Бөлімді қайталау Мың бір мақал ойыны

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Мың бір мақал» ойыны Сайыстың мақсаты: Балаларға қазақ халқының туған жер, Отан, оқу-білім, еңбек жайында айтылған мақалдар жөнінде, тіл шеберлігіне деген ұғымдарын кеңейту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, туған жерін, елін, Отанын құрметтеп, сүюге баулу. Сайыстың шарты: А) Киім кию, өздерін таныстыру. I айналым Ә) Сөз тапқанға қолқа жоқ. II айналым Б) Ой түбінде жатқан сөз. III айналым В) Әзіліміз жарасса... IY айналым Г) Көрермендер көрімдігі. «Мың бір мақал» ойынына қатысушыларды ортаға шақыру. (Ойыншылар ортаға шығып, өздерін таныстырып, қойған сұрақтарға жауап береді.) I айналым «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Бұл айналымда оқушылар мақалды жалғастырады. 1. Білім қымбат, білу қиын. 2. Оқу- білім бұлағы, білім- өмір шырағы. 3. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. 4. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 5. Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын. 6. Отан-оттан да ыстық. 7. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. 8.Әркімнің өз туған жері-мысыр шаһары. 9. Ел іші-алтын бесік. 10. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. 11. Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені. 12. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. 13. Қыстың қамын жаз ойла. 14. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. 15. Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый. 16. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. 17. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. 18. Талапты бала талпынған құстай. Бірінші айналымның қорытындысы шығарылып, ұпай сандары саналады. Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады. Музыкалық үзіліс: II айналым «Ой түбінде жатқан сөз» деп аталады. Бұнда қалған екі ойыншымыз еркін тақырыпта, өздері білетін мақал айтып жарысады. Бірақ, бірінің айтқанын бірі қайталауға болмайды. Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады. Музыкалық үзіліс: III айналым «Әзіліміз жарасса» деп аталады. Бұл айналымда қалған ойыншы қойылған мақалдардың мән-мағынасын түсіндіреді. 1. Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер. 2. Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді. 3. Жолдас-жолдасқа қиянат еткен оңбас. 4. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 5. Досы жоқ адам-тұзы жоқ тағам. Бүгінгі «мың бір мақал» ойынының жеңімпазын құрметтеп, қошаметтеп шығарып салу. Музыкалық үзіліс: IY айналым «Көрермендер көрімдігі» деп аталады. Көрермендер арасынан үш оқушыны ортаға шығарып, Отан, білім, еңбек, туған жер, оқу, дос туралы мақалдар айтқызып жарыстыру. Ұпайы көп ойыншы «көрермендер көрімдігі» атағы беріледі. Осымен «мың бір мақал» ойыны аяқталды. Ойыншыларды мақтау қағазымен марапаттау.
© 2010-2022