Дүниетану 3 сынып Cабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің алуан түрлілігі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ №1. Cабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің алуан түрлілігі. Cабақтың мақсаттары: Білімділік: өсімдіктердің көп түрлілігі туралы жалпы карапайым түсініктерін тереңдетіп, олардың алуан түрлі екенінің белгілерін, олар бойынша өсімдіктерді бір-бірінен айыра білуге, түрін анықтауға үйренеді.

Дамытушылық: өздігінен жұмыс істеу, ойлау қабілетін дамытады .

Тәрбиелік: табиғатты аялауға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау Көрнекілігі: сұрақ парақтар, топтардың аты, слайд суреттер Сабақтың барысы: I. Қызығушылықты ояту. Сабақ барысында өсімдіктердің алуан түрлерімен танысу ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім: Үй тобы: I-топ - Емен. II-топ - Терек. III-топ - Қайың. IV-топ - Көктерек. V-топ - Үйеңкі. VI-топ - Қарағаш. «Топтастыру» стратегиясы

Өсімдік

Балалар, «Өсімдік» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?





Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп - көршісімен бөліседі, одан кейін - топ, барлығы білімдерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс - топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді. Өсімдік: 1) шөптесін 2) ағаш 3) бұта II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім.

Жұмыс тобы:

I-топ - Су.

II-топ - Ыстық шөл.

III-топ - Ылғал. IV-топ - Тау беткейі. Өсімдіктердің өсетін жерлерін ескере отырып: «Суда», «Ыстық шөлде», «Ылғалда», «Тау беткейінде» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім. Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді. Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне. Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің алуан түрлілігі», яғни өсімдіктердің сан алуан түрлері және олар түрлі жағдайда өсетіні туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады. I - топ. Өсімдік барлық жерде өседі. Олардың түрінің көптігі сондай, санап тауыса алмайсың. Біздің елімізде өсімдіктің алты мыңнан астам түрі бар. Олар түрлі жағдайда: ыстық шөлде, тау беткейінде, ылғалды жерде және суда өседі. Ағаш, бұта және шөптектес өсімдіктердің бір - бірінен қандай айырмашылығы бар екенін есіңе түсір. Сұрақ парақтары: 1. Өсімдіктер қай жерлерде өседі? 2. Елімізде өсімдіктердің неше түрі бар? 3. Олар қандай жағдайда өседі? 4. Өсімдіктерді бір - бірінен қалай ажыратуға болады? II - топ. Өсімдіктердің бір-бірінен тұқымы, сабағы, гүлі, жемісі жағынан айырмашылығы болады. Ағаштың көптеген түрі бар. Қазақстанда емен, терек, үйеңкі, қайың, көктерек, шетен, қарағаш және басқалары өседі. Суреттен ағаш жапырағы мен жемісін қара. Олар қай ағаштікі? Орманда, тауда, жыраларда итмұрын, шырғанақ, бөртегүл, таңқурай, қарақат сияқты бұталар өседі. Бұтаның ағаштан айырмасы - діңі біреу ғана емес, тамырынан бірнешеуі тарамдалып шығады. Бастапқыда бұта кішкене ағашқа ұқсайды. Ал үшінші жылы түбінен жаңа діңшелер өсіп шығады да, үлкен жайылған бұта құрайды. Суреттегі бұтаның бұтақтарына қара. Олар қай бұтаға жатады? Сұрақ парақтары: 1.Елімізде қандай ағаш түрлері бар? 2. Өсімдіктердің қандай негізгі айырмашылығы бар? 3. Қандай бұтақтар бар? 4. Бұтаның ағаштан қандай айырмашылығы бар? III - топ. Шөптектес өсімдіктердің биіктігі әртүрлі болып келеді. Кейбір шөптің биіктігі қолайлы жағдайда өссе, 2 метрден асады. Шөп сабағы түрліше - тік, оралған, жерге төселген болып келеді. Бидайық арамшөбі бақта, алаңқайда, орман шетінде, шалғында, далада өседі. Оның топырақ астындағы тамыры ұзын, тармақты, әр бүршігінен жаңа өскін шығады. Сұрақ парақтары: 1. Шөптектес өсімдіктердің биіктігі қандай болады? 2. Шөптердің сабағы қандай болады? 3. Бидайық өсімдігі қайда өседі? 4. Бидайық тамыры қандай болады? IV - топ. Өсімдіктер құрлықта ғана емес, суда да өседі. Өзен, көл, теңіз, мұхитта балдыр тіршілік етеді. Олардың көлемдері және формалары әртүрлі болады. Балдырмен су жануарлары қоректенеді. Балдыр суға толық батып тұрады, сондықтан суды қанша қажет болса, сонша бойына тартады. Судың түбіне бекіну үшін төменгі жағында бірнеше жіпше болады. Кейбір балдырдың жіпшесі болмайды. Олар суда жүзіп жүреді. Сұрақ парақтары: 1. Өсімдіктер құрлықтан басқа қай жерлерде өседі? 2. Үлкен суларда қандай өсімдік өседі? 3. Балдыр суда қалай өседі? 4. Балдырмен нелер қоректенеді? III. Ой қозғау. Яғни, «Өсімдіктердің қанша түрлері және олар қайда өседі?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс. Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті. Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады. Бағалау. Үйге тапсырма: I-топ - Емен туралы бес жолды өлең құрастырады . II-топ - Терек туралы бес жолды өлең құрастырады . III-топ - Қайың туралы бес жолды өлең құрастырады . IV-топ - Көктерек туралы бес жолды өлең құрастырады . V-топ - Үйеңкі туралы бес жолды өлең құрастырады . VI-топ - Қарағаш туралы бес жолды өлең құрастырады .

© 2010-2022