Халық музыкасының концерті, сабақ жоспар

Атырау  қаласы, Дамбы  селосы Амангелді  орта  мектебі Музыка  пәні  мүғалімі Бултакова Гулзира Идеяткызы Тақырыбы: Халық музыкасының концерті     Халық музыкасының концерті Сабақтың мақсаты: Құрманғазы ұлт аспаптар оркестрмен таныстыру. Білімділігі: Оркестр құрамындағы аспаптармен танысу. Дамытушылығы: Ән айту дағдысын дамыту. Тәрбиелігі: 1.Халық музыкасын құрметтеу. 2. Сахна мәдениетін сақтауға тәрбиелеу. 3. Музыкалық шығарма арқылы аналарды құрметтеуге тәрбиелеу. Жаңа тақырыпты меңгеру: Әңгі...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Халық музыкасының концерті, сабақ жоспарХалық музыкасының концерті, сабақ жоспарХалық музыкасының концерті, сабақ жоспарХалық музыкасының концерті, сабақ жоспарХалық музыкасының концерті, сабақ жоспарАтырау қаласы,Дамбы селосы

Амангелді орта мектебі

Музыка пәні мүғалімі

Бултакова Гулзира Идеяткызы

Тақырыбы: Халық музыкасының концерті

Халық музыкасының концерті

Сабақтың мақсаты: Құрманғазы ұлт аспаптар оркестрмен таныстыру.

Білімділігі: Оркестр құрамындағы аспаптармен танысу.

Дамытушылығы: Ән айту дағдысын дамыту.

Тәрбиелігі:

1.Халық музыкасын құрметтеу.

2. Сахна мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.

3. Музыкалық шығарма арқылы аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Жаңа тақырыпты меңгеру: Әңгіме әдісі арқылы.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Ән үйрену: Құттықтаймын мама туған күніңмен.

I. Ой қозғау: Теледидар зәулім Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің концерт залы.

- Концерт залы қабаттан тұрады. Әрбір қабаттағы берілген тапсырманы орындап, жоғары көтерілеміз.

1-қабат. Касса (сурақ-жауап)

2-қабат. Үлкен зал (Құрманғазы оркестр қойылымы)

Оң жақ қанаты. (көрме ұлағатты сөзер)

Сол жақ қанаты. Кіші зал ( Аналарға арналған әндер)

-Қазір концерт залына кіру үшін билет сатылады. Әр билетте сіздерге жазылған сұраққа жауап береміз.

1.Құрманғазының шәкірті кім?

2. Күй дегеніміз не? (аспапта орындайтын шығарма)

3. Домбыра аспабында тарту тәсілі нешеге бөлінеді? (төкпе, шертпе)

4.Қобыз аспабы қалай ойналады? (ысқышпен)

5. Қандай ұрмалы аспапты білесің? (Дабыл, дауылпаз)

6. Қандай театрларды білесің? (опера балет театры, драмалық театр, қуыршақ театры)

Мағынаны тану:

-Енді 2-ші қабатқа «Үлкен залға» барамыз.

Ертеде қазақтың әндері мен күйлерін біздің аталарымыз домбыра немесе қобызда жеке орындаған. Ал қазіргі таңда күйлер мен әндерді оркестрдің орындауында тыңдауға болады. Оркестрдің құрамынжа кептеген аспаптар бар. Домбыра, қобыз, сырнай, ұрмалы және үрмелі аспаптардың әр түрін көре аласың. Бұл аспаптарды 70- ке жуық адам қосылып ойнайды. Мұндай үлкен оркестрді дирижер басқарды. Орындаушылар дерижердің қолына қарап барлығы бір адамдай орындайды. Үлкен ұжым бір адамдай бірге орындау үшін көп дайындық жасайды. Оркестр тек қана күйлер орындап қоймай, Еуропа және орыс классик композиторларының шығармаларын да нақшына келтіріп орындайды.

II. «Сарыарқа» күйін тыңдаймыз.

Бұл күйде алтын даланың суреті бейнеленіп қана қоймай, еркіндік іздеген қазақ халқына тұлғасығ алай-түлей аттың - шабысы суреттеледі.

III. Оң жақ қанатына барайық. Бұл қабатта көрме. Халық композиторларының суреті. Ұлағатты сөздерге тоқталамыз.

дирижер

композитор

ғалым

1906 жыл

Абай операсы

Ахмет

Жұбанов





IV. Сол жақ қанатына Кіші зал.

Сергіту сәті. «Оркестр»ойыны ойналды.

Әрбур балаға сурет беремін (домбыра, қобыз, ұрып ойнайтын аспаптар) «Сарыарқа» күйінің негізгі әуенін «до» буынына айтқызу. Ерін жиырылып, ауыз дөңгелене ашылады. Ырғағына ерекше мән беріледі.

V.Ән орындайық.

Алда келе жатқан 8 наурыз мерекесіне өлеңі Мұқағали, әні Тілендиевтің «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен» әні орындалады.

VI. Сабақты бекіту.

Әрбір оқушыға гүлше таратылады. Балалар аналарға ыстық лебізін, б.гінгі сабақтан алған әсерлерін гүлшеге жазып «Түймедақ» г.лін жасаймыз.

Қорытынды:

Бағалау «5» алған оқушыларға «Уздік халық артисі» атағы беріледі. Орден

« 4» алған оқушыларға «Өнер қайраткері» атағы беріледі.Медаль

© 2010-2022