Ертеңгілік: Қош келдіің мерекелі әз Наурыз!

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош келдің мерекелі әз Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;Балаларды елін,Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;Имандылық,инабаттылық,ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Қайырлы күн құрметті ата-аналармен қадірлі қонақтар.Сіздерді ұлыстың ұлы күні жыл басы, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Ендеше"Жұлдыз"тобының өткізгелі отырған"Қош келдің,мерекелі әз Наурыз"атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Қош келдің Наурызым, ардақты.

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе берсін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Наурызым, құт әкелсін елімізге,

Береке ырыс келсін жерімізге.

Жыланды қуанышпен шығарып сап,

Бақыт боп "жылқы" кірсін төрімізге.

Мен «Наурыз -қызбын»
Қыздарымда ұлдарымда қасымда
Ұлыс күнге жеттім міне, асыға
Келген жылым жақсылыққа басташы
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы!
Қарсы алыңыздар, енді халқым

«ЖҰЛДЫЗ» тобының бүлдіршіндерін!!!

(Наурыз думан деген әнмен жігіттер домбырамен және қыздар бимен кіреді)

Балалар бірге:Елдің көңілін шалқытқан,

Бас иеміз Наурыз!

Сені тойлап қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Сәлем беріп біз сізге

Би билейміз ән салып.

Наурыз тойы - береке

Наурыз тойы жыр аңыз.

Қызықты шулы мереке

Той думанды құрамыз.

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы қазір бізде қандай мереке?

Балалар: Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні.

Тәрбиеші: Олай болса балалар, жаңа жылымызды бастайық. (Ұлдарым молдасын құрып, қыздар тізелерін бүгіп керегенің жанына көрпеге отырады)

Тәрбиеші:Бүгін - Самарқанның көк тасы еріген күн.

Бүгін - Жаңғыру мейрамы!

Бүгін - Жыл басы, Жаңа жыл!

Қанеки құрметті ата - аналар! Сіздермен сұрақ - жауап жүргізсек. Егер жауап дұрыс болса қол шапалақтаймыз, бұрыс болса, аяғымызды топылдатамыз.

Сұрақтар:

1. Наурыз - түркі тектес мемлекеттердің жаңа жылы.

2. Наурызда ұлттық тағамдар пісірілмейді.

3. Наурыз көже - қазақтың ұлттық тағамы.

4. Наурыз көжеге 6 немесе 8 түрлі тағам түрлері қойылады.

5. Қымыз немістің ұлттық тағамы.

6. Футбол - қаазақтың ұлттық ойыны.

7. Қыдыр ата - тойларда бата беруге келеді.

8. Сыңсуды ер жігіттер айтады.

9. Бешбармақ француз елінің ұлттық тағамы.

10. Қазақы киімді кішіде, үлкенде киюге міндетті.

****** Сахна сыртынан шу естіледі***************

Жүргізуші бала:Бұл не шу?

Бұлар кімдер?

Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

Анау тұрған Қар екен,

Мынау тұрған Күн екен!

Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.

/Қар, қыс пен Күн болып киінген балалар шығады/

Қар: (Софияянұр)

Қара жерді ақ көрпеге ораған,

Кең даланы боранымен бораған,

Қыс керемет емес пе?

Күн: (Гүлстан)

Мал төлдеп, адам аузы аққа тиген,

Жер бусанып, мал ауызы көкке тиген,

Жаз керемет емес пе?

Қыс: (Айдана)

Құрт-құмырсқа, бақа-шаян жер бетіне шығатын,

Шыбын-шіркей, маса-қоңыз ызыңдап мазаң алатын,

Жаздың несі керемет?

Күн:Дүлей боран бораған,

Бетіңді аяз қарыған,

Қыстың несі керемет?

Қыс:Борандатсам, қырсыздарды сынағаным емес пе?

Қар жауғызсам, жерді көкке дайындағаным емес пе?

Күн /көніп/:

Жылқы кетті,

Қой жетті,

Бер жолыңды, Қар аға!

Қыс:Жолымды мақұл берейін,

Өз жөніме кетейін!

********************Қыс кетеді*****************

************* аластау рәсімі*************

Хамза: Алас, алас,

Мың бір пәледен алас,

Жүз бір қатерден алас,

Көзі жаманның көзінен сақта,

Тілі жаманның тілінен сақта,

Ниеті жаманның ниетінен сақта.

Жер-Ана, күш-қуат бере гөр, тәу-тәу!

Атар таң, ақ ниет бере гөр,тәу-тәу,

Самал жел, жаңа леп бере гөр, тәу-тәу!

Тәрбиеші: Қане достар тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға

Әннен шашу шашайық- халық әні «Гүлдерайым».

