Сольфеджио сабағының ерекшеліктері

Музыкалық білім беруде музыкантты тәрбиелеуге,оның талғамын қалыптастыруға ықпал етуші пәндердің бірі- сольфеджио болып табылады. Бұл пәннің басты міндеті-музыкалық есту қабілетін ұйымдастыру және дамыту,сонымен қатар шығармашылық атқару іс-тәжіребиесінде белсенді түрде қолдануға баулу.Сольфеджио сабағына қажетті формалардың бірі вокалдық-интонациялық жаттығулар жане оқушы санасын дамыту болып табылады, яғни гаммаларды, музыкалық есептерді, интервалдарды, аккордтарды, секвенцияларды, әртүрлі мел...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Музыкалық білім беруде музыкантты тәрбиелеуге,оның талғамын қалыптастыруға ықпал етуші пәндердің бірі- сольфеджио болып табылады.

Бұл пәннің басты міндеті-музыкалық есту қабілетін ұйымдастыру және дамыту,сонымен қатар шығармашылық атқару іс-тәжіребиесінде белсенді түрде қолдануға баулу.

Сольфеджио сабағына қажетті формалардың бірі вокалдық-интонациялық жаттығулар жане оқушы санасын дамыту болып табылады, яғни гаммаларды, музыкалық есептерді, интервалдарды, аккордтарды, секвенцияларды, әртүрлі мелодия айналымдарын әндету. Олар музыкалық есту қабілетін (мақамдық,үйлесімдік,әуенді) дамытуға,сонымен қатар парақтан қарап ән айтудың,әуен жазу мен естуі бойынша талдаудың іс-тәжірибелік машықтарын тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Вокалдық-интонациялық жаттығулар міндеттері-сабақта белсенді орындау аркылы музыка тілінің элементтері мен олардың дыбыстық бейнесі туралы мәліметтерді бекіту. Дыбыстық аппараттың жұмысы барысындағы физикалық сезімдер мен өз орындауын көп реттік тыңдаулар есте сақтауға ықпал етеді.

Қандай да бір элементті меңгеру үшін оны теориялық тұрғыдан ,естуі бойынша танудың қажеті жоқ-оны орындай білу қажет. Дыбысталуды осындай белсенді өз бетімен орындаушылық оқушының есту санасындағы дыбыстық бейнені нығайтады және ішкі күшті түсініктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Оқу үдерісінде музыкаға көптеген жаңа деректер мен музыка тілінің элементтері енгізіледі. Оларды меңгеру үшін келесі бөлімдер бойынша жұмыс істеу формасы қажет:

  • мақамдық-тоналдық есту қабілетін;

  • секвенцияларды нығайту;

  • тональдық пен дыбыстағы интервалдар мен аккордтарды меңгеру;

  • жаңа ритмдер мен өлшемдерді меңгеру;

  • фунциональдық есту қабілеті мен форманы сезінуін тәрбиелеу.

Жаттығулар алдымен сыныпта хормен орындалады,осыдан кейін үйге беріледі. Олардың көбісін орындауда барынша жоғары сапасына қол жеткізу үшін,сабақ сайын қайталаған пайдалы.

Мақамдық-тональдік есту қабілетімен жұмыс істеуге гаммаларды,сатыларды,айналымдары бар Т3, өткен материалдарды және т.б әндету кіреді. Әуендік гамма мен оның төменгі сатыларын әндетуге ерекше назар аудару керек.

Тапсырмаларды құрастыру барысында S-функциясы сатыларының реттілігін көбірек қосу қажет, бірақ Т3 міндетті түрде бекіту керек.

Сонымен бірге секвенцияларға да көңіл бөлген жөн. Тональды секвенциялар тональдылық қатарын бекітуге,дыбыстар мен сатыларды атау еркіндігін қалыптастыру үшін,сонымен қатар вокалдық қабілеттерін дамытуға пайдалы,бұл хормен орындалады. Ішкі есту қабілеттерін дамыту үшін оларды «тізбек» бойынша немесе «іштен айту»мен дауыстап айтуды кезектестіре отырып орындау керек. Бірақ,олар ең алдымен әдеттегі реттілікпен құрылуы және меңгерілуі тиіс. Секвенцияларды орындауда нақтылығы мен дәлдігіне қол жеткізу керек, бұл ретте дирижерлауды міндетті түрде талап ету керек.

Сольфеджио сабағында интервалдарды меңгерту маңызды роль атқарады:интервалдарды дұрыс есту және тональдылық пен дыбысты дұрыс интонациялау парақтан оқу машықтарын жетілдіру ушін қажет. Олармен жұмыс барысында дұрыс әдістемені қолданған жөн:

  • интервалдардың дыбысталуын есте сақтау;

  • оны естуі бойынша ажырату жане дауыспен қайталау машығы;

  • интервалдың интонациясын атауы бойынша елестету машығы.

Интервалдарды меңгерту, яғни оларды әндету,тыңдау машығын парақтан оқу машығы мен диктант жазу қабілеттерін дамыту барысында атап өту кажет. Интервалдарды меңгету-ұзақ әрі еңбекті коп қажет ететін жұмыс.

Аккордтарды меңгертумен жұмыс істеу педагогке жаңа міндеттер қояды:

  • гормониялық есту қабілетін дамыту;

  • екі дауыста әндету машықтары;

  • дыбыстарды октавалық ауыстыру негізінде интервалдар мен аккордтардың айналым принципин меңгерту.

Ең алдымен гормониялық дыбысталуларды (интервалдар мен аккордтарды)жеке дыбыстарга бөлмей,белгілі дыбыстық бояу ретінде тыңдауға баулу керек.

Аккордтар мен интервалдардың бояуын (фонизмін) меңгеру ортақдыбыстық әсерлерден басталады:мажорлы немесе минорлы,ұлғайтылған немесе кішірейтілген, диссонанс немесе консонанс, дыбысталудың кең немесе тар диапазоны.

Интервалдар мен аккордтарды әндету үйреншікті жағдайға айналуы тиіс. Яғни жұмыстың формаларында бірнеше рет қайталануы тиіс:әндетуде, құрылымда, секвенцияларда, әндерде,жаттығуларда.

Барлық сабақты хормен ән айтудан бастау керек.әндету мәнерліліктің берілген шамасына сәйкес айқайсыз (унисон) орындалуы тиіс. Интонациялық жаттығулар сольфеджерлеудің, диктанттың, парақтан оқудың, естуі бойынша талдаудың келесі жұмысымен тығыз байланысты болуы тиіс. Балалардың зейінін шаршатпау жане есту қабілетін келесі сабақта меңгерілетін материалдарды қабылдауға дайындау үшін кішкене уақыт бөлуі тиіс. Музыкалық шығармалардың үзінділері,сонымен қатар педагог құрастырған жаттығулар балалардың ой-өрісін дамытуға арналған қосымша материал болып табылады.

Сольфеджио сабағы өнердің басқа түрлерімен яғни:поэзиямен, прозамен,көркемсуретпен байланысуы тиіс.

© 2010-2022