Урок Адамның азаматтық тұлғасы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы,

Қаратал ауданы, Жылыбулақ ауылы

Жылыбұлақ орта мектебі

Масақбаева Базар

Сабақтың тақырыбы: «Адамның азаматтық тұлғасы»

Құндылық: патриоттық сезім

Қасиеттер:жауапкершілік,патриоттық,азаматтық борышы,сенімділік,күш-қайрат.

Сыныбы: 4 сынып

.Сабақтың мақсаты:жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету.Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:патриоттық сезім яғни азаматтық ұстаным ұғымдарын түсіну.

  • Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру;

  • Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру;

Оқушыларды алдыларына санаулы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.

Ресурстар

(материалдар,деректер)

Сабақтың барысы:

Ескертулер

1

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Нұрға бөлену

Мұғалім: Ыңғайланып отырыңдар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңды айқастырмаңдар.Қолдарыңды тізелеріңе немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңді жұмуларыңды өтінемін. Елестетіп көріңдер: Күн нұры сендердің төбелеріңнен өтіп, кеуделеріңе қарай бойлап барады. Кеуделеріңнің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл сендердің әр ойларыңды, сезімдеріңді, эмоцияларың мен тілек-қалауларыңды шайып, жүректеріңнің қауызын ашты.Нұр сәулесі сендердің бойларыңа ақырын тарай бастағанын елестетіңдер. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңа түсіріңдер. Сендердің қолдарың нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңа тарады.Аяқтарың нұр сәулесін шашуда. Олар сендерді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сендердің ауыздарыңа, тілдеріңе тарады. Тілдерің тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңа бағыттаңдар, құлақтарың тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңе де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сендердің бастарың түгелдей нұрға бөленіп, бастарыңа тек ізгі, сәулелі ой келеді.нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сендердің денелеріңнен шығып, жан-жақтарыңа сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңа, мұғалімдеріңе, достарыңа, таныстарыңа бағыттаңдар. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңдар, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге:біздің «Бөбек» орталығына, біздің мектепке, барлық адамдарға, жан-жануарларға өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңдар. Ойша айтыңдар: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңдар...

Енді осы Нұрды жүректеріңе орналастырыңдар. Нұрға толы бүкіл әлем сендердің жүректеріңде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңдар. Енді жаймен көздеріңді ашуға болады.Рахмет!

2

Үй тапсырмасын сұрау: Оқушыларға өткен сабақтағы «аялай біл, сен деп соққан жүректі» атты тақырыбына «Эссе» жазу тапсырылады.

3

Дәйексөз: Сабақта жаңа білімді түйіндеу мақсатында Джан Кеннедидің қанатты сөзі берілген»

«Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім істей аламын деп сұра».

-Елің үшін не істей аласыңдар?

-«Елім деп соғады жүрегім» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

4

Б.Момышұлы

Әңгімелесу:Менің балаық шағымда туған жылды, туған күнді емес, мүшелді кезеңдерді тойлаушы еді. Алғашқы мүшел-нәрестенің қырқынан шығатын күн. Бұл күні үй ішінде емес, ауыл-аймақта да көтеріңкі көңіл, көп шаттық үстем болатын. Екінші мүшел-баланың жеті жасқа толған күні. «Жетіге келгенше, бала жерден таяқ жейді» деп тегін айтылмаған ғой. Сол жетіге толған күні өреен аяғын жерде нық басты деп санайды. Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы қадамы да осы жерден басталса керек. Ата-ана мен төңірекке бұл үлкен қуаныш. Ендігі мүшел-13 жас. «Он үште отау иесі» деген мақал бар. Бұл енді оң-солыңды тани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есептесер, ақыл бөлісер кезең келді деген сөз. Енді сен өзгенің жетегінен гөрі өзің тізгін ұстағаныңды, өзің ат жалын тартып мінгенді қалайсың.

«Тізгін ұстау», «ат жалын тартып міну» деген сөз тіркестерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Сен, өз тізгініңді қалай ұстап жүрмін деп ойлайсың?

5

Шығармашылық жұмыс:М.Шахановтың «Төрт-Ана атты өлең жолдарын оқуға,түсіндіріліп айтулары тапсырылады.

6

Топпен ән йту:Ш.смаханұлының «Анамның тілі аяулы үні»атты өлеңі айтылады.

7

Үй тапсырмасы:5 ұғым сөздер беріледі.

1.азаматтық

2.Азамат

3.адамгершілік

4.кісілік

5.саналылық деген сөздерге оның жауаптары беріледі,яғни осы берілген сөздерге анықтамалар беріледі.Осы тапсырма дәптерде орындалады.

Қорытынды:Ешкім азамат болып тумайды.басында бұлағы бар өзеннің ұзақ ағатыны секілді,өнегелі ата-ананың тәліміне сусындап-адалдық ,еңбексүйгіштік ,бауырмашылдық рухта ер жеткен бала,мектеп,қоғам тәрбиесінде бойына жақсы сіңіреді.Мен бауырмалдық дегенді бірнеше рет қайталадым.оның кең мағынасы халықаралық достық-бауырмашылдық.Азаматтықтың,батырлықтың бір негізгі осы бауырмашылдықтан шығады.

Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен:

-Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға,айналамызға жеткізу үшін іштейй оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыныздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.



© 2010-2022