- Преподавателю
- Начальные классы
- Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. «Ондық», «Бірлік»
Екі таңбалы сан. Сандардың ондық құрамы. «Ондық», «Бірлік»
Раздел | Начальные классы |
Класс | 2 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Жұмабаева О.Е. |
Дата | 22.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Білімдерін дамыту. «Математикалық баспалдақ ойыны». Мұғалім баспалдақ түрінде мысалдар жазады. Екі оқушы тақтада шығарады да, ойынның басталғаны туралы белгі береді. Балалар мысалдарды орындауға кіріседі. Баспалдақ басына ең бірінші шыққан оқушы жеңімпаз болады. «Есептеу машинасы» ойыны. Мұғалім математикалық өрнектер оқиды. Оқушылар есептей отырып, цифр жазылған карточкалар көмегімен өрнектің мәнін көрсетеді. 2+1+7-8+10-2-4+1 6+2-4+4-3+5-2-4-2 4-3+9-8+7-3+2-6+3 «Математикалық диктант». «Дұрыс немесе бұрыс». Мұғалім дұрыс және бұрыс математикалық амалдар оқиды. Оқушылар дәптерге дұрыс болса «+», бұрыс болса «-» таңбасын қояды. Содан кейін мұғалім берген -+-++-++ жауаптарымен салыстырып, қателерді түзеп, өз жұмыстарын бағалайды.
- 7-нің алдында тұрған сан 5-ке тең
- 4-тің алдында тұрған сан 3-ке тең
- 8-ден кейін тұрған сан 10-ға тең
- 8+2 өрнегі 10-ға тең
- 9 бен 7-нің айырмасы 2-ге тең
- 4 пен 5 сандары 3-ке көрші тұрған сандар
- 4 саны 5-тен кіші
- 2 мен 7-нің қосындысының мәні 9-ға тең.