Баяндама Қазақ тілі мен ана тілін оқытудың негізгі мектеп арасындағы сабақтастығы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі мен ана тілін оқытудың негізгі мектеп арасындағы сабақтастығы

Нұрғалиева Гүлнар Өкенқызы

Павлодар қаласы №26 жалпы орта білім беретін мектебі


Бастауыш сатыда ана тілі мен қазақ тілі пәнін оқытудың сапасы мен масқсатын жетілдіру бүгінгі күн талабы. Халқымыздың зиялылары бұл мәселені ерте сөз қылған. Солардың бірі - Мағжан Жұмабаев: өзінің «Бастауыш класта ана тілі» еңбегінде «Ана тілін оқыту дегенді балаға хат таныту деп түсіну қате. Мектептің міндеті бір жақтан хат таныту болса, екінші жағынан баланы сөйлету. Бала мектепке келмей-ақ сөйлейтін болса, бірақ ол сөйлегенмен сол сөзінің мағынасын дәл білмейді.
Һәм дұрыс қылып, сұлу қылып сөзбен жарыққа шығара алмайды»- дейді. Сонымен бірге өзінің «Педагогика» еңбегінде «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы мұғалім» деп, мұғалімге зор жауапкершілік жүктейді. Себебі оқушыға сөздің мағынасын ашуға, сұлу қылып сөйлеу үшін ана тілін оқытатын - мұғалім. М. Жұмабаев өз жұмыстарын ұсынады. Бастауыш сатыға ұсынатыны:

  1. Белгілі бір пікір жобасымен дұрыс сөйлеу, жазу.
  2. Әдебиет әсерлерін кестелі, кестесіз, сурет жай әңгіме сипаттарына қарай сөйлей білу.
  3. Оқығанды суретке салу, әдебиет әсерін сахнаға айналдыру.
  4. Оқыған, болған оқиғаларға журнал шығару, журнал жадығаттарын оқу, талқылау.
  5. Спектакльдерге қатысу. Мұндай тапсырмалар арқылы тілі, танымдылық қабілеттері дамиды. Сонымен қоса, ол балаларға арнап тілді бақылау және емле бойынша істелетін жұмыстарды әр жылға топтастырады.
Тіл мәдениеті - тілдік норманың жетілуі. Тіл мәдениетін дамытуда сабақтастық қажет. Қазақ тілі, ана тілі материалдарын білім беру жүйесінің барлық сатыларында өзара сабақтастықта жүргізуі қажет. Сабақтастық - бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, мазмұндық жүйе. Яғни, бір сатыдан екінші сатыға жүйемен көшу, бір-бірін қайталамау. Сабақтастық бағдарламалар мазмұны мен материалдардың жүйелі орналасуы. Тілді оқытудың лайықталған өзіндік бағдарламалары бар. Мұндағы материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшелігіне, оқушылардың қабылдау деңгейіне байланысты құрстырылған. Тіл пәндерінің негізгі мақсаты - оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Әр сыныптың оқушыларына білім, біліктіліктеріне талаптар қойылған. Егер бастауыш сатыда қойылған талаптар орындалса, негізгі мектепте меңгеру жеңіл болады. Мысалы, «Мәтін» тақырыбы бойынша екінші сыныпта жеке сөйлем мен мәтінді ажырату, оның тақырыбы мен негізгі ойды анықтау, ат қоя білу керек. Құрылымын білу, абзацтарды аңғарту т.с.с. білу қажет. Үшінші сыныпта ол туралы білімдер кеңейтіледі, мәтін құрылымы, түрлерін ажырата алу, бөләктерге бөлу, мәтін қрай алу. Төртінші сыныпта: мәтін түрлері, оларды талдау, өздіктерінен әңгіме құрастыру, пікір айту, дәлелдеу, қорытындылау, мақала жазу. Мәтінмен жұмыс жүргізуде жанжақтылық қажет. Осы тақырып бойынша мен жан-жақты жұмыстар жүргіземін. Берілген мәтіннің тақырыбын ашу, жоспар құру, сұрақ қою, негізгі ойды табу, бөліктерге бөлу сияқты тапсырмалар берілді. Ана тілімен байланыстырылады. Мұнда оқушылардың тілін дамыту мақсатымен ертегі жазу, олардан сахналық көрініс жасау, кейіпкерлерге мінездеме беру сияқты жұмыс түрлерін жүргіздім. Тілдік жағынан талдауда көп мағыналы сөз, сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестерін табу, мағынасын ашу сияқты тапсырмалар оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байытуда, ойын жүйелеп жеткізе алуға көмек береді. Проблемалық тақырыбым «Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту». Сабақта оқушыларды сөйлету үшін дидактикалық ойындар енгізуге тура келді. Сонымен қатар, дербес, жұптық, топтық түрде жұмыс түрлерін ұйымдастыра отырып, мәтінді өздіктерінен меңгеруге сұрақ құрастыру, мәтін мазмұны бойынша модуль жасау, пікір алмасу, проблемалы сұрақтар қою оған жауап беру жұмыстары жүргізіледі. Ана тілі - жас ұрпақ, бойына асыл қасиеттерді сіңірудегі құрал. Тіл туралы түсініктері, ауыз әдебиеті, қазақ және әлем балалар әдебиеті ақын-жазушыларының көрнекті шығармалары, қазіргі ақын-жазушылардың шығармалары таныстырылады. Мазмұны баланың дүниетанымын жетілдіретін, қоршаған орта туралы көзқарасын қалыптастыратын мәселелерге құралған. Оқылған шығармалар арқылы кішіпейілділік, тапқырлық, имандылыққа баулиды. Ауыз әдебиетінен бастап, әлем әдебиеті үлгілеріне негізделген тақырыптар бесінші сыныпта күрделене түседі. Ауыз әдебиеті оның пайда болуы жайында түсініктемелерден басталады. Наурыз өлеңі, салт өлеңі, бата-тілек жырлармен толықтырылады. Сонымен қатар, шығармалардың авторлары туралы кең мәлімет беріледі. Ана тілі, қазақ тілі - бастауыш сатыдағы негізгі пәндер. Адамгершілікке тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу, сөздік қорларын байыту, өз ойларын ауызша жеткізу осы пәндерде жүзеге асады. Халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер тіл пәндері арқылы оқушы бойына сіңеді. Бала бойындағы асыл қасиеттер дарыту - мұғалім міндеті. «... Дүниені жақсы-жаманды танып, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» дейді Абай. Қазіргі заман - білім заманы екенін танытатын, сол білімді беретін де мұғалім. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» жолдауында білім туралы айта келе бұл ондағы жылдардан кейін мемлекетімізді басқара алатын біздің балаларымыздың болашағы екендігін атап көрсетеді.
© 2010-2022