Оқушыларға музыкадан білім берудің жаңаша тәсілдері

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шебер сынып тақырыбы:
Музыка пәні бойынша үйірме жұмысын жүргізуде жаңа технология

әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары.

  • Сәлемдесу.

  • Үлкендерге біз.

  • Кішілерге сіз

  • Құрметпенен бас иіп

  • Сәлембердік біз
    Буындармен қосылып ән салу

  • до - ре - ми - фа - соль - ля - си - до.

  • До - си - ля - соль - фа - ми - ре - до

Қосымша білім беру арқылы тұлғаны дамуына кәсіби бағдар берудің тиімді тәсілдері.

Түсініктеме.

Мақсаты:

Әншілік өнерді түсіне, оны сүйе білуге үйретуге. Ән орындау ережелерін бұлжытпай орындау дағдыларын қалыптастыруға; - Халық әндері мен композиторлық әндерді құрметтеп, мақтанышпен сазына келтіре орындауға үйретуге; Ән мазмұнына мән беріп,оны түсіне орындауға үйретуге міндетті

Дамытушылығы:

Музыкалық іс-әрекет арқылы жеке тұлғаның сезімін оятып, ән айту қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелілігі:

Жас талантты оқушыларды әншілік өнерге баулу, ән орындаудың ерекшеліктерін ұғындыру, әнді кәсіби деңгейде орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, танымдық сұрақтар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Шеберлік сыныбының барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын, назарларын сабаққа аудару.

Ән айту әдістері мен тәсілдері

Ән айтудың ережесі туралы түсінік.

« Айгөлек» әнін тыңдаймыз
Ой шақыру.
- Қандай ән тыңдадық?
- Қандай екпінде орындалады?

-Бұл ән кім орындайды?
- Осындай музыкада айтылатын әндер музыканың қандай түріне жатады деп ойлайсыңдар? (әр оқушы өз пікірлерін білдіріп өтетін тақырыпты ашады.

Музыка сауаттылығы: «си» нотасына анықтама. Си нотасы Үшінші сызықтың бойында жазылады.


Нота дәптерімен жұмыс: нота дәптерлеріне «си» нотасын салып үйрену.

Сергіту сәті. Иілеміз оңға біз
2. «Біліміңді байқап көр».\топпен және жекелеген оқушылармен жұмыс жасау\электронды оқулықпен жұмыс.

Шығармашылық тапсырма:

Түйіндеу. «Жоғалған нотаны тап!» дидактикалық ойыны.
1. до, ре, фа, соль, ля си (ми)
2. ре, ми, фа, соль, ля си (до)
3. ми, фа, соль, ля, си, до (ре)
4. до, ре, ми, соль, ля, си (фа)
5. до, ре, ми, фа, ля, си (соль)
6. до, ре, ми, фа, соль, си (ля)
7. си, соль, фа, ми, ре, до (ля)



М-С Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі

Шебер сынып тақырыбы



Музыка пәні бойынша үйірме жұмысын жүргізуде жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары.








Дайындаған:


Тлепова Айзада Ерхауовна

музыка пәнінің

ІІ- санат мұғалімі.





2016жыл.Оқушыларға музыкадан білім берудің жаңаша тәсілдері

© 2010-2022