Конспект

Сынып: 1 Сабақтың тақырыбы: «Дархан даланың үні – сыбызғы». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ежелгі үрмелі аспаптардың шығу тегімен таныстыру.    Дамытушылық: есту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Тәрбиелік: өнерге талпындыру.    Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа Сабақтың барысы:                                                        І. Ұйымдастыру                                                А) сәлемдесу                                                Ә) түгендеу                                                Б) сабаққа дайындығын тексеру                                               ІІ. Үй тапсырмасын тексеру   А)  оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.   Б) дауыс жаттығуы: Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор. 1. До, ре, ми. 2. Ми – и – и – я       ІІІ. Жаңа тақырып.         Қазақтың музыкалық аспаптарының келесі тобына – үрмелі және ұрмалы аспаптар жатады. Үрмелі аспаптар – үрлеп ойнайтын сыбызғы, сазсырнай аспаптары. Ал ұрмалы аспаптарға ұрып ойнайтын – дабыл, дауылпаз аспаптары жатады.       Сыбызғы – үрмелі аспаптардың бірі. Ол қамыс – қурайдан, ағаштан, жезден жасалады. Оның құрылысы – шанақ, өзек, ойықтан тұрады. Бармақпен басатын бірнеше тесігі болады (үш, төрт, бес). Өзектің ішіне бағытталған ауа тербеліп, жаңғырып, дыбыс шығарады.   Ертеде бір адам көл жағалауына келе жатып, бір дыбысты естиді. Сол дыбысты іздесе, көл жағалауында сынып тұрған қамысты көреді. Ол қамыс желдің тербелісімен әуендетіп тұр екен. Бұл дыбысқа қайран қалып, сол бетте қамысты кесіп алады. Қамысты үрлеп көрсе, одан әдемі дыбыс шығады. Табиғаттың сыйы болған қарапайм қамыс сұлу әуенге толы музыкалық аспапқа айналды. Қазақ халқы осы аспапты сыбызғы деп атап кетеді.   Музыка тыңдау: Сыбызғы аспабында орындалатын күй тыңдау.    Сергіту сәті: ба-ры-жо-ғын-ай-та-мыз,                         Біз-мек-теп-ке-ба-ра-мыз.                         Ән-үй-ре-ніп-би-би-леп,                         Біз-та-лап-ты-ба-ла-мыз. Екінші рет қайталағанда осы жаттығуды әртүрлі қимыл жасатып орындатса, бала серігіп, ән айтуға құштарлығы артады.    ІV. Қорытындылау. Сұрақтар 1.      Сыбызғы аспабы қалай пайда болды? 2.      Сыбызғы тектес қандай аспаптар бар? 3.      Сыбызғы аспабы неден жасалады?     Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы: «Дархан даланың үні - сыбызғы».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі үрмелі аспаптардың шығу тегімен таныстыру.

Дамытушылық: есту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: өнерге талпындыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) сәлемдесу

Ә) түгендеу

Б) сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

Б) дауыс жаттығуы: Гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор.

1. До, ре, ми.

2. Ми - и - и - я

ІІІ. Жаңа тақырып.

Қазақтың музыкалық аспаптарының келесі тобына - үрмелі және ұрмалы аспаптар жатады. Үрмелі аспаптар - үрлеп ойнайтын сыбызғы, сазсырнай аспаптары. Ал ұрмалы аспаптарға ұрып ойнайтын - дабыл, дауылпаз аспаптары жатады.

Сыбызғы - үрмелі аспаптардың бірі. Ол қамыс - қурайдан, ағаштан, жезден жасалады. Оның құрылысы - шанақ, өзек, ойықтан тұрады. Бармақпен басатын бірнеше тесігі болады (үш, төрт, бес). Өзектің ішіне бағытталған ауа тербеліп, жаңғырып, дыбыс шығарады.

Ертеде бір адам көл жағалауына келе жатып, бір дыбысты естиді. Сол дыбысты іздесе, көл жағалауында сынып тұрған қамысты көреді. Ол қамыс желдің тербелісімен әуендетіп тұр екен. Бұл дыбысқа қайран қалып, сол бетте қамысты кесіп алады. Қамысты үрлеп көрсе, одан әдемі дыбыс шығады. Табиғаттың сыйы болған қарапайм қамыс сұлу әуенге толы музыкалық аспапқа айналды. Қазақ халқы осы аспапты сыбызғы деп атап кетеді.

Музыка тыңдау: Сыбызғы аспабында орындалатын күй тыңдау.

Сергіту сәті: ба-ры-жо-ғын-ай-та-мыз,

Біз-мек-теп-ке-ба-ра-мыз.

Ән-үй-ре-ніп-би-би-леп,

Біз-та-лап-ты-ба-ла-мыз.

Екінші рет қайталағанда осы жаттығуды әртүрлі қимыл жасатып орындатса, бала серігіп, ән айтуға құштарлығы артады.

ІV. Қорытындылау. Сұрақтар

  1. Сыбызғы аспабы қалай пайда болды?

  2. Сыбызғы тектес қандай аспаптар бар?

  3. Сыбызғы аспабы неден жасалады?

Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.















© 2010-2022