Тақырыбы: Эстрада өнері 3 класс

Эстрада өнеріҚұзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: А) Ақпараттық: Вокалды - эстрадалық жанр туралы түсінік беру.Б)Коммуникативтік: оқушылардың өнер туралы түсініктерін кеңейту . Өнер жолына бағыттау .В) Проблеманы шешу құзыреттілігі: Музыкалық сауаттылыққа , бейімділікке үйрету .Түрі: ойын сабақ (Ашық сабақ )Қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ақпараттық-коммуникативтік технологияКөрнекілігі: сөзжұмбақ плакаты, схемалар плакаты музыкалық құралдар-синтезатор, муз.ортадығыӘдіс...
Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Бекітемін:

Уақыты: 11.05.2015

Сыныбы: 3-сынып

Пәні: Музыка

Мұғалімі:

Тақырыбы: Эстрада өнері


Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық: Вокалды - эстрадалық жанр туралы түсінік беру.

Б)Коммуникативтік: оқушылардың өнер туралы түсініктерін кеңейту . Өнер жолына бағыттау .

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі: Музыкалық сауаттылыққа , бейімділікке үйрету .

Түрі: ойын сабақ (Ашық сабақ )

Қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ақпараттық-коммуникативтік технология

Көрнекілігі: сөзжұмбақ плакаты, схемалар плакаты музыкалық құралдар-синтезатор, муз.ортадығы

Әдістері: Музыка тыңдау, ән үйрету, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері:

Пайдаланылған көрнекілігі: Эстрада жұлдыздары. Суреттері. Слайд. Плакат схемалары

Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру. 1 мин.

Саламатсыздар ма оқушылар, ұстаз еңбегін бағалар. Орындарыңызға отыра қойыңздар. Қазір музыка сабағы, сондықтан да музыка кітабымыз бен дәптерімізді, күнделігімізді шығарып, артық заттарымызды салып сабағымызды бастаймыз. Барлығымыз ортаға шығып, тұра қояйық. Топтастыру: 2 мин.

Балалар біздер не үшін 2 күн қатарынан демалып келіп отырмыз? Қандай мейрамды өткізіп келіп отырмыз? Әрине аналар күні. Ендеше барлығымыз ортаға шығып, мына бір өлең жолдарының кесінділерін суыра қояйық. Бұл кесінділерден екі ана туралы әннің шумақтары шығады. Сол шумақтардың жалғасын табу арқылы біз өз тобымызды табатын боламыз.


Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған,

Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді

Сәбилік үніңмен

Арнаймын сөзіңді


Сонымен сынып «Ана туралы жыр», «Анаға сәлем» болып екі топқа бөлінді.

Кезекші мәліметі. ( рапотрт ) Мәліметің қабылданды отырағой. Ендеше мен сіздерге «кино және музыка» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырып алып келдім. Тоқсан соңы болғандықтан, сөзжұмбақтың шешуін табу арқылы сіздер осы тоқсан бойына алған білім деңгейлеріңді көрсететін боласыңдар. Әр берген жауаптарың ұпай сандары арқылы есептеліп, сабақ соңында сол бойынша бағаланатын боласыңдар. Үй тапсырмасын сұрау: 5мин. Сөзжұмбақ «Кино және музыка»

1. Қуыршақтар театрында басты рөлде ойнаған түрік қуыршағы? \ карагёз \

2. Эстрадалық симфониялық оркестр алғашында халыққа қалай таралды? \радио \

3. «Менің атым Қожа», «Қыз жібек» фильмдеріне музыка жазған композитор? / Нұрғиса Тілендеев /

4. Еуропалық кәсіби музыка \опера \

5. Мазмұны жағынан ұқсас музыкалық шығарма \ Жанр \

6. «Біздің сүйікті дәрігер » фильмінің режиссері / Шәкен айменов /

7. Ең алғаш экранға шыққан қазақ киноларының бірі \ Амангелді /

8. Қазақ халқында билейтін қандай қуыршақ \ ортеке \

9. Әскери шерулерде жезді аспаптар оркестрінен пайда болған жанр \ марш \

10. «Менің атым Қожа» фильміндегі орындалатын әндердің бірі / Саржайлау/

11. Үлкен аспаптардан құралған оркестр немесе оны «Биг - бенд » деп атаған. \ джаз \

