Самопознание на тему Өнеге отбасынан

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өнеге от басынан.

Сабақтың мақсаты: «Сыйластық», «туыстық», «құрмет» адамгершілік

құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

- ата тегіне , ата-анаға деген қамқорлықтарын арттыру;

-өзара татулыққа, құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, А4, интерактивті тақта, үнтаспа.

Шаттық шеңбері:

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірімен бас иіп, жымию арқылы амандасады.

Мұғалім:

-Балалар, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Адамға деген құрметің жымиып тұрып амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады. Балам отбасыңдағы тәрбие жақсы екен деп баталарын береді.

Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы қысқаша мағлұмат алынады.

Тапсырма:

Балалардың отбасындағы сыйластықты түсіндіру мақсатында мынадай «Ойланайық, пікірлесейік» айдары арқылы қойылады:

«Отбасы жарастығы», «Отбасы» дегенді қалай түсінеміз?

«Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?»

Өзіңіз шешімін таба алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата- анаңызбен еркін сыр бөлісе ақылдаса аласыз ба?

Мұғалім: оқушылармен ой бөлісуге ұсыныс жасайды.

«Отан- отбасынан басталады» деген ұғымды қалай түсінеміз:

Отбасы-шағын мемлекет.Ол - тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы.Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады.Отбасында балалар тәрбиені ата- анадан алады.Олай болса баланың бас ұстазы ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы:

«Ата-анаға көз қуаныш-

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.

Мұғалім:

Әке мен ана - шаңырақтың тірегі.Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді, мақалдарды да көп кездестіруге болады.

Отбасы туралы ұлағатты сөздер білеміз бе?

1. Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі.

2.Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

3.Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

4. Отан- отбасынан басталады.

Суретпен жұмыс:

Мұғалім интерактивті тақтада оқушылардың назарын аударып , әр адамның атқарған ісінде, жүріс-тұрысында сыйластық пен үлкенді құрметтеу болатынын оқушылардың өздерінің пайымдауларына бағыт беру. Жағдаяттарды шешу жолын түсіндіреді.

Мұғалім: Суреттерде берілген негізгі ойды жалғастыру мақсатында «Өзгеге жасаған ізетің- өзіңе жасаған құрметің» деген халық даналығына мән береді.Құрмет көрсетіп, отбасыңнан алған тірбиеңді көрсете алсаң, ол сен үшін ғанибет.

Сахналау:Сахналау айдарымен берілген тапсырма арқылы оқушылар рөльдерді орындауда өз жауапкершілігін де түсінеді. Адамға жарасымды өмір сүру үшін қандай қасиеттер қажет екенін үйренеді.

Назар аударыңдар:

Қабуснамадан үзінді оқылады.

Қорытынды:

Жүректен жүрекке

Ата-тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі.

Адамның жақсы қасиеттерінің бірі - өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлап, қамқорлық жасайды.

Осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі ән айтумен жалғастырып,

«Анаға сәлем» әнімен аяқталады.

© 2010-2022