Сабақтың тақырыбы: Көкөніс. Өсімдіктердің көбеюі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:______________


Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Көкөніс. Өсімдіктердің кобеюі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Көкөністер, олардың адам өміріндегі маңызы, негізгі түрлері, көкөніс өсірілетін орындар, адам еңбегі туралы түсінік ұғым қалыптастыру. Өсімдіктердің көбеюі, кобею жолдары туралы алғашқы түсінік ұғым беріп, жемістердің табиғатта таралуына желдің, аңдар мен құстардың тигізетін пайдасын түсінуді қамтамасыз ету.


  1. Дамытушылық: Көкөністерді жинау жұмысына жұмысына оқушының өз отбасы, өзі қалай қолғабыс ететіні туралы әңгімелесу. Бөлме өсімдіктерін күтіп өсірудің білік дағдыларын қалыптастыру.


  1. Тәрбиелік: Өсімдік туралы білімін дамыту.Кейбір жұмыстарды тікелей көрсетіп, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: көкөністің түрлері туралы суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Көкөніс - өсімдіктің жемісі жоқ мүшесі. Көкөністерге: пияз, картоп, қияр, сәбіз, қызанақ т.б. көкөністерді өсіру. Жылыжай. Бау -бақша.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

-Өсімдік қайда өседі?

-Өсімдік қандай топтарға білінеді?

Өмір тәжірибесінен көріп, естіп білгендері: «ағаш отырғызу», «бидайды топыраққа себу», «өсімдіктерді суару», «жылы жерге қою» т.б.

Өткен сабақта алған түсінік ұғымдары: өсімдік топтары, өсімдік мүшелері, жеміс. Тұқым.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІII. Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы:Көкөніс. Өсімдіктердің көбеюі.Сабақтың тақырыбы:Көкөніс. Өсімдіктердің көбеюі.

Сабақтың тақырыбы:Көкөніс. Өсімдіктердің көбеюі.Сабақтың тақырыбы:Көкөніс. Өсімдіктердің көбеюі.

Сабақтың тақырыбы:Көкөніс. Өсімдіктердің көбеюі.Сабақтың тақырыбы:Көкөніс. Өсімдіктердің көбеюі.


  1. Оңаша үстелге қияр, сәбіз, қызанақ, орамжапырақ, картоп, пияз, қызылша қойылады.

  • Ең алдымен біртіндеп көрсету. Оқушылар атап шығады.

Одан соң көкөністердің бәрін ортасынан кесіп жару. Оқушылар қайсысында тұқым бар, қайсысында жоқ екенін анықтап, «қайсысы жеміс?», «қайсысы жеміс емес?» деген сұрақтарға жауаптар алынады.

  • Оқулықтағы суреттер танысып, әр көкөністің өсімдіктің қандай мүшесі екенін ажыратады, аттарымен танысады.

  • Бұл көкөністердің жер астында, жер бетінде өскендерің бар ма? Білсе оқушылардан сұрау, білмесе айтып беру.

  • Ал қай көкөніс өсімдіктің қандай мүшесі екені де әңгіме, әңгімелесу арқылы жүргізіледі.

  • Қияр мен қызанақ жемістерінің гүлден пайда болатынын астын сызып айту қажет.

Оқушылар аталған «көкөністер мүлдем жеміс бермейді екен» деген пікір орнығып қалмау үшін, «олардың жемістері жеуге жарамайды, тіпті улы болады. Сондықтан олар гүлдемей тұрып, қажетті мүшелерді жинап алады» дегенді айту қажет.

II Екатерина тұсында Ресейде азық түлік тапшы болып, Еуропа жағынан картоп түйнектерін жеткізіп, шаруаларға беріп, осыны өсіріп жеңдер. Тамақтарың тоқ болады - дейді. Шаруалар топырақ арасындағы картопты емес, жеміс деп сабаққа шыққан жемістерін жинап жей бастайды. Содан жүздеген, мыңдаған адамдар ауырып, кейбіреулері өледі. «Патша бізді әдейі қыру үшін әкелген ғой мұны», деп ереуілдеп шығады.

Осыдан соң ғана оларға картоптың жемісі емес, түйнегін пайдалану қажеттігі айтылды.

«Білмеген у ішеді!» деген осы. Оқушыларға таныс емес, білмейтін өсімдік мүшелерін, жеміс жидектерді жеу қауіпті екенін осы әңгімемен тағы бір ескерту қажет.

Оқушыларға жылыжайжа өсімдіктерді қалай күтіп бағатынын айтып, түсіндіру. Қыста адамдарды көкөніспен қамтамасыз ететінін түсінуге мүмкіндік жасау.

IV.Сабақты қорытындылау:

Балалар, біз бүгін не жайында білдік?

Өздерінің таңдаулары бойынша үйден қалаған көкөністерінің суреттерін салып келуді тапсыруға болады. Өсімдіктер тұқымнан, бұтақтан, жапырақтан, түйнектен, сабақтан, тамырдан көбейеді.

Үй тапсырмасы. Көкөністердің суретін салу.



© 2010-2022