Конкурс-Шығармашылық ізденіс өрісі

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №274 ОРТА МЕКТЕБІ

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ











Кәсіби байқау

«Шығармашылық - ізденіс өрісі»



Құнанбаева Баян,

ән - әуез пәні, II- санатты мұғалім



Мазмұны:


І. Кіріспе бөлім.

Оқушы бойына шығармашылық қабілетті қалыптастыру жолдарының сипаттамасы.
ІІ. Негізгі бөлім.

Шығармашылық ізденіс өрісі - менің тәжірибемде. Күнделікті сабақ үрдісінде, сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланатын әдіс-тәсілдер мен дәлелдемелер.
ІІІ. Қорытынды бөлім.

2010-2015 оқу жылында шығармашылық ізденістің жеткізген нәтижелері.











«Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы»

О. Бальзак



Мақсаты: жан- жақты шығарамашылық ізденісі мен құзіреттілігі, мұғалімнің оң нәтижеге жеткізер мүмкіндігінің жолдарын сипаттау, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыру, рухани бейнесін, танымын қалыптастырып, қоғамның саналы азаматы етіп тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: білімді де білікті ұстаздармен тәжірибе алмасу, өз шығар-машылық тәжірибемді жариялай отырып, әдістемелік ой бөлісу, жетістіктерге

қол жеткізу.









  1. Кіріспе.

Шығармашылық ізденіс дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы. Біздің міндетіміз-оқушыға оның бойында жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту арқылы ғана біз нәтижеге қол жеткізе аламыз.Қазіргі заман талабына сай - білім беру үшін оқушылардың алдымен жеке қасиеттерін, қаблеттерін, белсенділіктерін арттырудың жолдарын қарастырған жөн деп білемін.

Аса көрнекті педагог Ы. Алтынсарин: «Мұғалім - мектептің жүрегі» деп орынды баға берген. Мұғалім - баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, бала қиялын самғататын, арманын көкке өрлететін басты тұлға.
Ал қазіргі ақпараттың қарыштап дамыған әлемінде сол жас ұрпақтың білім алуға деген құштарлығын арттыруда шығармашылық ізденістің, жаңа оқыту технологияларының алар орны ерекше.

Осы аталған технологиялар мен оқыту әдістері оқушыларды жан-жақты ізденуге ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.

Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру ең негізгі мақсат болып отыр
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану - мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырады.

Түрлі әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану.

Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер -адамдарды тәрбие-лейтін құрал» деп атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендері-мен, классикалық музыкамен ұштастыру, шығармашылықпен тақырыпты ашу, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу -музыка мұғалімінің өз ісінде деген шеберлігін талап етеді.

Мен өзімнің шығармашылық ізденісімнің арқасында сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Сол ізденіс нәтижесіндегі әдіс тәсілдерді өз қоржыныма жинақтап әр өтілген жаңа сабақта қолдануға тырысамын. Түрлі әдістерді таңдау барысында баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай өтілуі қадағалануы тиіс.


II. Негізгі бөлім

Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұр. «Маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат,өйткені мұғалім мектептің жүрегі», - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екендігі аян. Мұғалім үздіксіз ізденіп,жетіліп отырғанда ғана мұғалім,ізденуі тоқтаған сәтте оның мұғалімдігі жойылады. Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы керек.Ол бес жылда бір өткізілетін курстар мен аттестация арқылы дамып отыруы керек.

Сабақта мұғалімнің әр алуан оұыту әдіс тәсілдерінің тиімдісін оұушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ.

Сабақта жоғарғы сапаға жету үшін, алдымен пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Сондықтан оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыру мақсатында сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін сабақтарымда қолданамын.

Оның қатарына жүйелі өтетін ашық сабақтар,түрлі сайыстар,сыныптан тыс жұмыстар,байқаулар іс тәжірибелер, панорамалық сабақтар кіреді.

Атап айтсам: ассоциация, екі түрлі түсіндерме күнделік, концептуалды кестелер, Венн диаграммасы, кейіпкерге хат, семантикалық карта, репродуктивті әдістері, әуенді тап, өлең ұйқасын табу, ноталық кілттер сыры, мәдени орындарға, кітапханаға саяхат жасау, электронды оқулықтар пайдалану.

