АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ АТАУЛАР

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Көкшетау қаласының білім беру бөлімі

№6 орта мектебі ММ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ АТАУЛАР

/БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА/

Бағыты: Топонимдік атаулар туралы ғылым (тарих, география)

Орындаған: Қайратов Әли

- Ақмола облысы, Көкшетау қаласы №6 орта мектебінің

3 сынып оқушысы

Жетекшісі: Касымова Салтанат Еркалкалдиевна

- Ақмола облысы, Көкшетау қаласы №6 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Ғылыми жетекші: Мадыбекова Майнур Баймухамбетовна

акад. доцент

Ш. Уәлиханов атындағы көкшетау мемлекеттік университеті

«География және экология» кафедрасы

2012 жыл



Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................

  1. Топонимика ғылымындағы географиялық атаулардың

ролі мен орны .......................................................................

  1. 1.1 Орталық Қазақстан топонимдерінің (макро, микротопонимдік) құрамы

  2. 1.2 Қазақ антропонимдерінің әлеуметтік мәні....................................


  1. ТОПОНИМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР.....

    1. 2.1 Топонимикалық ғылыми терминологиясы .................................................

    2. 2.2 Географиялық атаулардағы гидронимдер

    3. 2.3 Географиялық атаулардағы кездесетін оронимдер

    4. 2.4.Геогерфиялық атаулардағы зоонимдер ......................................................

    5. 2.5 Түске байланысты атаулар ......................................................................


  1. БУРАБАЙ ӨҢІРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРДАҒЫ

КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

  1. 3.1 Бурабай атауы қайдан шықты ...................................................................

  2. 3.2 Бурабай ауданының географиялық атаулары


  1. Сызба косымшалары

  2. Орфографиялық, елді мекендер, гидрографиялық обьектілер сөздігі

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Аннотация

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Ақмола облысындағы топонимикалық атаулар /Бурабай ауданының мысалында/»

Тақырыптың өзектілігі: Бурабай ауданының географиялық тарихи атаулардың шығу тегін, оның уақыт өте келе түрленіп өзгеруін зерттеу.

Ғылыми жұмысын жазу барысында жер- су атауларының атаудың шығу тегіне / этимологиясына/ арнайы назар аудардым. Жер атаулары қоғам, адам өмірімен, халықтың тілі және тарихымен, оның ғасырлардан келе жатқан мәдениеті, діні, саяси тірлігімен етене, тығыз байланысты.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақстан бойынша географиялық нысандар атауларын толық жинау, оларды есепке алу шаруасы әлі іс жүзіне асқан жоқ. Жер-су атауларының аталу себебі әр алуан- бір жағынан, жер көлеміне байланысты болса, екіншіден, негізгі кәсіп- мал шаруашылығының жай-жағдайына тікелей қатысты. Өйткені көшпелі өмір мал күтіміне сай жердің ой- қырын, шөбінің шүйгіндігін, суының ащы- тұщысын, қорған болар тауының биік- аласалығын, көшіп- қонар жер жағдайының ыңғайлылығын білуді талап еткен. Ащыкөл, Ащықұдық, Атқырылған, Ешкіөлмес, Батпақкөл, Жаманбұлақ, Жамансор, Жамантұз, Көлащы деген атаулар көл мен бұлақ, сор далалардың малға жайсыз әрі қонысқа жарамсыз, сусыз, нусыз, шөл дала екендігін білдірсе, Жақсытұз, Жылой, Қорғанжар, Қорғантас, Салқынбел, Сұлутөр, Байқоныс, Мыңжылқы, Кеңсу, Кеңбұлақ тәрізді атаулар сол жердің малға да, адамға да жайлы екендігін аңғартып отырған. Бірсыпыра топонимдер (Бәйгекүм, Биесойған, Нарсойған, Аққойсойған, Қарындыағаш, Аманөткел, Итемгенкөл, Кемпірсай, Кемпірөлген, Кіндіккескен, Балатуған) этнографиялық, яғни этномәдени жағдаяттармен тығыз байланысты болса, көптеген топонимдер қоғам өміріндегі тарихи оқиғалардың куәгері іспетті: Аңырақай, Қалмаққырылған, Қалмаққырған, Қарауылтөбе, Ойрантөбе, Ордатөбе, Шоқанасуы, Үйсінтауы, Қыпшақкөлі, т.т..

Тақырыптың зерттелу деңгейі, жаңалығы: Ақмола өңірінің географиялық атауларының геоэкологиялық құрастырушылары 2000 жылдарға дейін арнайы зерттелінбей келді. Аталған тақырыптың жекелеген аспектілерін қарастырған еңбектер өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңы мен 70-ші жылдары жарық көрді. Олар: А. Әбдірахмановтың, Т. Омаровтың, А. Мурзаевтың, К.Қаймулдиновтың жалпы Қазақстан топонимикасы мен этимологиясына, ономастикасына арналған еңбектер.

