Музыка тамыры

Сабақтың тақырыбы: Музыка тамыры 1. «Қамажай» халық әні - тындау. 2. «Бір бала» халық әні - тыңдау. 3. «Балдырғандар әні» Ш. Қалдаяқов - үйрену. 4. «Отан біздің әніміз» М. Керейбаев - үйрену. 5. «Қазақ жері» Б. Әлімжан - тыңдау. Сабақтың мақсаты - оқушыларды музыка шығармалары арқылы өз жерінің нағыз азаматы етіп тәрбиелеу, әр балаға туған Отаны ту­ралы, ата-анасы, дос-жарандары жөнінде рухани жағымды ой-пікірін қалыптастыру. Тақырып мақсаты баланың 1-сыныпта алған білімін тереңдетіп, музыка жайлы алған білімдерін дамытуға арналады. Алдыңғы сыныпта тыңдаған, орындаған халық әндері мен халық күйлерін еске түсіре отырып, музыка тамырының және музыканың бастау бұлағы халықта жатқандығы ұғындырылады. Халық әні, халық күйі, жыр, терме, дастан, толғау, айтыс мәңгі өлмейтін халықтық қазына екендігі айтылып, музыканың құдіреттілігі «Мұрадан қалған мүлік тозады, мұрадан қалған өнер озады» деген да­на сөздің мағынасымен түсіндіріледі. Халық музыкасының ешқашан өшпейтіндігі, оны әр заманның әншілері мен күйшілері орындап, жаңартып, құлпыртып жатқандығын оқушыға жете түсіндіріледі. «Қамажай» халық әні тыңдатылады. Әннің мазмұны қысқаша түсіндіріледі. Мұндағы музыка дыбыстарының қысқа, жеңіл, сергек орындалып, әннің әуеніне қарай би қимылдарын келтіруге болатынын оқушылар өздері-ақ айтып береді. Бірнеше қызды осы әуенге билетуге болады. «Бір бала» халық әні де тыңдауға арналған. Ән кең тынысты, бірқалыпты, жұмсақ, жай орындалады. Әннің мазмұнын талдата келе, қыран құс биікке қалай самғаса балалардың да білім мен өнер әлемінің биік шыңына солай шығу керектігі айтылады. Бұл әнде дауысты дыбы­стар барынша созылып айтылады. Бірінші сабақта Ш. Қалдаяқовтың «Балдырғандар» әні үйретіледі. Ән жігерлі, шабытты, көңілді орындалады. Ән мазмұны жас жеткіншіктерді өнерлі, талапты, әдепті, ержүрек болуға шақырады. Келесі сабақта «Отан - біздің әніміз» әні үйретіледі. Шығарма мазмұнын түсінген оқушылар сүйікті Отаны туралы әнді толғана, үлкен сезіммен орындайды. Баланың ән айту шеберлігі өзінің ұнататын әндерін орындау кезінде шыңдалатынын ескерген жөн. Әннің әсерлі болуы үшін дикцияға көңіл бөлінеді. Әннің фразалық құрылысы талданып, дұрыс тыныс алуға үйретіледі. Мұғалім жеке дыбыстарды әндете, созып ай­тып, баланың қайталауын талап етеді. Бала дыбысты дәл айтуға, ән әуенінің көтерілу бағытын аңғаруға тал... Б. Әлімжанның «Қазақ жері» әнін мұғалім тыңдатар, үйретер алдында «Атамекен» тақырыбында әңгіме жүргізіледі. Әннің сөз мәтініндегі әрбір сөзге мән беріп орындау керек. Қайырмасында кездесетін биік тесситураға аса мән берген жөн, яғни орындау барысында биік ноталарды дұрыс, фальцетпен айтуға тырысу қажет.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Музыка тамыры

1. «Қамажай» халық әні - тындау.

2. «Бір бала» халық әні - тыңдау.

3. «Балдырғандар әні» Ш. Қалдаяқов - үйрену.

4. «Отан біздің әніміз» М. Керейбаев - үйрену.

5. «Қазақ жері» Б. Әлімжан - тыңдау.

Сабақтың мақсаты - оқушыларды музыка шығармалары арқылы өз жерінің нағыз азаматы етіп тәрбиелеу, әр балаға туған Отаны туралы, ата-анасы, дос-жарандары жөнінде рухани жағымды ой-пікірін қалыптастыру.

Тақырып мақсаты баланың 1-сыныпта алған білімін тереңдетіп, музыка жайлы алған білімдерін дамытуға арналады. Алдыңғы сыныпта тыңдаған, орындаған халық әндері мен халық күйлерін еске түсіре отырып, музыка тамырының және музыканың бастау бұлағы халықта жатқандығы ұғындырылады.

Халық әні, халық күйі, жыр, терме, дастан, толғау, айтыс мәңгі өлмейтін халықтық қазына екендігі айтылып, музыканың құдіреттілігі "Мұрадан қалған мүлік тозады, мұрадан қалған өнер озады" деген дана сөздің мағынасымен түсіндіріледі. Халық музыкасының ешқашан өшпейтіндігі, оны әр заманның әншілері мен күйшілері орындап, жаңартып, құлпыртып жатқандығын оқушыға жете түсіндіріледі.

«Қамажай» халық әні тыңдатылады. Әннің мазмұны қысқаша түсіндіріледі. Мұндағы музыка дыбыстарының қысқа, жеңіл, сергек орындалып, әннің әуеніне қарай би қимылдарын келтіруге болатынын оқушылар өздері-ақ айтып береді. Бірнеше қызды осы әуенге билетуге болады.

«Бір бала» халық әні де тыңдауға арналған. Ән кең тынысты, бірқалыпты, жұмсақ, жай орындалады. Әннің мазмұнын талдата келе, қыран құс биікке қалай самғаса балалардың да білім мен өнер әлемінің биік шыңына солай шығу керектігі айтылады. Бұл әнде дауысты дыбыстар барынша созылып айтылады.

Бірінші сабақта Ш. Қалдаяқовтың «Балдырғандар» әні үйретіледі. Ән жігерлі, шабытты, көңілді орындалады. Ән мазмұны жас жеткіншіктерді өнерлі, талапты, әдепті, ержүрек болуға шақырады.

Келесі сабақта «Отан - біздің әніміз» әні үйретіледі. Шығарма мазмұнын түсінген оқушылар сүйікті Отаны туралы әнді толғана, үлкен сезіммен орындайды. Баланың ән айту шеберлігі өзінің ұнататын әндерін орындау кезінде шыңдалатынын ескерген жөн. Әннің әсерлі болуы үшін дикцияға көңіл бөлінеді. Әннің фразалық құрылысы талданып, дұрыс тыныс алуға үйретіледі. Мұғалім жеке дыбыстарды әндете, созып айтып, баланың қайталауын талап етеді. Бала дыбысты дәл айтуға, ән әуенінің көтерілу бағытын аңғаруға талпынады. Қол қимылы (дирижерлау) арқылы ән орындау үйретіледі.

Б. Әлімжанның «Қазақ жері» әнін мұғалім тыңдатар, үйретер алдында «Атамекен» тақырыбында әңгіме жүргізіледі. Әннің сөз мәтініндегі әрбір сөзге мән беріп орындау керек. Қайырмасында кездесетін биік тесситураға аса мән берген жөн, яғни орындау барысында биік ноталарды дұрыс, фальцетпен айтуға тырысу қажет.


© 2010-2022