«Күй атасы - Құрманғазы» атты сабағымда үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Күй дегеніміз не?» деген сауал арқылы ассоциация әдісін қолдандым. Бұдан соң «ББҮ кестесі» әдісі арқылы оқушылардың өтілгелі тұрған жаңа тақырып аясында не білетіндерін, не білгілері келетіндерін анықтадым. Ән үйрену бағыты бойынша И. Нүсіпбаевтың «Домбырасыз сән қайда» деп аталатын өлеңін айтқыза отырып, өлең тақырыбына кластерлеу жұмысын тапсырдым. Нәтижесінде оқушылар өлеңмен қоса, оның мағынасы мен мазмұнын білді. Құрманғазының Динаға домбырасын аманат етуін экраннан тамашалап, «Күй -ғасырдың ғажап үні» атты көрмелік бұрыш ұйымдастырылды. «Ақсақ құлан» күйін тыңдап, шығу тарихымен танысқан оқушылар концеп-туалды кесте бойынша жұмыс жасады. Бұл әдісім арқылы оқушыларға күйдің түрін, дыбысталуын, қасиетін, қолданылуын меңгерте алдым деп айта аламын.

«Қаhарман- Нұрғиса » деп аталатын сабағымда «Нұрғиса кім?», «Нұрғисаның әндері» тақырыптарына ассоциация жасаттым.Деңгейлік тапсырмамен жұмыс жасалды. Сабақты қорытындылау мақсатында «Екі түрлі түсіндірме күнделік» әдісін қолдандым. Нәтижесінде оқушыларым жеке дара жұмыс жасай отырып, өз пікірлерін білдірді.Кеңірек мағұлмат алу мақсатымен қалалық «Шанс» балалар кітапханасына саяхат жасалды.

Сабақты бекіту мақсатында Нұрғиса шығармашылығына хронологиялық кесте толтырылды. Нәтижесінде оқушыларымның кесте толтыруда кейбір әндері мен күйлерін шатастырып алып жатты. Қателіктер дұрысталды ,дегенмен оқушыла-рым бұл тақырыпты меңгерді деп ойлаймын. Кейіпкерге хат әдісін пайдалану барысында, оқушыларымның Нұрғиса атасына деген ыстық ықыластарын білдіргенін байқадым. Сабақ барысында қолданған әдістерім сәтті шықты.

Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі.. Жасөспірімнің бойында талғампаздық, эмоциялық сезім қалыптастыруында, мәдениетті болып өсуінде, музыка әлемін түсінуінде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше..

«Жыл басы кім болады? музыкалық ертегі сабағында оқушылар кейіпкерлерге бөлініп,ормандағы жануарлар образын сомдау арқылы өтілді.. Оқушылардың қызығушылығы байқалып,актерлік шеберліктерін көрсете білді.

«Жапон музыкасының ерекшелігі» атты қалалық панорамалық сабақ жүргіздім.Аспап атауларына байланысты топтарды топтастырып, ассоциация әдісін қолдандым.Нагасаки қасіретінің видеосын экраннан тамашалау мүмкіндігі болды.Жапон қызының ұлттық киімімен келген бейнесінен балалар үлкен әсер алды. Сабақты бекіту мақсатында Венн диаграммасын қолдандым. «Жапон өнерінің шыңы» сұрақ-жауап арқылы қорытындыланды.Үй тапсырмасын сұрау барысында электронды оқулықтарды пайдаландым. Оқушылар халық музыкасымен кәсіби музыкасының айырмасын өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істей отырып толтырады. Мұғалімдер арасында өзара талдау жасалып.пікірталас жүргізілді.Методикалық ой бөлісіп,ішінара тәжірибе алмасу сабағы болды.

«Назым сөздің шебері -Тұрмағанбет» тақырыбымен алынған дәстүрлі ашық сабақ өтілді. Сыр сүлейі Тұрмағанбет шығармашылығына талдау жасалып,оны бүгінгі ұрпаққа тарату. Оқушылар өз беттерінше ізденімпаздыққа, өз шы-машылықтарымен топ алдында сөйлей білуге үйрене білді.

«Аспаптардың дыбыс бояуы» ашық сабағында - үй тапсырмасын сұрау барысында «Ішінара іздену әдісі» қолданылды.Нәтижесінде еске түсіру, іздену, ой қозғау арқылы өз жауаптарын жақсы көрсете білді.

Ұлы ғалым Менделеев - мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады»,-деген.