Наурыз айы келгенде ел жаңарып, жан - жануарлар төлдеп, ел ризығы басталып, жер аяғы кеңиді. Сол себепті жаңа жыл басталып, жеті түрлі тағамнан ұзын - сарыдан қалған сүр етті , жаңа сауылған сүт, айран, құрт, тұз, су, көкөністер қосылады.

Сонымен бірге бірнеше салт-дәстүрлер, әдет - ғұрыптар орындалады. Соның бірі «Бесікке салу». Бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы. Бесікті қолданбас бұрын, бесік аласталынады. Тыштыма жасап алып, баланы бесікке салады. Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы айтылады. Сіздерге, біздің қыздарымыздың бесікті аластау және бесік жырынан үзінді көрсетейік.

Айдана: Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның, көзінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Баланы бесікке бөлейді.
Келін - Жұлдыз:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Әлди, әлди, бөпешім,
Қозы жүні - көрпешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.
Алтын сақа ертегісінен үзінді.....

(шал далада қолында қамшы алып қой бағып жүреді)

Шал: Шеку, шеку ей кебенек. Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.

Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.

Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?

Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.

Мыстан: Сен маған не бересің?

Шал: Бір отар қой беремін.

Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.

Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал.

Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?

Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал. - Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады. Мыстан алтын сақаның жанында отырады.

( Бала сақасын іздеп шығады)

Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?

Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады. Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз. Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.

Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар.

Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз

Мыстан: Маған онда айтыс көрсетіңдер.

Айтыс:

Айша: Айналайын халқым -ай
Құтты болсын салтың -ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын -ай
Бекзат: Айналайын халқым -ай
Болсын жүзің жарқын -ай
Ата салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай
Айша: Айтсам егер жаңылтпаш
Жаңыласың қалқам -ай
Жұмбағымды шеше алмай
Қиналасың қалқам -ай
Бекзат: Қына тасқа бітеді
Ақыл басқа бітеді
Жұмбағыңды шешуге
Білім бізде жетеді
Айша: Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы жоқ төрінде
Самал еркін еседі
Біліміңді көрейін
Жауабын кім біледі?
Бекзат: Үйлеріңдей қаланың
Бөлек -бөлек бөлме жоқ
Айнала толған текемет

Ағаш үй ғой керемет

Хормен екеуі бірге:

Құтты болсын ағайын

Наурыз деген тойыңыз

Орындалсын әрқашан

Арман мақсат ойыңыз.

Тәрбиеші: Ал, енді жібересіз бе?

Мыстан кемпір: Жоо-жооқ, жібере алмаймын. Сендер әлі де менің көңілімнен шыққан жоқсыңдар. Сендер маған мынаны айтыңдаршы, «Ұйқыашар мен селтеткізер » деген салттың қандай айырмашылығы бар?

Тәрбиеші:Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып, ақындарын айтыстырып, балуандарын күрестіріп, той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, наурыз көже ішіп, таңды көзбен атырған. Сол түні ғашықтар бір-біріне көңілін білдірген.

Қыз бала ер балаға кесемен тағам ұсынып:

«Ұйқыашар» әзірледім,

Іше ғой, асыл бегім!

Ер бала кеседегіден дәм татып, тамсанып, «селт еткізер» сыйлайды:

Сыйласам қалқашыма «селт еткізер»,

Аңсаған арманыма сол жеткізер!

/екеуі қол ұстасады/

Осы кезде топқа Алдар көсе кіреді:

Мен Алдармын, Алдармын

Сақалымды талдармын

Сақал түгіл мұртта жоқ

Шайтанды да алдарман, а а а а-е е е е-ооооо-еееееей!

Сәлембердім баршаңа!

Сендей жұртым қаншама

Қайда жүрсең аман бол,

Беу балақай шаршама! - деп қойсам қайтеді екен. Не болды сендерге, мынадай меркеде көңіл - күйлеріңді кім түсірген?

Тәрбиеші: Мына Мыстан кемпір біздің Кенжебекті ұрлап әкетті.

Алдар: Әй мыстан, мұның не?

Мыстан: Не шаруаң бар, сен аралас па?

Алдар: Жооожжоқ, сен менің алдауыма түсіп қалсаң, босқа өкінесің, оданда тыныштықпен жібере қой. Наурыз тойында ренжісуге болмайды. Оданда кел, көрісіп, бір татуласайық.

Мыстан: Хахахахаха. мені әлсіз деп ойламаңдар. Оданда мына кішкентай адамдардың қандай өнерлері бар?

Тәрбиеші:

Әнім де саған, биім де

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш әкеп еліме

Күлімде, Наурыз күлімде.

Би:«Ламбада» биі.

Мыстан: Мына қыздар керемет билейді екен, ал аналары ойын ойнау білеме екен?

Жүргізуші: Ия, әрине біледі.

«Келіндер» ойыны.