12.Джаз оркестріне кіретін аспаптар үрмелі және ................. / ұрмалы /

13. Табиғатқа немесе махабатқа арналған музыкалық жанр \лирика \

14. Ал қазіргі заман музыкалық жанры \ эстрада \









К

а

р

а

г

ё

з


р

а

д

И

о



Н

ұ

р

ғ

и

с

а

О

п

е

р

а




Ж

а

н

р



Ш

Ә

к

е

н


А

м

а

Н

г

е

л

д

і



о

р

т

е

к

Е





М

а

р

ш


С

А

р

ж

а

й

л

а

У



д

ж

а

З



ұ

р

м

а

л

Ы

л

и

р

и

К

а


э

с

т

р

а

д

А



Жаңа сабақ: 10 мин

Мұғалім сөзі: «Өлеңмен дүние есігін ашады кең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» - деп Ұлы Абай атамыз айтқандай адам өмірін әнсіз, музыкасыз елестету мүмкін емес. Адам ән арқылы өзінің қуанышы мен қайғысын, махаббаты мен сағынышын жеткізе алады. Немесе кешегі өткен сабағымызда айтқандай киноны музыкасыз көру мүмкін емес. Ал әрбір адамның өтіп жатқан өмірі, басынан кешкен оқиғалары мен жағдайларының бәрі бір өзіне тән кино. Әлдимен басталған өмір-жоқтаумен аяқталады. Яғни дүниеге әнмен келіп, әнмен кетеміз. Сол әннің түрлеріне келетін болсақ

Халық әндер вокалдық әндер классикалық әндер



Ән



Топтық әндер дәстүрлі әндер эстрадалық әндер

Мысалыға қарапайым балалар әні Қошақанымды алайық. (мұғалім бір әр түрлі жанрға салып айтып көрсетеді )











Жаңа сабақ бойынша слайд пен аудиозаписті тыңдап, түсінгендерін параққа жазып, тақтаға жапсырып, бірінікін біріне оқыту арқылы түсіндіру.

( аудио) Эстрада жанрына қазір мүмкіншілік мол, техника дамыған осы заманда кімге еліктеп, қалай қарап, қайтіп айтам десе де өз еріктері. Бірақ, бір ескеретін жағдай - қанша эстрада болса да өз ұлтының дәстүрі, тілі, ұлттық менталитеті, ұлттық нақышы аңқып тұруға тиіс. Халық әндерін орындау эстрада әндерін айтудың өзіндік ерекшелігімен, тамашалығымен ерекшеленеді. Бірақ, дауыс шығару, техникалық орындау тәсілдері классикалық бағытта тәрбиеленген орындау тәсілдерінен айырмашылығы мол. Қай бағытта болса да ән орындаудағы негізгі мақсат - дауыс құлаққа жағымды, қысылып-қымтырылмай дауысты дұрыс тәрбиелеп, еркін меңгеру болып табылады.

Эстрада өнері 20 ғасырда пайда болды. Қазіргі уақытта халықтың арасыда өте тез дамып, әлемге кеңінен тараған. Осы кезде көптеген жаңа әндер дүниеге келді. Эстрадалық жанр музыкалық көркемделуі жағынан күрделі болғанымен, орындалуы жеңіл. Вокалдық әндер мен кәсіби классикалық әндерді арнайы музыкалық білімі бар адамдар ғана айта алады. Ал эстрадалық әнді кез келген арнайы музыкалық білімі жоқ адамдар да орындап шыға алады. Эстрадалық әнді орындау үшін баланың музыкаға деген қызығушылығы мен музыканы қабылдау және орындау қабілеті болса болғаны.

Тақтада плакатпен

.





















Оқулықпен жұмыс: 5мин. Оқулықтағы «Дос - мұқасан» оқушыларға оқыту.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс: 2 мин Суретке қарап ән мазмұны туралы әңгімелеу.

Нота сауаты: 5мин. Ноталардың салынуы мен саналуы.

Ән үйрету: 5мин. Ән: Наурыз . Эстрада әншісі Роза Рымбаеваның орындауында

Дәптермен жұмыс: 2 мин Тақтадағы схемаларды дәптерге көшіру

Бекіту: 5 мин . Кері байланыс парағы «Екі жұлдыз бір ұсыныс»

Балалар қазір мен сіздерге мынадай «Екі жұлдызбір ұсыныс» атты парақ таратамын. Сіздер осы параққа бүгінгі сабақ қалай өтті, несімен ұнады, бұл сабақтан не білдіңдер, не үйрендіңдер, болашақта не үйренгілерің келеді. Сол туралы қысқаша ғана жаза қойыңыздар.

Үйге тапсырма: 1 мин. Келесі сабағымызда қортынды тест болады сондықтан ІІІ тоқсанда өткен тақырыптарды қайталап оқып, тестқа дайындалып келеміз. Үйренген әніміздің сөзін жаттап келеміз

Бағалау: 2 мин. Ұпай сандарын есептеп, бағаларын атап, күнделіктеріне қою.


© 2010-2022