«Қыз Жібек» жыр-опера-кино тақырыбында шығармашылық сабақ

Жыр- қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жыр жанры-батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостык жырлар болып бөлінеді. -- Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. --Шамамен XVII-ғасырда жазылған. --1880жылы тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып               алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған \ --1894 жылы татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен “Қыз Жібек” жырын жинап, Қазанда бастырған. --Жүсіпбек Шайхысыламұ...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: №249 мектеп-лицей директоры
К. П. Нақан

Күні: 09.04.2014 сынып

Пәні: Музыка 5 г сыныбы

Мұғалімнің аты - жөні: Аяп Гүлнәр Әбілпаттарқызы

Сабақтың тақырыбы «Қыз Жібек» жыр-опера-кино

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

«Қыз Жібек» жыр-опера-киносы арқылы қазақ халқының болмысын, тарихын,салт-дәстүрін,мәдениетін, музыкасын насихаттай отырып,ұлттық өнерді оқушылардың бойына сіңіру,

музыкалық білімін жетілдіру.

Ә) дамытушылық:

Музыкалық қабілетін іскер-дағдысын,дүниетаны-
мын байыту

Б) тәрбиелік:

Рухани адамгершілікке, әлемдік этикетке,ұлттық рухта тәрбиелеу

Махаббатты, достықты қадірлеуге, сөзге тұрақты, сезімге берік болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері:

Түсіндіру, талдау,ой қозғау ,тыңдау,салыстыру,сұрақ-жауап

Сабақтың формасы:


Жеке, топтық

Сабақтың көрнекілігі:

Фортепиано, баян, ұрмалы аспаптар, тақырыптық көрнекіліктер

Сабақ барысы

түгендеу

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу , түгендеу ,сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Қазақтың данышпан ақыны Абай , «Абай» операсы туралы білімдерін сұрау.

Дауыс жаттығуын жасау

«Көзімнің қарасы» әнін жатқа сұрау

ІІІ. Өткен материалдар бойынша оқушы білімін тексеру кезеңі

Ұлы Абай туралы шығармашылық жұмыстарын тексеру

ІV. Мақсат қою кезеңі



Қазақтың лиро эпостық жырлары -ұлттық, классикалық музыканы әлемге жеткізуде үлкен жетістіктерге жетіп келеді Солардың бірегейі- «Қыз Жібек» жыры.Қазіргі таңда «Қыз Жібек» жыры ұлттық өнеріміздің брендіне айналды.. Көптеген шетелдерде «Қыз Жібек» жырын құрмет тұтады.Бүгінгі біздің сабағымыз «Қыз Жібек» жыры жөнінде болмақ.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру





1. «Қыз Жібек» жыры-махаббат гимні

«Қыз Жібек» жыр-опера-кино тақырыбында шығармашылық сабақ

Жыр- қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жыр жанры-батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостык жырлар болып бөлінеді.

-- Қыз Жібек-лиро-эпостық жыр.

--Шамамен XVII-ғасырда жазылған.

--1880жылы тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған \

--1894 жылы татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен "Қыз Жібек" жырын жинап, Қазанда бастырған.

--Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1911 ж. қазақ тілінде жариялаған.

--1958 жылы "Қазақ эпосы", "Казахский эпос" жинақтарында,

--1963 жылы "Қыз Жібек" деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды,. "Қыз Жібек" жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт-санасы, елдік, ерлік істері, ар-ожданы мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. "Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі."Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек

№1,2,3-слайдтар көрсетіледі «Қыз Жібек» жырынан үзіңді -тыңдау

2.. Опера- вокалдық пен аспаптық муз.,драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әр түрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Жеке айтылатын ән (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен),ансамбль (дуэт, трио, квартет, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады.

2. Қазақтың тұңғыш операсы

«Қыз Жібек» операсы

«Қыз Жібек» операсының музыкасын жазған Е.Брусиловский.

Либреттосын жазған Ғ Мүсірепов.Опера төрт бөлімнен тұрады. 1934 жылы тұңғыш рет қойылды

Ғ. Мүсірепов -классикалық жазушы,көркем сөздің ұстасы,аакадемик ,дарқан дарын иесі,Социалистік Еңбек Ері.

Е.Брусиловский -қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері,дарынды компазитор
Операда қазақтың вокалдық және аспаптық шығармалары,халық композиторларыныңҮкілі Ыбырай,Мұхит, Жаяу Мұса,Тәттімбеттің ән-күйлері кеңінен пайдаланылған. Мұндағы «Гәкку» әні Жібек бейнесін, «Ал қара көк»-Төлегеннің, «Аққұм» Бекежан бейнесін сомдайды.

«Қыз Жібек» жыр-опера-кино тақырыбында шығармашылық сабақ«Қыз Жібек» жыр-опера-кино тақырыбында шығармашылық сабақ«Қыз Жібек» жыр-опера-кино тақырыбында шығармашылық сабақ«Қыз Жібек» жыр-опера-кино тақырыбында шығармашылық сабақМузыка тыңдау

Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан

Жібектің әні «Гәкку» орындайтын Н.Үсенбаева.

Астана қаласында бойкөтерген жаңа ғимарат

«Астана-опера» театрының концерттіқ залы

3.Кино(гр. kіneo - жылжытамын, жылжимын), кино өнері - өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жа-сауға әр алуан мамандықтағышығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист,менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің негізгі және кең таралған түрі. Ол әдеби шығарма желісі немесе арнайы жазылған сценарий бойынша актерлердің қатысуымен жасалады.

3. «Қыз Жібек» киносы -қазақ өнерінің бойтұары
Қыз Жібек 2 сериялы көркем суретті фильм.

1971 жылы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Сцераний авторы Ғ. Мүсірепов,

Режисері С. Қожықов. Суретшісі Г. Исмаилова,

Композиторы Н. Тілендиев.

Басты рөлдерде: Қ. Тастанбеков - Төлеген, М. Өтекешова - Қыз Жібек, А. Әшімов - Бекежан, Ә. Молдабеков - Шеге және т.б. өнер майталмандары ойнайды. Махаббат аңызы бойынша жасалған бұл фильмде екі рудың тартысы мен екі жастың махаббаты баяндалады.1972 жылы осы фильм үшін режиссер С. Қожықов Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

(«Қыз Жібек» кино фильмінен 1-2 бейнекадр көрсетіледі.)

Сергіту сәті Музыкалық, ритмикалық ойын-жаттығулар

Ән үйрену «Әгугай» халық әні

Әннің мәтіні түсіндіреледі. Әннің әуені «а-а-а» буынымен үйретіледі. Әннің мәтіні интерактивті тақтада көрсетіліп, үйретіледі.

Қорытындылау

Сұрақтар арқылы сабақты бекітіп қорытындылау.

  1. «Қыз Жібек» жырының қазақша нұсқасы қашан жарияланды?

  2. «Қыз Жібек» операсы қашан қойылды?

  3. Операдағы негізгі кейіпкерлер кімдер?

  4. «Қыз Жібек» киносының режиссері кім?

  5. Басты рөлдерде кімдер ойнады?

  6. Фильмдегі оқиға желісі қандай?

  7. «Қыз Жібек» фильмі несімен құнды?

Үйге тапсырма

  • «Қыз Жібек» жырына зерттеу жұмысын жүргізу

  • «Әгугай» халық әнін- жаттап келу

Оқушы білімін бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау












© 2010-2022