Шығармашылық ізденіс - бұл нақты әрекет барысында жүзеге асырылатын өз бастауы,өту барысында нәтижесі болатын үрдіс.

Дамытушылық және тәрбиелік мағынада «Білім мен тәрбие егіз» деген ұғымды ұстана отырып, сыныптан -тыс іс шаралардың өтілуі оқушы ізденімпаз-дығы мен ұйымшылдық белсенділіктерін арттырады.

Мектептегі бір сағаттық музыка сабағы оқушылардың музыкалық бейімділігін жете дамыта алмайды. Сондықтан сабақтан тыс жүргізілетін музыкалық жұмыстарға қатысуы арқылы олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың қай түрі болсын, оқушының музыка сабағынан алған білімін толықтыруға бағытталуы тиіс. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар балалардың музыкалық қабілетін дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастырады. Бала бойындағы көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамытуда, талантын ұштауда мектептердегі үйірме жұмыстарының тәлім-тәрбиелік маңызы ерекше. Үйірмелерде оқушылар музыка сабағында алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Бұл жұмыстарға оқушылар өз тілегі бойынша қатыстырылады және олардың бейімділігі ескеріледі. Осыған байланысты биылғы оқу жылында 3 - 4 сыныптарда хор, ән үйірмелерін жүргіземін. Олар мектептегі мерекелік кештерде, қалалық іс-шараларға белсене қатысып, өнерлерін көрсетіп жүр. Мұндай үйірмелер оқушылардың музыкалық танымын кеңейтіп, олардың қабілетін дамытуға, талғамын қалыптастыруға және үлкен сахналарға жол ашады.

Сондай -ақ мектепте, аудандық ,қалалық сайыстар,шығармашылық кештердің өтілуі, оқушылардың қызығушылық ұмтылысын ұштап,дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді. Атап айтар болсам:

«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында патриоттық сезімге тәрбиелеу,тәуелсіз елін шексіз сүюге арналған сыныптан -тыс іс шара өтілді. «Желтоқсан ызғары»слайды тамашаланып, кешегі және бүгінгі Қазақстан көріністері баян-далды.

«Аялайық ана алақанын» тақырыбымен қалалық іс-шара өтілді.Мұнда ұлттық өнер түрлері көрсетіліп,ән,би,күй,драмалық қойылымдар қойылды.Қалалық іс-шара жоғары деңгейде өтілді.

1-қыркүйек білім күні - қарсаңында үйірме оқушыларымен концерттік бағдарлама беріліп,хор орындалды.

17-қыркүйекте - Халықтар Достығы Ассамблеясынының 20 жылдық мерей-тойы қалалық деңгейде өтілді.Түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билері биленіп,әндері шырқалды. «Қол өнер-мол өнер»атты көрме ұйымдастырылды.

Елбасының өз білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар.Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады»,-деген.

Халқымыздың рухани қазынасы - ән мен күй бүгінгі таңда тамаша тәрбие көзі болумен қатар, кәсіби музыканың негізгі арқауы екенін естен шығармаған жөн. Міне, халықтың музыка өнеріндегі өте бай рухани қазынамен оқушыларды таныстырып, олардың озық үлгілерін үйрету музыка пәнінің негізгі мақсаты болып табылады. Музыка сабағы мектептегі тәрбие көзі болып табылады. Тіл мен әдебиетті жоғары көтеретін күш те, күн нұры сияқты әр беретін, көрік беретін де - музыка. Қазақтың ұлттық мәдениетін де көтеретін - музыка. Музыка пәні басқа пәндермен терезесі тең

Демек мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру.Яғни сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы деп білеміз.

Сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. оқушының қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі

Қазіргі кезде кейбір ата-аналар «баламыз музыканы оқығанмен, оның ертеңі жоқ немесе одан керемет әнші, күйші, шыға қоймас» деп ойлайды. Әрине, мұның бәрі қате пікір. Түсіне білген балаға имандылық, ізгілік, білімділік, парасаттылық сыйлайтын ерекше күш тек қана музыкада бар.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты толыққанды қазақ азаматы етіп тәрбие беруге өз халқымыздың ән-күйінің ауқымы өте кең. Ата-бабамыз бізге баға жетпес мол мұра-бесік жырынан бастап түрлі аңыз, әңгіме, жыр, терме, ән-жыр, күйлерін қалдырып кетті. Осы мол мүмкіндікті біздер барынша нығайтып, бүгінгі заманымыздың талабына сай кеңейтіп, өскелең ұрпақтың сана-сезіміне құйып отыруымыз керек. «Дүниенің мысалы баспа кезек, әркім де баспалдақтан басып өтер» - деп 19 ғасырда өмір сүрген Майлықожа ақын айтқандай, ұрпақты қазақ мәдениетіне тәрбиелеу - мектеп баспалдағынан басталады емес пе! Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті-шәкірттеріне музыка өнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала отырып, эстетикалық тәрбие беру.