Ономастикаға қатысты мақалалар мен зерттеулер қатарына О.А. Султаняевтың «Қазақ ономастикасы», Ж. Мусиннің «Тарих және ономастика» еңбектері жатады.

Топонимика, ономастика, этимология, жалпы геоэкологиялық құрастырушылар мәселелері әсіресе өткен ғасырдың 80-ші 90-шы жылдарынан бастап орталық, жергілікті баспасөзде тұрақты тақырыпқа айналып көпшілік қауымның қызығушылығын туғызды. «Көкшетау», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Қазақ тарихы» газет журналдарында көптеген ғылыми, публистикалық мақалалар жарияланды.

Жұмыстың деректемелік базасы ретінде аталған тақырып аясында жарық көрген монографиялық зерттеулер: А.Әбдірахмановтың «Қазақстан этнотопонимикасы», «Топонимика және этимология», К.Қаймулдиновтың «Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері». Т.Жанузақовтың «Орталық Қазақстанның жер- су аттары» т.б. Сондай-ақ энциклопедиялық басылымдар «Ұлттық энциклопедия», анықтамалық басылымдар: «Географиялық сөздік», республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары, жергілікті мектеп, аудан мұрағат материалдары, ауызекі дерек берушілер мәліметтері пайдаланды.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері:

Бурабай ауданының географиялық жер- су атаулары жөніндегі білімдері мен түсініктерін оқып- үйрену, жүйелеу мақсат етіп қойылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • топонимдік ақпараттардың жіктемесін жасау;

  • оронимдер мен гидронимдердің негізгі айырымдық белгілерімен айқындау.

Зерттеу пәні: Топонимдік атаулардың географиялық және этномәдени негіздемесі мен топонимдік бірліктер арқылы көзқарастардың мазмұнын қарастыру.

Зерттеу нысаны- ретінде Бурабай ауданының топонимдік

кеңістікті құрылымдайтын жер- су атауларының бірліктері алынды.

Зерттеу материалдары:

Зерттеу барысында негізгі дереккөздер ретінде ең алдымен, географиялық деректемелер алынды. Атап айтқанда, географиялық, топонимдік, энциклопедиялық сөздіктер, анықтамалар мен ғылыми- көпшілік әдебиеттер, фразеологиялық сөздіктер, қазақ әдеби тілінің сөздігі.

Зерттеу әдістері:

Зерттеу барысында сипаттама жасау, жүйелеп салғастыру, түйіндеу, жіктеу, талдау әдістері қолданылады.

Күтілетін нәтиже: Жер-су атауларының шығу тарихын зерделеу, отаршылдық және кеңестік уақытта ауыстырылған атауларды тарихи тұрғыда зерттеу; қазір уақыттағы бұл атаулардың өзгертілуі, тарихи шындықты қалпына келтіруге үлес қосу. Географиялық атауларды топонимика саласында жүйелеу, яғни фитоним, антропоним, геоним, зооним, ономастика т.б тұрғыда.

Әрбір атау- тарихтың табы сіңген нысаналы белгісі. Мұндай ұлттық және рухани байлығымыз саналатын топонимдерді зерттеу бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Кез- келген аймақтың жер- су атаулары өзінің бойына көптеген тарихи деректерді, этнографиялық мәліметтерді, географиялық сыр- сипаттарды сақтап отырады. Топонимдегі деректер белгілі бір географиялық ұғым атаулары болғандықтан, олар арнайы сұрыпталған лексикалық қабаттардан тұрады. Көне дәуір куәсі болып табылатын аймақ топонимдері халықтың этнографиялық, қоғамдық, әлеуметтік жай- күйінен, өткендегі өмір- тіршілігінен әр қилы мәлімет береді. Мұның өзі топонимдерді зерттеудің өте күрделі құбылыс екендігін, ол істе белгілі бір ғылыми әдіспен ғана мақсат- мұратқа жету мүмкін еместігін көрсетеді. Тілдік құбылыстың табиғатын тек оның тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші этностың (халықтың) дүниетанымына, салт- дәстүріне, ұлттық мәдениетіне байланысты да айқындауға болады. Сондықтан белгілі бір аймақтың топонимиясын зерттеуді қолға алмас бұрын сол жердің тарихына, саяси- әлеуметтік жағдайына және оны мекендеуші халық өмірінің этникалық мәдени тарихына ерекше көңіл бөлу керек екендігін зерттеушілер атап көрсетеді.

Өте көне замандардан бастап адам баласы бір жерге орналасқанда, өз айналасындағы қоршаған ортаға атау бере бастайды. Олар белгілеген әрбір атау белгілі бір мағынаға ие болады. Мысалы, өзендердің атауы көбінесе оның ағысына, тереңдігіне, түсіне байланысты қойылса, елді мекен атаулары көбінесе өсімдіктер әлеміндегі ерекшеліктерімен немесе қоныстанушылар өмірлеріндегі фактілерге сәйкес беріліп отырады. Сондықтан географиялық атаудың пайда болуы кездейсоқ емес, тарихы себепті болады.

