Қазақ тілі. Етістіктің жіктелуі. 4-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы : Етістіктің жіктелу

Сабақ мақсаты : Етістік , етістіктің жіктелуі туралы білімін тиянақтау . Етістікті жіктей отырып, практикалық дағдыларын қалыптастыру .

Жаттығулар орындата , ойын ойната отырып оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, дүниета - нымын, белсенділігін дамыту. Есте сақтау қабілетін арттыру.

Білімділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ әдістері : Сұрақ - жауап, ойын

Сабақ түрі : Дәстүрлі емес сабақ

Көрнекілігі : Тест тапсырмалары, жыл жылмалы тақта, тақия, сұрақ карточкалары, суреттер.

Сабақ барысы : 1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

394- жаттығу. Тиісті жіктік жалғауын қойып жазу. Етістікті тауып, қай жақта тұрғанын айту.

Бұл күйді алғаш мен тартқанмын. Сен ақындар айтысына қатысасың. Біз сабаққа бірге дайындаламыз.

3. Өткенді пысықтау.

- Қандай тақырыпты өтіп жатырмыз?

-Етістікке зерттеу картасын жасайық .

не істеді ?

не қылды ?

қайтті ?

Қазақ тілі. Етістіктің жіктелуі. 4-сынып.Қазақ тілі. Етістіктің жіктелуі. 4-сынып. Дара етістік

Қазақ тілі. Етістіктің жіктелуі. 4-сынып. Болымсыз етістік

Қазақ тілі. Етістіктің жіктелуі. 4-сынып.Қазақ тілі. Етістіктің жіктелуі. 4-сынып.БҚазақ тілі. Етістіктің жіктелуі. 4-сынып.олымды етістік ЕТІСТІК Күрделі етістік

Қазақ тілі. Етістіктің жіктелуі. 4-сынып.

Негізгі етістік

Туынды етістік

« Кім білгіш ? » ойыны .

-Дара етістік дегеніміз не? -Болымсыз етістік дегеніміз не? - Күрделі етістік дегеніміз не? -Етістік дегеніміз не?

-Негізгі етістік дегеніміз не ? -Етістік қандай сұраққа жауап береді?

-Туынды етістік дегеніміз не?

4. Жаңа сабақ.

395 -жаттығу .Жаңылтпашты түсініп оқу . Жаңылтпаштағы әр бір сөздің мағынасын түсіндіру .

Етістіктерді тауып , қай жақта тұрғанын анықтау. Оларды 2- жақта айту.

Ағама ат тағалаттырдым ,

Жеңгеме жалын тазалаттырдым ,

Апама тоқым жаңалаттырдым ,

Өзім бәрін қадағалап тұрдым ,

2 -жақта тағалаттырдың ,

тазалаттырдың ,

жаңалаттырдың ,

тұрдың ,

Дәптермен жұмыс . Күн жады . Көркем жазу минуты .

Кезекші әріп:Оо Оо Оо Оо Оо

О дыбысынан басталатын мақал-мәтел айту .

Отан- елдің анасы , ел-ердің анасы .

Отанды сүю-от басынан басталады .

Отан оттанда ыстық

Отансыз адам- ормансыз бұлбұл

Оқусыз білім жоқ , білімсіз күнің жоқ

Оқу-білім бұлағы , білім-өмір шырағы

Оқу түбі - тоқу.

Оқи берсең , көзің ашылады

Отыра берсең , жалқаулық басынады.

Оқысаң озарсың , оқымасаң тозарсың.

Тест тапсырмаларын орындау.

Брейнг- ринг тапсырмасы. 396- жаттығу.

  1. топ. Ойлай сөзін жекеше, көпше түрде жіктеу.

  2. топ. Ойлады сөзін жекеше, көпше түрде жіктеу.

Брейнг - рингтің 2- тапсырмасы

1-топ 397- жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу. Шешуін табу. Жіктік жалғаулы етістіктің астын сызу.

Қамшыласаң , жүрмеймін .( 1ж)

Мініп алып тебінсең .(2ж)

Кідіруді білмеймін. (1ж ) ( Велосипед )

2-топ. 398-жаттығу. Мақалды жатқа жазу. Жіктік жалғаулардың астын сызу. Олардың қай жақта тұрғанын айту.

Ақылсызды жұмсасаң (2ж)

Артынан өзің барарсың (2ж)

Брейнг-рингтің 3-тапсырмасы.

  1. 1топ. « Нан » сөзіне зерттеу картасын жасау.

2топ. «Табиғат» сөзіне зерттеу картасын жасау.

« Бес жол » стратегиясы.

2) «Нан туралы » «Табиғат туралы » шығарма жазу.

« Нан дастарханға қалай келеді ? »

«Табиғатты аялайық . »

Брейнг-рингтің 4 -тапсырмасы

1- топ партам сөзін септеу

2-топ кітап сөзін септеу

А. кітап партам

І. кітаптың партамның

Б. кітапқа партама

Т. кітапты партамды

Ж.кітапта партамда

Ш.кітаптан партамнан

К.кітаппен партаммен

Брейнг-рингтің 5- тапсырмасы

1-топ партам сөзіне фонетикалық талдау жасау.

2-топ кітап сөзіне фонетикалық талдау жасау

п-қатаң дауыссыз к-қатаң дауыссыз

а-жуан дауысты і-жіңішке дауысты

р-үнді дауыссыз т-қатаң дауыссыз

т-қатаң дауыссыз а-жуан дауысты

а-жуан дауысты п-қатаң дауыссыз

м-үнді дауыссыз

Қорытындылау.

-Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?

-Етістік дегеніміз не?

-Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

Ойын: « Тақия тастау »

Үйге: 399 -жаттығу. Мәтінді түсініп оқып , мазмұнын әңгімелеу .Және жіктік жалғаулы етістіктің астын сызып, теріп жазу.

Бағалау.







.






© 2010-2022