Музыка пәні тақырыбы: Музка әлемінде

Күні: Пәні: Музыка Тақырыбы: Музыка әлемінде.Мақсаты: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет қалыптастыру; бала бойындағы табиғи музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Пайдаланылатын құралдар: үнтаспадағы құстар дауысы, скрипкалық кілт, ноталар, ұзындығы 1,5 м 5 жіп, бор.Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: музыкалық жанрлар: ән, күй, би, марш тыңдау, салыстыру, ажырату.Іс-әрекет кезеңі:Ақырын, баяу муз...
Раздел Музыка
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Пәні: Музыка

Тақырыбы: Музыка әлемінде.

Мақсаты: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет қалыптастыру; бала бойындағы табиғи музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Пайдаланылатын құралдар: үнтаспадағы құстар дауысы, скрипкалық кілт, ноталар, ұзындығы 1,5 м 5 жіп, бор.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: музыкалық жанрлар: ән, күй, би, марш тыңдау, салыстыру, ажырату.

Іс-әрекет кезеңі:

Ақырын, баяу музыка ойнап тұрады.

  • Балалар, музыка дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Дұрыс, музыка адамның көңіл күйін, сезімін баурап алатын ғажайып дыбыс.

Ән тыңдау. Балаларға танымал әндер. «Қайырлы таң». Е. Өміров.

Музыка жетекшісі балаларға танымал деген бірнеше әннен үзінді ойнап, төмендегідей сұрақтар қояды: - Сендер бұл әнді білесіңдер ме?

  • Бұл ән не туралы?

  • Ән қандай? Көңілді ме, әлде мұңды ма?

  • Музыкалық дыбыстар қандай болады?

  • Музыкада жоғары және төмен дыбыстар болады. Дыбыстар жоғарылаған сайын жіңішке, ал төмендегенде жуан болып шығады.

  • Қандай музыка түрлерін білесіңдер?

  • Музыканы жазатын адамды қалай атайды?

  • Әннің сөзін жазатын адамды қалай атайды?

  • Балалар, сендер санамақ білесіңдер ме? (1-ден 7-ге дейінгі).

Кез келген музыканы, әнді орындау үшін оны түрлі белгілермен қағаз бетіне түсіреді.

Санамақтар сияқты музыкада 7 белгі бар, олар НОТА деп аталады (қайталау).

Тақтада жазылған немесе үлкен форматты қағазға жазылған түрлі - түсті ноталарды көрсету.

Скрипка кілті туралы мағлұмат беру.

  • Осы музыкалық кілт неше сызықшаның үстінде тұр? (5)

  • Ал мына белгілер қалай аталады?

  • Олар нешеу? - До - Ре - Ми - Фа - Соль - Ля - Си. (Қайталау).

  • Ноталар қалай орналасқан?

Ойын: Бірінші нота қандай?

Үшінші нота қандай?

Бесінші нота қандай?

Соңғы нота қандай?

Екінші нота қандай? (Хормен қайталау; ойынды біртіндеп күрделендіре ұйымдастыру: қатарынан еденге салынған 5 жіп, сызылған сызықтарға балалар барып, аталған нотаның орнына тұру).

Міне қазір ән сабағы Барлығымыз ән саламыз! Әнге сәйкес қол соғамыз.

Ән айту. «ДО-РЕ-МИ». 0. Байділдаев.

Музыкалық аспапта ойнау: 2-3 түрлі балаларға арналған музыкалық аспап. Балалар қалауы бойынша аспапты таңдап, ойнайды.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Үш би». Би,би түрлері(қазақтың ұлттық, орыс халқының ұлттық билері (плясовая, кадриль, вальс), басқа ұлттар биі, полька, т.б.) туралы мағлұмат беру; балалардың қалауы бойынша би орындау.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Бүгін сабақта не үйрендіңдер? Неше нота? Музыка қалай белгіленеді? Енді сендер ноталарды білесіңдер, ұмытпауға тырысыңдар. Келесі сабақтарда осы ноталар арқылы түрлі аспаптарда орындалатын қызықты, адамды еліктіріп, баурап алатын музыкалармен танысып тыңдаймыз. Музыканың құдіреті өте күшті. Таңертең ояна сала, кешке ұйықтар алдында жайлы музыка тыңдаса, адам музыкадан нәр алып, жақсы сезімдерге бөленеді.









© 2010-2022