Ашық сабақ 3 сынып

Сабақтың   мақсаты: Білімділік: Біржан сал Қожағұлұлының өмірін және шығармашылық жолын оқушыларға түсіндіру. Дамытушылық:  Музыкалық  сауаттары мен ырғақты қимылдарын дамыту. Тәрбиелілік:  Музыка тыңдау,үйрену арқылы қоршыған ортадағы сұлулықты,табиғат әсемдігін сезінуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ақынның портрті, музыкалық аспаптар. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері арқылы оқушылардың  көңіл күйле...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО, Тасқала ауданы

Амангелді орта мектеп-балабақшасының

музыка пәнінің мұғалімі Салиха Жолаевна Серикова


«Біржан сал Қожағұлұлы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Біржан сал Қожағұлұлының өмірін және шығармашылық жолын оқушыларға түсіндіру.

Дамытушылық: Музыкалық сауаттары мен ырғақты қимылдарын дамыту.

Тәрбиелілік: Музыка тыңдау,үйрену арқылы қоршыған ортадағы сұлулықты,табиғат әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ақынның портрті, музыкалық аспаптар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері арқылы оқушылардың көңіл күйлерін көтеру.

Жалпылама сұрақтар:

- Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?

- Сыбызғы аспабын неден жасайды?

- Өнер туралы мақал-мәтел айтыңдар

- Қандай халық әндерін білесіңдер?

Оқулықпен жұмыс.

Көкше жерінен шыққан тағы бір ірі өнер адамы - Біржан сал Қожағұлұлы ақын, әнші, композитор. Ата мен әже тәрбиесінде өскен ерке Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ержетеді. Дарынды бала жас шағынан домбырамен ән салуға , өлең сөзді қиыстыруға бейімдігін байқатады.

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,

Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.

Қасыңа мені сендер неге алмайсың,

Өзім сұңқар, өзім сал кімге зармын.
Біржанның ерекше ақындық -сазгерлік дарынын бағалаған халық оған сал деген қосымша ат берді. Әндері: «Бурылтай», «Теміртас», «Айтбай», «Ғашығым», «Ләйлім шырақ» т.б. әндері бар.

Музыка тыңдау.

Біржан салдың «Адасқақ» әнін тыңдау.

Дауыс жаттықтыру.

Гамма орындау (тұрақты дыбыстарды тура және кері әндетіп айту).

Ән орындау.

Біржанның әні «Көкек» жаттату.

Сөзжұмбақ жасыру.

Мәтінде берілген Біржан әндерінің атын дұрыс орналастыру тапсырмасы орындалады.

Бас сөз: «БІРЖАН»

  1. Б - «Бурылтай»;

  2. І - «Ләйлім шырақ»;

  3. Р - «Теміртас»;

  4. Ж - «Жанбота»;

  5. А - «Айтбай»;

  6. Н - «Жонып алды»

Сергіту сәті.

Сылдыр ,сылдыр сылдырла,

Сыңғыр сыңғыр сыңғырла.

Құлағыма естілді әсем

Әуен музыка до, ре, ми, фа,соль.

Сабақты қорыту:

- Жетісу жерінде Біржан кіммен айтысты?

- Қандай сал-серілерді білесің?

- Сал-сері деген кім?

Үйге тапсырма: «Көкек» әнін жаттау.

Оқушыларды бағалау.








Ашық сабақ 3 сынып


© 2010-2022