кемтарларға, жетім-жесірлерге қайырым жасау. Қайырымдылық- әдептілік негізі. Қазақ халқы-қайырымды халық.. Қайырымды болу ұлттық парыз.
5. Мейірімді болу бұл - адам баласына, табиғатқа мейір-шапағат көрсету. Адам баласының жақсылық жақтарын көріп, бағалай білу. Ата-ананың балаға, немереге деген мейірімділігі, оларды ерекше жақсы көруі.

6. Салауатты болу бұл - артық сөзден, ішімдіктен, темекі тартудан, құмар ойындарынан аулақ болу әрекетінің көркем көріністері. Жан тазалығы мен тән тазалығын сақтай білудің белгісі.

7. Білікті болу бұл - ғылыми, мәдени, әдеби құндылықтарды жан-жақты жақсы біліп, оны іс-әрекетке пайдалана білу қабілеті. Білгенін басқаларға үйрете білудің көрінісі. Көп оқып, көп үйренудің тұлғалық нәтижесі.

8. Қамқоршы болу бұл- адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасап, оларды қорғап, көмек көрсетудің әдепті көрінісі. Ата-ананың балаға, адамдардың бір-біріне, табиғатқа қамқорлығы әдеппен қалыптасып, адамгершіліктің биігінен көрінеді.

9. Сабырлы болу бұл -әрқашанда шыдамдылықты, байсалдылықты, төзімділікті, ақылдылықты сақтай білу үлгісі. «Сабыр түбі- сары алтын» деп, қазақ халқы ұрпағын сабырлы болуға тәрбиелейді. Сабырлы болу-әдептіліктің көркем көрінісі.

10. Жауапты болу бұл - әдептіліктің аса зор қажетті түрі. Әрбір адамның өзіне, өз әрекетіне, борышына, міндетіне, парызына жауапкершілікпен қарауы- әдептіліктің белгісі. Жауапкершілігі жоқ адамның адамгершілігі де жоқ.
11. Ұлтжанды болу бұл -адамның ең әуелі өз ана тілін, ұлтын сүюін, бүкіл адамзатты қадірлей білетінін көрсететін әдеп. Ұлтжанды болу - отансүйгіштіктің үлгілі белгісі.

12. Ұжымшыл болу бұл - Отанға ұйымдасып қызмет етудің көрінісі ұжымнан басталады Ұжымшыл болу - көпшілікті, халықты, жалпы адам баласын сыйлай білудің өнегелі үлгісі.

13. Іскер болу бұл - адамның іс- әрекеті шеберлігі мен әдептілігінің белгісі. Іскер болу біліктілікпен тығыз байланысты. Мәдениеттілік әрекет арқылы іскерлік пен шеберлік айқын танылады.

14. Намысты болу бұл - ұлттық намыс көркем өнерде, спортта, Отан қорғауда ерекше орын алып, жеңіске жетуге қозғаушы күш болады. Мейірімді, қайырымды, шебер, шешен, иманды, ер жүрек халықтың намысын қорғай білу - зор мақтаныш.

15. Перзенттік парызды өтеу - адамның Отан алдындағы, ата-ана алдындағы қасиетті міндеттері-перзенттік парыз деп аталады. Отанды қорғау, ата-ананы сыйлау, оларға қызмет ету білім алудан басталады.

16. Шыншыл болу бұл -әділеттілікті сақтай біліп, шындықты қорғау. «Өтірік өрге бастырмайды», «Міншіл болма, шыншыл бол» деп, халық ұрпағын шыншылдыққа тәрбиелеген. Өмірде, өнерде, әдебиетте шындықты танып, оны айта білу керек.

17. Өнерпаз болу бұл - өнерге құмарланып, оны үйрене білу. «Өнерпаз болсаң, арқалан» дейді Абай дана. «Өнерлі жігіт өрге озар» деп, халық ұрпағын өнерпаздыққа тәрбиелеген. Өнерпаз болу-әдептің беделді белгісі.
18. Ұқыпты болу бұл - адамның өз ісін ұқыптылықпен уақытында орындай білу, өз заттарына, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарап, жинақы, тиянақты болу. «Олақтан салақ жаман» деп халық ұрпағын ұқыптылыққа үйреткен.

19. Арлы болу, ұят сақтау. «Жаным-арымның садағасы» деп, қазақ халқы арын жанынан да артық көреді. Ар мен намыс бірлікте болып адамды мақсатқа жетуге жетелейді.Арды үміт пен сенім, еңбек мақсатына жеткізеді.

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз».