III. Қорытынды

Жоғарыда аталған әдістерді қорытындылай келе мынадай түйін түюге болады.

Өзімнің іс тәжірибемдегі, шығармашылық ізденісімнің үздіксіз жаңарып отыруының нәтижелерінен мына өзгерістерді байқадым:

- логикалық ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артады;

- мұғалім мен оқушы арасында тұлға аралық қатынас қалыптасады;

- сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлескен жұмыс әдісі қалыптасады;

- оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды;

- оқушылардың өз бетінше ізденісіне жағымды мотивация қалыптастырады;

Сабақ барысындағы жұмыстың түрлері мен мазмұны өзгерді.
1. Сыныптағы оқушыларым жұпта, топта, жеке дара жұмыс жасау бағыттарын үйренді.
2. Бірін - бірі бағалауды үйренді.
3. Оқушыларымның ізденушілік қабілеттері артты.
4. Сабаққа деген қызығушылықтары оянды.
5. Оқушыларымның логикалық ойлауы артты.

6. Қазіргі заман талабына сай тұлға қалыптасты.

7. Сабақты жүйелі баяндауды үйренді.

Мұғалім жетістіктері:

-2010 жылы «Жылдың үздік сабағы»сайысына қатысып, «Мерекелі сабақ» номинациясын

-2011 жылы мектепшілік семинарда «Жаңа технологияларды оқу үрдісінде пайдалану» тақырыбымен сайысқа қатыстым.

-2012 жылы мектепшілік «Өскелең ұрпаққа ??? мақтау грамотасымен

-2013 жылы «Ең үздік сабақ» мектепшілік сайысқа қатысып,»Үздік методикалық бірлестік» номинациясымен марапатталдым.

-2014 жылы қалалық Кәсіподақ комитетінің мақтау қағазы.

-2015 жылы қалалық Жастар саясаты спорт және туризм Мәдени басқармасынан «Біздің қолөнер әлеміміз» сайысына қатысып мақтау қағаздарымен марапатталдым.

Білім жетілдіру курстары:

2014 жыл. Сертификат №130114-50 «Электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдалану әдістемесі бойынша тренингтік курсы» 102 сағат

2015 жыл. Сертификат №0094357 «Жаңа технологияны қолдану арқылы музыка пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту»

Оқушы жетістіктері:
-2012 жылы «Менің туған өлкем» вокалдық ән сайысынан III-орын иегері 8 сынып оқушысы Жеткерова Назым

-2011 жылы калалық деңгейде «Шәмші әндері» сайысында II-орын иегері 6 сынып оқушысы Байбосынова Наргиз марапатталды.

Шығармашылық ізденіс- еңбектің ,мамандықтың барлық салаларына да өте қажет,ал музыка пәні үшін ұстаздардың дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші роль атқарады. Мұғалімнің ұдайы ізденісі- ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде - таптырмас технология екендігін дәлелдедім.






Пайдаланған әдебиеттер

1. Электронды оқулық. shop.nci.kz Ұлттық ақпараттандыру орталығы.

2. Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары. Жағыпарова Г.С. Қазақ тілі Қазақстан мектебінде. №3,23-26б 2008ж. Алматы

3.Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың өзекті мәселесі. Картекенова Р.С. , Омарова Р.С., Сибагатова Г.Қ. Қазақ тілі Қазақстан мектебінде №4 11-15б.2000ж. Алматы
4. Музыкалық тәрбие беру әдістері. Алматы.1995 жыл
5. Қ.Жарықбаев «Психология». Алматы.1980 жыл.
6 О.Есенәлі «Эстетикалық тәрбиеге- айрықша назар».
7. Музыка әлемінде №2-3 2010 жыл
8. Музыка әлемінде №4 2012 жыл
9. Музыка әлемінде №6 2013 жыл









© 2010-2022