Музыка пәнінен тақырыптық тест

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МУЗЫКАЛЫҚ САУАТ

СӘЙКЕСТЕНДІР

ЕРЕЖЕСІ

1

Прелюдия

әрбір хор алдында орындалатын музыкалық шығарма

2

Ариозо

Операда жеке орындалатын ән. Ол кейіпкердің уақытша көңіл - күйін білдіреді

3

Кантата

Жеке дауыс, хор және оркестрге арналған бірнеше бөлімді күрделі музыкалық шығарма

4

Месса

Католик дініндегі жексенбі күні құдайға құлшылықта айтылатын діни ән.

5

Опера

Сөзге, сахналық қозғалысқа және музыкаға негізделіп жазылатын үлкен музыкалы - драмалық шығарма

6

Симфония

әдетте төрт бөлімнен тұратын, оркестрге арналған көлемді музыкалық шығарма

7

Симфониялық оркестр

Ішекті, ысқышты, үрмелі, ұрмалы аспаптарда музыкалық шығармаларды бірігіп орындайтын музыканттардың үлкен тобы

8

Балет

Музыка, би және драмалық қозғалыс өнерінің жиынтығы

9

Увертюра

Опера басталар алдында орындалатын оркестрге арналған кіріспе

10

Ария

Опера кейіпкерлерінің оркестр сүйемелдеуімен жеке дауыста орындайтын әні

11

Речитатив

Ырғағы мен айтылуы ауызекі сөзге келетін, термелете орындалатын вокалды музыка

12

Каденция

Музыкалық шығарманы аяқтау арналған әуендік немесе гормониялық құрылым

13

Фактура

Музыкалық шығарманы жазу, мазмұндау әдісі

14

Кода

Музыкалық шығарманың қорытынды бөлімі

15

Унисон

Бірнеше дыбыстың бір уақытта, бірдей дыбыс қатарында айтылуы

16

Кантилена

Өте сазды әуен

17

Регистр

Дауыс пен аспап дыбыс ауқымының белгілі көлемі

18

Романс

Жеке дауыс пен фортепианоға арналған шағын шығарма

19

Ансамбль

Бір әуенді бірнеше орындаушының бірігіп орындауы

6 - сыныпқа арналған музыка пәнінен бақылау тесті


© 2010-2022