Әдеппенен бас иіп

Сәлем береміз!

Гимнді шырқайды.

Тренинг : «Менің жақсы қасиетім»

Оқушылар топқа бөлінеді

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сөзжұмбақты шешеді.

«Әдептілік» сөзін шығарып алады.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушылар әдептілікке нелер жататынын тізбектеп айтып шығады.

Оқушылар жеке-жеке әдептілік ережелерін айтып шығады.

Есте сақтайды.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» әні

Қимылды би

Талдау

«Ойлы болсаң озып көр»

1 топ: Жағдаят шешу

2 топ: Өлең талдау.

3 топ: Жатқа өлең оқу.

4 топ: Тыйым сөздер айту.

Жағдаятты оқып талдайды.

Өлеңді талдайды, жақсы сөздер айтады.

Жатқа өлең оқиды.

Тыйым сөздер айтады.

Жинақтау

Бағалау

Сахналық қойылым:

«Бес нәрсеге асық бол!»

Шығармашылық - шаттық бастауы

Топпен жұмыс:

1 топ: Мақал құрастыру.

2 топ: «Бес жолды өлең» құрастыру.

Мектептегі

әдептілік3 топ: Топтастыру құру

4 топ: Топтастыру құру

Көшедегі

әдептілік

Сахналық қойылым көрсетеді.

Мақал құрастырып мағынасын ашады.

Бес жолды өлең құрайды.

Постер жасап қорғайды.

Жүректен-жүрекке

Бір - біріне тілек айтады.

Балалар бір -біріне тілектер тілейді.

Кері байланыс

Мұғалім кері байланыс алады.

Не үйрендім?

Не білдім ?







