Тренингтік сабақ «Зиянды әдеттерден ертең емес, бүгін құтылған жөн »

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тренингтік сабақ «Зиянды әдеттерден ертең емес, бүгін құтылған жөн »
Сабақтың мақсаты: Қазақстанда нашақорлықтың таралуы жөнінде оқушылардың ақпараттану деңгейін көтеру, нашақорлыққа байланысты алдын алу білімі және дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік беру.
Міндеттері:
  1. Нашақорлықтың әлемде таралуы жайлы оқушыларға ақпарат беру.
  2. Қазақстанда нашақорлықтың таралу жақтарын оқушыларға көрсету.
  3. Қазақстанда нашақорлардың көбі жасөспірімдер мен жастар екендігіне оқушылардың көңілін аудару.
  4. Оқушылардың салауаты өмір салтын таңдауда қоғамдық және жеке саналарын өзгерту дағдыларын қалыптастыруға әсер ету.

Күтілетін нәтиже:
  • Материалдың тиімді игерілуіне мүмкіндік береді.
  • Қызығушылық туғызады
  • Көңіл -күйге бағытталады
  • Пікірлер, қатынастар мен дағдылар қалыптасады
  • Мінез -құлықтың өзгеріне ықпал етеді

Жабдықталуы: тақта, борлар, маркерлер, қағаз парақтары.
Сабақ барысы :
Ι.Таңысу
«Кесек қар» ойыны.
Барлық қатысушылар шеңбер бойынша өз кезегімен есімдерін айтып шығуы қажет.Әрбір адам өз есімін айтардан бұрын, өзінен бұрынғы қатысушының есімін атайды.
1. Сергіту жаттығуы.
Жүргізуші оқушыларға бір -біріне тілек айтуды ұсынады. Ол қатысушылардың біріне допты лақтырып, тілек айтады. Мысалы: «Болат, саған жақсы көңіл - күй тілеймін!». Допты алған адам өз қалауымен тілегін білдіргісі келетін қатысушыға допты лақтырады. Ал ол басқа адамға. Осылайша әрбір қатысушы доппен бірге өзіне айтылған тілектерді қабылдайды. Осы жаттығу көңіл-күйді көтеріп, топта жағымды ахуал құрады. 2. Жаттығу. «Есірткіден бас тарт» рөлдік ойыны. Оқушыларға есірткіден бас тартудың 10 жолын және қабылдап көрудің 10 жолын ойдан мысалға келтіру тапсырылады. Нұсқалар тақтаға жазылып отырылады. Сонан соң қатысушылар жұпқа бөлінеді. Қатысушылардың біреуі есірткіні қасында отырғанға қабылдап көруді ұсынады, ал ол бас тартудың әр түрлі жолдарын келтіреді. Бас тарту сыпайы, бірақ нық болуы керек. Сонан соң қалған қатысушылар да осы жолдарын табуды қайталайды. Талқылау:
  • Бас тартудың лайықты жолдарын табу оңай болды ма?
Келтірілген бас тарту нұсқаларының қайсысы тиімді болды? Неге?
  • Қатысушылар өздерін үгіттеуші және бас тартушы рөлінде қалай сезінеді?
  • Бас тартудың тағы қандай жолдары бар?
  • Талқылау барысында оқытушы бас тартудың түрлерін категориямен нақтылайды:
  • Бас тарту - және анық «ЖОҚ» деп айту.
  • Кейінге қалдыру -мен әлі дайын емеспін.
  • Ымырашылдық -алдымен мыналарды істейік...

Қорытынды:
Бас тартудың нұсқалары көп, бірақ олар сенімді және анық болуы керек.
3. Жаттығу. «Ойлануға арналған балықтар» Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды. Карточкадағы сөйлемдер: Ең үлкен қорқыныш - бұл... Мен мынадай адамдарға сенбеймін... Мен ренжимін, егер... Мен ұмытпаймын, егер... Маған көңілсіз, егер... Егер маған дауыс көтерсе, мен... Мен қарсыласқанда... Егер мен сенімсіз болсам, онда... 4. Рефлексия. 1. Біздің сабақтан өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар? 2. Сендерге не ұнады, не ұнамады? Қоштасу 5. Жаттығу. «Шеңбер бойымен қол соғу» Жүргізуші: Шеңбер бойымен бір-бірімізге қол соғып,жақсы тілектер айтылып жылы лебізбен қоштасамыз.Қатысқандарыңа рахмет, барлығыңа жақсылық тілеймін.




































































© 2010-2022