Тәрбие сағаты: Адамның жанын жылытар мейірім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Адамның жанын жылытар мейірім»

Мақсаты: Оқушылардың мейірімділік, қайырылымдылық, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды мейірімді болуға, қайырымдылық көрсете білуге тәрбиелеу. Мейірімділік іскерлігін дамыту.

Кіріспе: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстанның бірінші ханымы жайында болмақ. Сара Алпысқызы Назарбаева «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді. Биыл С.Алпысқызы 74 жасқа толуда. Сонымен қатар «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеяларының авторы болып табылады.

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І - дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ - ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.

Осыдан кейін оқушыларды топқа бөліп, мейірімділік, қайырымдылық деген сөздердің ассосациясын құрдық.

Оқушылар мейірімділік кестесі толтырылды. Сонымен қатар оқушылар өз ойларын толығымен жазып, көрсетті.

«Ана» деген сөзге өздерінің ойларын және анаға деген сезімдерін айта білді. Бүгінгі тақырып бойынша Сара Алпысқызына деген алғыстарын көрсете білді. Өйткені ел анасына арналған өлең жырларын оқыды.

Мемлекетіміздің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның туған күні қарсаңында өмірі мен шығармашылығы жайлы сынып оқушылары және ұстаздар қауымы мәліметтер жинап сынып сағаттарын өткізеді. Бүгінгі тәрбие сағаты информатика кабинетінде өткізілді. Мектеп кітапхананың оқу залында кітап көрмесі ұсынылып, ақпараттық сағаттар мен шолулар өткізілуде.

Оқушылардың бүгінгі тәрбие сағатынан алған білгендерін, ой-түйінін сабақ соңында ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар «Сары тауық пен балапандары» тақырыбындағы жағдаяттарды қызу қанды талқылады. Оның неліктен балапандарын қорғанын айтып, оның аналық сезімінің, балапанына деген махаббатын әңгімеледі.

Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
§ Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
§ «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
§ Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер? - деген сауалдарға жауап берді.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар?
Иә, біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік, қайырымдылы, адамгершілік, қамқорлық туралы әңгімеледік.Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам - анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!



© 2010-2022