ақырыбы: Әдептілік - Әдемілік
Сабақтың мақсаты: оқушыларды әдептілікке, инабаттылыққа, сыпайы сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелігі: жаман мен жақсыны ажырата білуге, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық жасауға, қарт адамды қадірлеу, ата - ананы ардақтауға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Көрнекілігі: әдептілік туралы буклеттер, «Әдепті бала - арлы бала», «Үйрен жақсы әдептен, жирен жаман әдеттен» атты плакатқа жазылған сөздер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік». Бұл сабақтағы міндетіміз - сыпайы сөздерді үйрену, үлкен қарт адамдарға қамқорлық жасау, қол ұшымызды беру, көмектесу, кішілерге ізет көрсету. Жолдасыңмен қалай қарым - қатынас жасау керектігі жөнінде кеңінен танысып білмекпіз.
Сабақты бастамас бұрын қысқаша әдептілік туралы кіріспе әңгіме өткізу.
Кіріспе әңгіме: Әдеп сақтаудың әлеуметтік - қоғамдық мәні зор. Әулет, әлеумет, қоғам мүшелері қалыптасқан әдептілікті бұзбауға тиіс.
Әдептілік бұзған адамға кез келген қоғам мүшесі өз пікірін айтуға, тыйым салуға ерікті, өйткені әдеп сақтау - әлеуметтік дәстүр.
Әдеп сақтаудың экологиялық мәні де зор. Әдепті адам табиғатты да қорғай білуге тиіс. Табиғаттың әсемдігіне, әдемілігіне кір келтірмеуі тиіс. Суды былғамау, талды, ағаш өсімдіктерін кеспеу, құдыққа түкірмеу, нанды баспау керек.
Көшеде жүру, көпшілік ортасында болу, үлкенге орын беру, кішіге қамқорлық жасау, қарт адамдарды қадірлеу, олармен сәлемдесу - әрбір әдепті оқушының міндеті.
Жаңа сабақ:
Қазір сендермен бірге «Бала мен қария» деген әңгіме желісі бойынша көрініс көрсетеміз. Әңгіменің мазмұны төмендегідей «Көше бойымен таяққа сүйенген бір қарт келе жатты. Ол әбден қартайғандықтан, бүкірейіп кеткен. Бір бала оған қарсы келе жатты. Әлгі бала оған жақындағанда жол берді. Үлкен адам алғыс білдірді».
- Балалар, әлгі бала қандай сөз айтты?
- Сәлеметсіз бе, ата, өтіңіз - деді.
2. Әңгіме бойынша көрініс қойылады.
Есей, Қарт әже, Бөгде адам
Автобуста
Есей автобуста отыр еді. Бір аялдамада қарт әжей кірді. Есей орнынан тұрды да «отырыңыз» деді. Әжей Есейге алғыс айтты. Автобус орнынан қозғалғанда Есей байқамай алдындағы адамды итеріп қалды. Әлгі адам ашуланып кетті. Есей «кешіріңіз» деп айтып еді, қайта жадырай қалды. Оқушыларға сұрақ:
1. Балалар Есейдің істеген ісі дұрыс па?
2. Есейді әдепті бала деуге бола ма?
3. Есейдің орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
Әдептілік пе, әдепсіздік пе?
Серік партада тамақ жеп отырды. Сыныпқа бір үлкен кісі кіріп, мұғалімнің қайда екенін сұрады. Ал Серік тамағын жеп отырып, кітабын ақтарып, әлгі кісіге білмеймін деп жауап берді.
- Балалар, бұл әдептілік пе, әдепсіздік пе?
- Қалай жауап беру керек еді?
- Иә, бұл әдепсіздік. Үлкен кісі жөн сұрап тұрған кезде мұғалімнің қайда кеткенін анықтап, жауап беру керек. Сыныпқа кірген үлкен адаммен бірінші кезекте сәлемдесу керек.
Телефон
Қыз бала көшедегі телефон - автоматпен сөйлесіп тұр. Ол ұзақ сөйлесті.
Телефонға кезек күтіп бірталай адамдар жиналды. Ал қыз сөйлесе берді.
Кезектегі адамдар ренішпен тарай бастады.
Оқушыларға сұрақ:
- Балалар, осы дұрыс па? Не істеу керек?
- Дұрыс емес, басқа адамдарға кезек күттірмей, ренжітпей сөйлесуге мүмкіндік беруі керек еді. Сендер осындай қылықтан аулақ болыңдар. Оқушылардан сұрақтарға жауап аламын.
1. Өзіңе көмектескен адамға немесе жолдасыңа не деп айту керек?
- Рахмет
2. Тамақ ішіп болған соң не деу керек?
- Тамағыңыз дәмді екен, рахмет.
3. Біреу өзіңе рахмет айтса не дейсің?
4. Байқаусызда біреуді қағып кетсең не деу керек?
- Кешіріңіз.
5. Сыныпқа кешігіп келсең не істер едің?
- Мұғаліммен, жолдастарыммен амандасып, кешірім сұрар едім.
6. Мектептен, қонақтан қайтқан кезде не дегенді ұмытпау керек?
- Сау болыңыз.
7. «Әдепті бол, балам» атты диалог әңгімені оқушылардың өздері жүргізеді.
Мұндағы мақсат - сөйлеу кезінде әдеп сақтауды, үлкен адамның алдында әдепті, кішіпейіл болуға үйрену.
Бесін кезі еді. Ас бөлмедегі үстел басында Асан ағай, Есей атаймен әңгімелесіп отырған. Оқушы бала Оспантай есіктен ентіге кіріп сөйлей келді. «Көке, сіз май мылжың әңгіменің майын ішеді»,- деп Есен атама күлуші едіңіз ғой, енді өзіңіз...
- Не айтайын деп едің, балам?
- Мен сабаққа дайындалам, өгізіңді өзің суғар.
Асан ағай әңгімеге нүкте қойып, Есен атайға уәж айтты да өз тірлігіне кірісті. Кешінде төргі бөлмеде отырған баласына былай деді.
- Балам, бағана кісінің көзінше мінез көрсеттің - ау.
- Ой, қойыңызшы, мен сонша не істедім?
- Үлкен кісінің алдында әдеп сақта, балам. Адамға әкіреңдемей, ақырын сөйле. Ата - анаға дауыс көтеріп сөйлеген бала жақсы емес.
- Әдептіліктен жұмыр басым жұрдай емес шығар сонша.
-«Әдептілік - әдемілік» деп бекер айтпаған.
- Сөзіңіз құлағыма қонды, көке! Әдепті болу - борышым.
- Кінәңді мойындағаның дұрыс. Әдепті бол, балам!
Пікірлесу үшін қойылатын сұрақтар:
1. Оспантайдың жасаған қылығы дұрыс па?
2. Әкесі қандай ақыл айтты? Оспантай қандай уәде берді?
- Балалар, біздің сабағымызға ата - аналар, ұстаздар қатысып отыр. Біз осы кісілерге әдептілік туралы өлең, тақпақтар айтып, әдепті оқушылар екенімізді көрсетейік.
«Біз - өмірдің гүліміз» әні орындалады.
«Әдептілік әліппесі» тақпақтарын жатқа айтады.

1 - оқушы. Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.

2 - оқушы. Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп жол берем.

3 - оқушы. Атам менің әманда,
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
Қорытынды:

Керіқайту



© 2010-2022