Көктем-ана, қыздар-гүл тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көктем - ана,қыздар - гүл.

Сабақтың мақсаты: Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты

нығайту.Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Мейірімді болуға,

ата - ананы құрметтей білуге тәрбиелеу.Өнерлерін ортаға салу.

Сабақтың көрнекілігі: «Көктем - ана, қыздар - гүл» қабырға газеті,нақыл сөздер.

Сабаққа қажет құрал - жабдықтар: теледидар, ДVД, қайшы, түсті қағаз, қағаздар,

фломастер, түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті аналар,аяулы қыздар.Көктемгі күндей жарқырап,гүлдей

Құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын.Бүгінгі

«Көктем - ана,қыздар - гүл» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1-оқушы: Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Хор: «Туған күніңмен».

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді, қызықты болу мақсатымен өлең, жыр,

билердің арасында аналарға, әжелерге, қыздарға арналған шағын сайыстар

өткіземіз.Жеңімпаздарды мақтау қағазымен марапаттаймыз.

2 -оқушы: Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып , қайғына күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

3 -оқушы:Кім сендерді, балалар, тербететін

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

1-сайыс. Ортаға 5 ана шығады көздерін жауып, баласының қолынан табу.Мақтау

қағазын, «Ең балажан ана» атағын беру.

Ән. «Анашым».

4-оқушы: Бойға қуат береді

Әй, жарайсың дегені.

Мен анамнан әр кезде

Соны естігім келеді.

5-оқушы: Сабағымнан қалмаймын

Бес аламын бәрінен.

Озат оқып әрдайым

Қуантамын анамды.

6-оқушы: Қамқорсың ана өмірде

Қуатым сенсің көңілге.

Әлпештеп мені өсірдің

Ұшармын ертең көгінде.

2-сайыс. «Суретші ана» көздерін жауып өз баласының суретін салу.

Ән. «Бала тілегі».

7-оқушы: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген - бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

8- оқушы: Ана деген - асыл жандар болаттай

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай.

3-сайыс. «Әнші ана» бесік жырын айтып жарысу.

9-оқушы: Менің әжем, бұл әжем

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем.

10-оқушы: Менің әжем, нар әжем

Көп жасаған кәрі әжем.

Ауырғанда мен үшін

Әр сүйгені дәрі әжем.

11-оқушы: Менің әжем, жыр әжем

Шуағы мол, нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп

Аман - есен жүр, әжем!

4-сайыс. «Ең шебер әже» түсті қағаздан әжелер ою ояды.

Би. «Қазақ биі» орындайтын: қыздар тобы.

12-оқушы: Әже маған үлгі сөзіңіз

Өнегесіз өзіңіз

Жақсылыққа талпынып

Біздің нағыз кезіміз.

Жақсы деген немене

Жаман деген немене,

Осындайда, әжетай

Айтыңышшы өнеге.

5-сайыс. «Ең мейірімді әже» немересіне еркелететін сөздер айту.

(балапаным, қошақаным, ботам......т.с.с.)

Ән. «Асыл әже».

13-оқушы: Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

14-оқушы: Ардақты аналар!Шын жүректен, өз қолымызбен жасаған шағын

сыйлығымызды қабыл алыңыздар.

(сыйлықтарын ұсынады).

15-оқушы: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз.

(ұлдар қыздарға дайындаған сыйлықтарын ұсынады).

Ән. «Қыздар-ай».

Соңында құттықтау сөздер аналарға беріледі.


© 2010-2022