1-тапсырма: 10 секунд ішінде орамал байлау

2 - тапсырма: сұрақтар:

-Ұлттық киімдерді ата?

-Түйенің сүті қалай аталады?

-Жылқының сүті қалай аталады?

-Ұлттық тағамдарды ата?

Мыстан кемпір:Ал, мен ойын ойнай аламын, сен ондай ойын ойнай алмайсыңдар, ха-ха-ха. Ол өте қиын ойын.

1.»Орамал тастамақ» ойыны

2.»Мергендер» ойыны

3.»Шаңырақ» ойыны

Алдар көсе: Қарашы, біздің балалар да, ата - аналар да өте белсенді.

Мыстан: Мен сендердің өнерлеріңді әлі тамашалаймын. Қане не істей аласыңдар тағы?

Тәрбиеші: Әдеби монтаж. Хош келдіңіз Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергің жасарып,
Гүлге бөлеп нұрға бөлеп аймақты.- менің балаларымның әдемі тілектері.

Ақтоты: Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады
Жұлдыз: Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет, бізге нұр беріп
Шуақ шашып, ақ жүзің
Сезім:Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Арманда оны көрген де,
Көрмегендер де арманда,
Наурыз айы келгенде.

Нұрдәулет:Ежелгі шығыс еліміз,
Аңсаған арман, ойы бар.
Тарқайтын шары жерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.
Нұрқанат:Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек, шаттық, жыл басы,
Наурыздан басталған.

Аяжан:Наурыз келсе, құт келгені,
Халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
Әділет:Жаңғырған дәстүр салтымыз,
Төгілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз - жыл басы.

Олжас:Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды.

Жамиля:Наурыз келді салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз.
Көшеге тал егеміз,
Жарқырады күніміз.

Нұрхан:Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз болып,
Басталыпты наурыздан.

Аяна: Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Мирас: О, ағайын, ағайын
Думанға толы маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз айы -бал айың
Ерсұлтан: Наурыз тойы -тамаша
Наурыз тойы - жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса
Назерке: Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!
Ғалымжан: Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
Мұхаммад: Бидай, күріш, тары бар
Бар сүр ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы

Мыстан: Мен тақпақтан жалығып кеттім, әндерің бар ма?

Тәрбиеші: Наурыз келді балалар

Көгерді қыр жағалар

Наурыз тойын тойлайық

Билейік, жыр жырлайық, -«Тұлпарым» жігіттердің орындауында.

Мыстан: Әй жігіттер мында келіңдер «Күш сынастырып» іштеріңнен мықтыны анықтайық.

Тәрбиеші: Наурыз тойы, көңіл тойы, көктем тойы

Жақсылық болса дейтін өмір бойы

Биылда былтырғыдай ақ көбейсін

Ендігі бақыт,байлық,бақ көбейсін-деп келіп отырған«Андижанның»қыздары мен жігіттері бар қарсы алайық.

Алдар: Балалармен және тәрбиешімен ақылдасып, мыстан қалта телефонын беріп алдап жіберейік деп ұсыныс айтады.

Тәрбиеші: мыстан сіз мында қараңыз. Неткен керемет зат бар менің қолымда. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызар, биді де, әндіде ол салғызар, тіптен керек десеңіз суретке де түсіреді. Әртүрлі ойын дар да бар. неткен керемет.

Мыстан: Қане әкел бері!

Алдар: М, біз саған бәрін беріп қойып қарап отыра алмаймыз. Одан да біздерге Кенжнбнеті қайтар. Содан соң аларсың.

Мыстан: Жарар, маған Кенежебектен келер пайда жоқ. Сен ана қолыңдағы дыбысы шығатын кірпішіңді бер, мен мына шалдың ұлын қайтарамын.

Сөйтіп, Кенжебек әкесіне, Мыстан өз еліне, Алдар көсе өз жолына кете береді. (Балаларға рахыметін айтып қоштасып кетеді)

************/бата тілейді/***************

Қайсар: Ата болып киінген бала:

Сұрасаң бата берейін,

Ақ тілекті төгейін.

Еліме берсін берекет,

Қашсын сырқат-бәлекет!

Кірсін дәулет есіктен,

Кетсін бейнет тесіктен,

Ескі жылым есірке,

Жаңа жылым жарылқа!

Дастарханың мол болсын!

Абыройың зор болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын! Әумин!
Тәрбиеші:Наурызым әкелсін деп береке ырыс

Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс

Жаңадан келе жатқан жылдың басын

Ақ құйып қарсы алғаның өте дұрыс

Берекең осылайша ортаймасын

Шаңырақ биік тіккен шайқалмасын

Босағама Наурыз құт боп кіріп

Елімнің ырысты ет кәрі жасын, - дей отырып, осыменен «Қош келдің меркелі әз - Наурыз» атты меркемізді аяқтаймыз!


© 2010-2022