Ән мен куйди не жакындатады ? “Ан сабағы” К. Куатбаев

 Сабақтың тақырыбы:      Ән мен күйді не жақындатады?                                                “Ән сабағы”  К.Қуатбаев                                  Мақсаты: 1.Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып,                       халық шығармашылығының көне заман мен осы заманғы                          сабақтастық дәстүріне балалардың  назарын аудару.                     Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.                   2.Балалардың әсемдікке, сұлулыққа дег...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

03.04.2013ж. 1-сынып. 3-сабақ. Пән мұғалімі: Сардарбекова Құралай

Сабақтың тақырыбы: Ән мен күйді не жақындатады?
"Ән сабағы" К.Қуатбаев

Мақсаты: 1.Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып,
халық шығармашылығының көне заман мен осы заманғы
сабақтастық дәстүріне балалардың назарын аудару.
Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
2.Балалардың әсемдікке, сұлулыққа деген сезімін дамыту.
3.Халқымыздың музыкалық шығармашылығына
сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: иллюстративті-түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар,үнтаспа,баян

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалау.

Жақсы көңіл-күймен бастау үшін «Ай дидарлы анашым» әнін бірге орындау.

2. Ой қозғау: «Біліміңді тексер және сұраққа жауап беру» суреттер не жайлы

1.Есеп шығарып тұрған бала бейнеленген

- «Есеп сабағы» К.Қуатбаев үзінді орындау

2. Би-билеп түрған қыз

- «Биші болам өскенде» Т.Тайбеков үзінді орындау

3.Қазақтың ұлттық аспабы қандай аспап?

- «Домбыра»

4. «Қос алқа» күйіне билеп тұрған қыздар, күй кімнің күйі?

- Дәулеткерей Шығайұлы

5. Домбырашылар ансамблі, Құрманғазының қуанышты той-думанды білдіретін күйін ата

- «Сарыарқа»

Әнді , биді, күйді жақындататын бізге үйрететін қандай сабақ?

- Ән сабағы. Дұрыс олай болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

3.Ән сабағы
К.Қуатбаев

1. Мектептің әдемі ғой әр сабағы,

Қызық-ау әсіресе ән сабағы.

Шарипа, Шара болып би-билесе,

Күлипа, Күләш болып ән салады.

2. Бәріміз бұл сабақта тамашамыз,

Үкілі бөрік киіп жарасамыз.

Апайға ән үйреткен риза болып,

Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.

Әннің сөзін оқып, мазмұнымен таныстыру

К.Байсейітова - «қазақтың бұлбұлы» атанған атақты әншісі. Алматы қаласында дүниеге келген. Ол көптеген халық әндері мен композиторлардың әндерін орындаған. Қазақ халқына еңбегі сіңген артист.

Ш. Жиенқұлова - қазақтың атақты бишісі. Алматы қаласында дүниеге келген. Ол қазақтың халық билерін шебер орындаған.

Сергіту сәті: «Бір оңға, бір солға»

Аяқпенен топ-топ-топ,

Ақылменен лоқ-лоқ-лоқ.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мүнда.

Секіреміз жоғары

Қыйын емес секіру

Бір оңға, бір солға,

Секірейік кел мұнда

«Ән сабағы» К.Қуатбаев ән көңілді, ойнақы орындалады.Әннің құрылымы тек шумақтан тұрады. Әнін оқушыларға үйрету және топтап орындату.

4.Сабақты қорытындылау сұрақтары:

Қандай ән үйрендік?

Композиторы кім?

Күләш Байсейітова кім?

Шара Жиенқұлова кім?

5.Сабаққа жақсы қатысқан оқушылырды бағалау, мадақтау.

6.Үйге тапсырма: К.Қуатбаевтың «Ән сабағы әнін» жаттап келу, өтілген тапсырмаларды естен шығармау. Қандай әншілер және бишілер барын біліп келу.




© 2010-2022