4 санын қосу кестесі (1-класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

Сазды орта мектебі

Бастауыш мұғалімі:Тлеуова Нуржанат Кенжегуловна

Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу кестесі (1-класс)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 4 - ті қосу кестесін құрастыру және қосылғыштың біреуі 4 болып келген жағдайдағы санның құрамы жайлы оқушының білімін бекіту. Дамытушылық: Есептеу дағдысын қалыптастырып, білімін дамыту.Ойын әдісін қолдана отырып оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды жылдамдыққа,тапқырлыққа,достыққа,өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 4 - ті қосу, азайту кестесі, слайд , кесте, кеспе сандар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, ой қозғау, топпен жұмыс, топтастыру,ойын,бағдаршам.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылығын ояту.Кім жылдам?

Айдын көлге 2 аққу

Ұшып келіп қоныпты.

1 қаз және 2 үйрек

Жүзіп жүріп жолықты.

Қарсы алуға оларды

4 балапан шығыпты.

Жауабын тез айта салшы

Барлық құс нешеу болыпты?

(Жауабы:10 құс)

Ой қозғау:Бұл қай пән?

Математика пәнін не үшін үйренеміз?

4 санына қатысты не білеміз?(төрт түлік,төртеу түгел болса,төбедегі келеді,төрт қамал т.б.)

Үй тапсырмасын тексеру.

3санын қосу және азайту кестесін жатқа айту
ІІ Жаңа тақырып

4 санын қосу кестесі

Сандарды өсу және кему ретімен қайталау

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

Оқушылар, бүгінгі сабағымыз «Бауырсақ» ертегісі желісімен өтеді.

Ерте,ерте,ертеде бір әжей болыпты.(Ертек жалғасады.)

Ал,балалар,бауырсақты қояннан құтқарып алу үшін, оның мына тапсырмасын орындауымыз керек екен.

№1 «Теңге алу» ойыны

1+4 5-4

2+4 6-4

3+4 7-4

4+4 8-4

5+4 9-4

6+4 10-4

(Қосынды мен айырманың мәнін бірінші тапқан оқушы теңге алып отырады.)

Жарайсыңдар,балалар.Енді бауырсақты қасқырдан құтқару үшін оның да тапсырмасын орындап жіберейік.

№2 Кестені толтыр: (жеке жұмыс)

а

4

5

6

а + 4

Сергіту сәті: «Паровоз» ойыны. Қимыл-қозғалыс әрекеттері

Бауырсақты аю ұстап алыпты.Оны құтқару үшін мына тапсырманы орындаймыз.

№3 Есепті шығар.Кім тапқыр?

Сапар-10 дәптер

Ақан- ? 4 дәптер кем

Шешуі:10-4 = 6

Жауабы:6 дәптер

ІІІ Қорытындылау

Ал,балалар,айлакер түлкі бауырсақты жеп қоймақшы.Қане,оны құтқару үшін мына тапсырманы тез орындап тастайықшы.

«Балық аулау» ойыны (топпен жұмыс)

Балалар,мына сиқырлы теңізде түрлі-түсті әдемі балықтар бар.Кім таңдайды?

Көк балық 4+2-1

Қызыл балық 3-3+4

Сары балық 2-1+4

Жасыл балық 1+4-2

Қара балық 3-1+4

Жарайсыңдар,балалар! Сендер бауырсақты құтқардыңдар.Бауырсақ сендерге рақмет айтады.

Жұмбақ өрнек

2+4 Е

5+4 Т

3+4 С

1+4 Р

4+4 І

Жауабы:Ертіс

Логикалық сұрақтар:

  1. ағаштың 12 бұтағы бар.Әр бұтағында 30 жапырағы бар.Бұтағы мен жапырағы нешеу?Жауабы не?

2.1кг темір ауыр ма,1кг көмір ауыр ма?

3.Асан мен Үсен алма ағашынан 10 алма үзіп алды.Әрқайсысы неше алмадан алды?4.3 жұмыртқа 5 минутта піседі, ал 1 жұмыртқа неше минутта піседі?

5.Қайың ағашында 10 алма өсіп тұр.Алма ағашында да 10 алма өсіп тұр.Барлығы қанша алма?

Ой толғаныс
Бүгін нені үйрендік, нені білдік?
4 санын қосу кестесін жатқа айту.

Екі жұлдыз бір тілек

Жүрекке жазылған тілектерін тақтаға іледі.

Бағалау.

Оқушыларды сабақ барысында жинаған теңгелеріне қарай бағалаймын.

Мадақтаймын.

Үйге тапсырма :

№3 113-бет







© 2010-2022