Э.М. Мурзаевтің пікірі бойынша, ерте кездегі топонимия жергілікті географиялық терминдер (ЖГТ) болып саналған, сондықтан да сол кездегі адамдар тауды- тау, ал өзен мен көлді- су деп атаған.

Алғашқы топонимдер өзінен бұрын нақтылы дерегі, тірегі жоқ атау ретінде пайда болса, екінші топонимдер атауы бір нысанның атынан екінші нысанның атына ауысу барысында пайда болады. Олар көбінесе топонимдік метонимия жолымен не топонимдердің ауысу жолымен жасалады. Мәселен, «Бурабай- аудан, қорым», Абылайхан- кісі, «Абылайхан- ауыл» т.б Ал енді бір топонимдер сол жердің тұрғындарына танымал, түсінікті болып келеді де, негізгі лексикалық мағынадан басқа қосымша мағынаны да аңғартады. Мәселен, Айнакөл, Жеке батыр, Оқжетпес, Щучье т.б атаулар сол өңірдің өзіндік қасиеті мен географиялық сипатынан мол хабар бермек (жардың тікелігі, тастың көптігі, құдықтың көптігі т.б).

Географиялық нысандардың негізгі атауларының нақтылы сыр- сипат, себеп- салдары нысандардың түр- түс, көркін бейнелейтін жалпы есім сөздерден, сол жерде тұратын адамдардың әдеп- ғұрып, салт- санасын және діни идеологиялық жағдайларын сипаттайтын сөздерден қойылып отыруы көп елдерге тән құбылыс. Жер- су атауларының шығу тегі алдымен өзіндік қасиет ерекшелігі мен тарихи маңыздылығымен қызықтырды. Сондықтан топонимдердің этимологиясын зерттеу, оларды топтастыру, біріктіру, жинақтау әрекеті арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оятуға әкелері анық. «Отанды сүю отбасынан басталады» дегендей, бүгінгі ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі туған тілін, тарихын, мәдениетін сүюден, оны жақсы білу, құрметтеуден басталуы тиіс.

Егер бүгінгі күнгі әрбір шәкірт туған елінің, жерінің тарихын, географиялық ортасын білсе, бес қаруы- бойында, ертеңгі халық сүйер ер, қайраткер болып шықпай ма? Бүгінгі күннің өзекті мәселесі де- осы, яғни, қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеу, өз халқының өткен тарихына құрметпен қарау, азаматтық білім беру, ұлттық этномәдениеттік дәстүрлер мен әдет- ғұрыптарды оқып- үйрену, экологиялық, т.б тәрбие беру.

Кіріспе


Жер атаулары қоғам, адам өмірімен, халықтың тілі және тарихымен, оның ғасырлардан келе жатқан мәдениеті, діні, саяси тірлігімен етене

тығыз байланысты.

Жер-суға, елді мекенге ат беру үрдісі- өзінің ұлттық және тілдік ерекшелігі бар, қазіргі қоғамға да жан- жақты шығармашылығының басты бір үрдісі. Қазақтың географиялық атаулары өте мәнерлі де сарынды.

Қазақстан топонимикасының негізгі ерекшеліктерінің бірі- географиялық атауларда өсімдік және аң, жануарлардың көрінісі сипаттама алатындығы. Сол сияқты қарастырылатын аудандардың топонимикасы да осындай сипатқа ие. Жұмысымның мақсаты аз да болса осы атауларды анықтап, олардың өзіндік ерекшеліктерін, пайда болу тарихын зерттеу.

Топонимдер ұдайы толығып, жаңарып отырады, олар өткен қоғамның сұраныстарына қызмет етті, қазіргі қоғамға да жан- жақты қызмет етуде, сонымен бірге тарихтың жалғастырғыш құралы ретінде, болашақ ұрпақтарға да қызмет етпек.

Ақмола облысының топонимдері де республикамыздың басқа өңірінің топонимдері сияқты белгілі бір мерзім, кезеңнің ғана емес, сан мыңдаған жылдардың, тұтас бір дәуірдің жемісі. Сондықтан да олра қоғам өмірі, халық тіршілігімен тығыз байланысты. Олардың құрамында да әр дәуірді, әрбір кезең- кезеңдерде Қазақстанды, Ақмола облысын мекендеген әралуан елдің тілі мен сөзінен қойылған географиялық атаулар саны көптеген кездеседі.

Тақырыпты таңдап алған себебім: өлкеміздің топонимикасында жалпы алғанда географиялық атаулар тобы ауқымды болып келеді. Сондықтан да оның зерттелмеген қыр- сыры көп, әрі жалпы тақырыптың өзі қызықты және де әрине Қазақстан азаматы ретінде өлкелік тарихымды білу мақсатында таңдадым.




  1. Топонимика ғылымындағы географиялық атаулардың ролі мен орны

Жер-су атаулары, ғылыми тілде «топонимика» деп аталады.

Топонимика- онамастиканың жер- су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын, мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» - орын, жер, «онома»- атау деген екі сөзінен тұрады.

© 2010-2022