Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 сынып Ана тілі Сабақ № Мұғалім: Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады? Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушылардың заттың атын, қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін шыңдау. Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Табиғатты аялау, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу.Ананың еңбегін бағалап, аялауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс. Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер. «Жыл мезгілдері», «Көктем» тақырыбындағы суреттер Жоспар: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру ІІІ. Жаңа сабақ. ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Ү. Қорытындылау, бағалау. ҮІ. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу. ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Өлеңді, әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі. Жаңа сабақ. Жаңа сабақ. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
-------------------------------------------------------------------- (Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).

116-жаттығу.

1. Өлеңді түсініп оқыңдар.

2. Қарамен жазылған сөздерге төмендегі қимылды білдіретін сөздердің тиістісін қосып жазыңдар.

Көкорайға қонғанда,

Қозылар ойнар дүркіреп.

Жаздың күні болғанда,

Жаңбыр жауар күркіреп.

Шәкәрім

Керекті сөздер: ойнақтады, жауды.

117-жаттығу.

1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

Ұшақ ұшт.... Кеме жүзд.. Аю ақ...рды. Қорадағы мал үр...кті.
Оқулықпен жұмыс. - Мәнерлеп оқып беру. - Мазмұнын түсіндіру. - Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту Сергіту сәті. Жұмбақты шешу

1. Өлеңді түсініп оқыңдар. «Бұл қай кезде болады?»

2. Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелеңдер.

жаз

Көктем

Жыл мезгілдері

қыс

күз


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, түсінік айту. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.





© 2010-2022