Тәрбие сағаты: Қыз - көктем аруы. 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атасу ЖОББ мектептің

Байдалы би ауылы

Жаңаарқа ауданы

Қарағанды облысы

Бастауыш сынып мұғалімі

Макшиева Дана Қуанышқызы


Тәрбие сағаты: Қыз - көктем аруы.

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: "Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), "Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!

Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Бұл туралы қазақтың мақалы да бар: « Орыста мейрам көп , қазақта айран көп». Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айттарын есептемегенде, мейрамға жарлы екендігі осыдан көрінеді.

Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді . Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді. Енді, міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе көрінеді.

Қанша ғасыр сән берген даламызға,

Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.

Сәлем, Наурыз!

Сен біздің арамызға

Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.

Барысы: 1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2-жүргізуші. Бүгінгі "Көктем аруы" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

"Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

1-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал,сайысқа

Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

1-жүргізуші. Аяулым қыз өнерлі

Бойға өнер жиған қыз.

Ақниет қыз білімді

Меңгерген бар ілімді

Нұрайым қыз елгезек

Алады тез тіліңді.

Ақша бетті Айдана

Ұқсайды хор қызына

Кәусәріміз үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп

Инабаттай қыз шығады

Бұрымдары желбіреп.

2-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

1-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады.

  1. Өзін- өзі таныстыру.Сәлемдесу

Видео ролик.

2. Сұрақ-жауап.

3. Өз өнерің көрсету.

4.Үй тапсырмасы.

5.Шығармашылық. Ақынның өлеңін оқу.

6. Заманауи ұлттық сәнді киім үлгісі.

2-жүргізуші. Кел, достар, бастайық,,

Бастайық той кешін.

Қызықтан еш адам,

Қалмасын құр қалып.

1-жүргізуші. Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.

Көңілге түй сен мұны,

Әр бүлдіршін -ел гүлі.

Бақытты елде туғаның

Есіміңнен белгілі.

2-жүргізуші. Екінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

1-жүргізуші. Әдет-ғұрып, салт -дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық..

(Сұрақтарға жауап)

2-жүргізуші. Үшінші сайыс-өнерліге өріс кең.

Өнерсізден қашып жүр,

Өнермен үлгі шашып жүр.

Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

(Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)

1-жүргізуші.

Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да "құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.

Ендеше, төртінші сайысымыз-ас мәзірін дайындау және қолөнерін көрсету.

2-жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-

Шығармашылық ақынның өлеңін оқу.

Келесі сайысымыз Заманауи ұлттық сәнді киім үлгісі.

1-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

2-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.

1-жүргізуші. Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.

2-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт -береке , бірлік әкелсін.

Осы, міне мереке басталғаны,
Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.
Сәнді болсын қазақтың жарастығы,
Дәмді болсын жайылған дастарқаны.
Ал, құрметті қонақтар, дастарқаннан дәм татайық.
Міне, біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адалдықтан табамыз.
Әр наурызда жолықтырсын аман-сау
Ән-шашудың шымылдырығын жабайық.






© 2010-2022