Түркі халықтарындағы үрлемелі және ұрмалы аспаптар ашық сабақ

Раздел Музыка
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5 сынып

Пәні: Музыка

Сабақтың тақырыбы: Түркі халықтарындағы үрлемелі және ұрмалы аспаптар.

Сабақтың мақсаты: Үрлемелі және ұрмалы аспаптармен танысу.

Сабақтың міндеті:1. Аспаптар ерекшелігімен танысу.

2. Ән айту қабілетін дамыту.

3. Адамгершілікке, сүйіспеншілікке үндеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы

Түркі халықтарындағы үрлемелі және ұрмалы аспаптар жайлы әңгімелеу.

Түркі халықтарының ұрмалы аспаптары жайлы әңгіме болады. Бұл сабақта отырықшы және көшпелі халықтардың музыкалық аспаптарын бөліп қарастырамыз. Көшпелі халықтарда үрлемелі және ұрмалы аспаптары көбіне аңшылық пен әскери жорықтарда хабар беретін құрал ретінде пайдаланғанына назар аударған жөн. Аспаптың дыбыс күші оның көлемі мен жасалған материалына байланысты болған. Қарапайым өмірде және күнделікті тұрмыста бұл аспаптар қолданысқа енбеген. Сол себепті де мұндай аспаптар бәз қапында, яғни еш өзгеріске ұшырамаған.

Ал отырықшы түркі халықтарында ұрмалы аспаптар үлкен маңызға ие болған. Бұл аспаптар ансамбльде жетекші орынға шыққан. Ол тіпті «дирижер» қызметін атқарған. Ұлмалы аспаптар мугам мен билерді сүйемелдеуде үлкен рөл атқарған. Ансамбльде бұл аспаптардың дыбысы нақты да анық естілу үшін шеберлер әрдайым жетілдіріп отырған. Яғни ұрмалы аспаптардың көптеген түрлерін жасап, олардың дыбысы мен үнін жетілдіруге үлкен күш жұмсаған. Оларды сұлулап қолға ыңғайлы, әрі жеңіл етіп жасаған.

Ән орындау.

Қалек Құмақайұлының орындауында «Алыстағы арман» күйін тыңдау.

Б .Бейсенованың «Жаңа жыл» әнін әрі қарай үйрену.

Білгендерін сұрау.

Бұл бөлімде берілген ақпаратты жаңа тақырыпты ашуда қосымша пайдалануға болады.

Қорытындылау.

Терминдерге түсінік беру.

Үйге тапсырма.

Оқушылардың өзіндік жұмысы үй тапсырмасы ретінде беріледі.

© 2010-2022