Дәстүрлі үнді театры 5 cынып

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:


Пәні :

Музыка

Сыныбы:

5

Уақыты:


Тоқсанның тақырыбы:

Әлем халықтарының музыкалық театры.

Сабақтың тақырыбы:

Дәстүрлі Үнді театры. Биге тіл бітірген Үнділер.

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Үнді музыкалдық өнерімен таныстыру . Классика өнеріне бағыттау .


Б)Коммуникативтік

Музыка тыңдау , ән айту , өнер ұйымына деген көзқарастарын дамыту .


В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Мәдениеттілікке , өнерсүйгіштікке бағыттау .

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспа, деректер

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

Ұстаз еңбегін бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ? - ұстазымыз,

Өнер - білімге құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Жанрлары , ребус, Ән жаттау .

Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі Үнді театры

музыкасы

Дәстүрлі үнді театры 5 cынып Дәстүрлі үнді театры 5 cыныпҮнді музыкасы - әлемдегі ең көне, өзіндік келбеті бар ырғақ. Ол бастауын сонау біздің заманымызға дейінгі III ғасырдағы Махенджо Даро мен Хараппа өркениетінен алады. Үнді музыкасының дамуына (біздің заманымызға дейінгі алғашқы мыңжылдықтың бірінші жартысы мен екінші жартысының аяғы) Үнді әдеби ескерткіші Веданың әсері болды. Ол кезден Регвиданың (әнұран недасы) касиетті мәтіндері және одан ырғақ байлығы мол Самаведа (веда саз) әнұраны үлгілі болып есте қалды. Осындай дәстүрлі ведалық әуендермен қатар халықтық өнер түрлері де дамыды.

Дәстүрлі үнді театры 5 cыныпДәстүрлі үнді театры 5 cыныпДәстүрлі үнді театры 5 cыныпДәстүрлі үнді театры 5 cыныпҮнді фольклорының түрлік, жанрлық, ритмді-қалыптық бай касиеттері көп тілді, көп ұлтты Үнді елінің құрамына байланысты. Олардың ішінде тарихи сюжеттерге негізделіп, киял-ғажайып әлеміне сәйкес жасаған балладалары - Махараштрадағы лаванналар мен повадалар, Гуджараттағы билеп, ән салу рәсімдегі - гарба мен Мадхья-Продештегі - суа, Кераледегі - колаттам, Кашмирдегі - Чакри, Бенгалиядағы лирикалық әндер - бхатиали, Пенджабтағы - дхола, Раджастандағы - панихари, Пенджабтағы - махитъя, Уттар-Прадештегі - каджари билері бар. Соқпалы аспаптар құрамында дхол, охолак, дамару, удуккаи, даф, тамматаи, каиджира, гуммати, нагара, үрмелі аспапта - комбу, сингх (мүйіз тектес), тиручиннам, карна (қуыс турба) - бансури, мурали, нагасар (сырнай), нафери бар. Ішекті аспаптар - эктар, дотара, тунтуне, джантар, ішекті-қылды аспаптар - камайча, банам, саринда. Классикалық музыка өнерінің түрлері сонау VII ғасырдан бастап етек алып, әрбір ақсүйек сарайында аулада орындалып, кейін храмдар мен сарайлардағы дәстүрлі ұлттық музыка ретінде қалыптасады. Олар Үнділік классикалық стильдегі билер - бхарат, натъям, катхакали, манипура түрлеріне негіз болды. Үнді билерінің шығу тарихын шолып қарасақ, бұл үлкен шеберлікті талап ететін үлкен өнер. Үнді биі б.з.д 400 жылдары бастау алып, ең алғаш бұл биді Шива құдайы билеген деген аңыз бар. Түрлі қимылдардан құралған би өнерімен ол астан-кестені шыққан әлемді қайтап жинақтап, осы әлемді құрған-мыс. Үнді билері - театр өнерін жан-жақты түсіндіріп, қойылымдарды бөлшектеп қарастыратын 36 томнан тұратын Натья-шастра шығармасы бойынша қалыптасқан екен. Қазірде Натья-шастраға негізделген билер ең ежелгі болып саналады. Олардың: Бхаратанатьям, Одисси, Мохиниаттам, Кучипуди, Манипури, Сатрия, Катхакали, Катхак деген түрлері бар. Әрбір би абхинаямен, яғни мимикамен адамның не айтқысы келетінін, ойларын жеткізіп отырады. Және де мудра - саусақтардың орналасу салтын қадағалағау де үлкен шеберлікті талап етеді. Үнді фильмдері дегенде, ең алдымен үнді халқының бөлшегі іспеттес әндері мен билері еске түседі. Әрбір фильм үндінің музыкасы мен биін қосақтастыру салтынан алшақтаған емес. Алайда, билері осы күні тым заманауиланып, әу бастағы негізінен, тарихи құндылығынан, үлкен шеберлігінен айрылып бара жатқан сыңайлы.Мұны кеңестік "Хождение за три моря Афанасия Никитина" деген фильміндегі үнді қызымен әңгімелескен жерінде өте анық байқауға болады:

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық: Нотаға түс-у

Өздері білетін жеңіл әндерін нотаға жазып , көшіріп үйренеді .

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән жаттау:

Еділ - Жайық

с. Ж. Молдағалиевтікі

ә. И. Жақанов

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Құлпырады дала, гүлдейді орман,

Емізеді егіз Еділ мен Жайық.

Ақ шағала айдын, ақталған арман,

Тербетеді кеме, ойнайды қайық.

Ағады шалқып,

Аққулары қалқып,

Еділ мен Жайық!

Шырқалады әндер, жан жүрек іңкәр,

Сырқылдайды сұлу Еділ мен Жайық.

Әуелейді адам, самғайды сұңқар,

Шығандарға, шыңға қанатын жайып.

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

Үндінің «Бхарат-натьям» биі

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

«Үнді музыкаларын қаншалықты білемін? » әртүрлі музыкаларды жіберіп , ажырату арқылы тыңдаған шығармаларды ажырату .

Сұрақ - жауап айдарымен қорытындылау .

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындылай-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

Үй тапсырмасы

Ән жаттау , Реферат жазу .

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.



© 2010-2022