Методическая разработка на тему «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Раздел Музыка
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Мақсаты: Тәуелсіздіктің 24 жылдық мерекесіне арналған әдеби - сазды қойылым арқылы оқушыларды тарихи оқиғаларды көрініс түрінде шежірелі даталар мен кезеңдермен таныстыру. Елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар, қанатты және нақыл сөздер, ұлттық киімдер, шарлар, гүлдер.
Барысы:
І бөлім: Абылай заманы - батырлар заманы
ІІ бөлім: Ақтаңдақ жылдар
ІІІ бөлім: Қайсар рухты қазақпыз
ІҮ бөлім: Тәуелсіздік тұғыры

1 - жүргізуші: Азаттық, Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құру үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
2 - жүргізуші: Абылай заманы - батырлар заманы.
Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама!
МУЗЫКА: ЕЛІМ - АЙ
І көрініс: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы.

1 - жүргізуші:
Енді бізге қайта оралды заңғарлар!
Сталиндік тозақтарда жанғандар!
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбетер, Мағжандар!
2 - жүргізуші: Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де, тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

ІІ КӨРІНІС. МУЗЫКА

Бес арыс бейнесіндегі бес баланы әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады да,
Әскер: - Иә, соңғы сөзді іштеріңнен кім айтады?
Міржақып Дулатов:
Ей, тәкаппар, дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.
(Мылтық даусы естіледі, құлайды)
Мұңды музыка ойналады.
1 - жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсаны.
2 - жүргізуші: Қазақтың санасын сілкіндірген Желтоқсан ызғары жылдар бойы армен мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
1 - жүргізуші: Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып, келер ғасырға.
2 - жүргізуші: Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.
Бейнетаспадан көрініс көрсету «Желтоқсан оқиғасынан үзінді көрсету»

Көрініс «Тәуелсіздік алған күн»

1 - жүргізуші: Тәуелсіз ел атандық,
Биік даңқың.
2 - жүргізуші: Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың.
1 - жүргізуші: Ата - баба қанымен келген бізге,
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік құт болып, қонды еліме!
1 - жүргізуші: Қорғап сені өтетін өле - өлгенше,
2 - жүргізуші: Мақтанамын әлемге
Мен - азатпын!

Қазақ биі

2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші: Тәуелсіздік мерекесіне арналған құттықтау сөзін мектеп басшысы Мейрамгүл Аяғанқызына беріледі.
1 - жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 24 жылы - жоғалғанымыздың көзі, іздегеніміздің өзі.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Алдымызда алыс сапарға басталған жол, алыс күндерге шақырған ізгі мақсат жаты. Ақыл мен парасаттың ұлы көріністерін еншілеген халқымыздың ықылым заманнан бастау алатын қымбат тарихы жатыр»- дей келе; Тәуелсіздігіміздің берік, ынтымақты болуы үшін жас ұрпаққа мынадай қанатты сөздер айтты.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр - қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға да соншалықты қажыр - қайрат керек.
Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болу керек.
Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. ел бірлігі - асыл қасиет.
2 - жүргізуші: Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақ мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа.
1 - жүргізуші: Біздің елімізге бойына ата - бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай еңбек ететін, ой - өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.

ӘН «ТӘУЕЛСІЗДІК» НАЗГҮЛ

2 - жүргізуші:

Ата-бабам тұлпар мініп ,ойқастап,

Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап.

Тәуелсіз ел Президенті сайланды;

Қазағымның НҰРСҰЛТАНЫ ел бастап.

ӘН «ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАНАТЫ» трио

2 - жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
1-жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
БИ «ОРЫС БИІ»
1 - жүргізуші:
Қазақстан - үлкен мемлекет.
2 - жүргізуші: Қазақстан деген
Қ - Қасиет пен құт дарыған ел,
А - Аңсаған арманы орындалған ел.
З - Заман ағысынан қалмаған ел.
А - Азаттығын асқақтатқан ел.
Қ - Қаһарман, батырлар туған ел.
С - Сан ғасыр азап шеккен ел,
Т - Тәуелсіздік, егемендік алған ел.
А - Азаматын ардақтаған ел.
Н - Намысын сақтай білген ел!
ӘН: «Жаңа ғасыр Қазақстан» - квартет

БИ «ТАРАНТЕЛЛА» итальян биі
1-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
2-жүргізуші:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Ән «Тәуелсіздік» - трио Сандуғаш, Мадина, Аслан
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
24жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

© 2010-2022