Сабақ тақырыбы: Бақытты біз - баламыз

Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 жүргізуші. Армысыздар, құрметті қонақтар!
Еркеназ: Қуан шаттан!
Қуан шаттан.
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
2 жүргізуші ағылшын тілінде
Дидар

Димаш: Талайлардың шырқалады жыр әні
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады.
Еркеназ: Дидар бүгін бізде үлкен мереке «Балаларды қорғау күні» мерекесі өте көңілді өткізсек қалай қарайсың?
Дидар: Менде таңертең жақсы көңіл күйде ояндым. Жарайды мерекені қуанышты көңілді өткізейік.
Еркеназ: Дидар қарашы балалар бүгін өте әдемі болып кетіпті, көрермендерде біздің өнерімізді көруге асығып отыр.
Дидар: Ендеше балаларымыздың өнерін тамашалайық, мерекені бастайық
Осы жерде жарық сөніп қалады.
Еркеназ: Ой Дидар қараңғылық басып кетті ғой, енді мерекені қалай өткіземіз.
Дидар: Жан - жағына қарап, бізге қарай біреу келе жатқан сияқты.
Желдің дыбысымен гүл шығады. Ой балалар, сендер неғып жүрсіңдер мен түнде күннің шашқан сәулесін ұнатпаймын, балалардың күлкісін ұнатпаймын.
Барлық тіршілік иесінің тыныш жатқанын қалаймын. Мен жағымсыз дыбыстарды естіп, тыныштықты бұзған бұлар кім болды екен деп келдім. Қане барлығымыз түн тұңғиығына еніп, тыныштықты сақтап, ұйқы бесігіне тербелейік.
Табиғат сыңғыры әуенімен күн шығады
Еркеназ: Дидар енді не істейміз, түннен қалай құтыламыз. Мерекені өткізу керек.
Дидар: Еркеназ маған бір ой келіп тұр, бұл түнде жеңетін күн ғана, екеуміз күнді дауыстап шақырайық.
Еркеназ: Жарайды, бірге шақырайық.
Екеуі: Күн, күн
Музыка әуенімен күн керіліп шығады.
Түн:
Дидар: Күлімде күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Еркеназ: Күлімде күн күлімде
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ.
Екеуі: Амансың ба күн!

Дидар:
Күн: Амансыңдар ма достар!
Күн: Арманы бір, үні бір,
Аға ардақты, іні гүл,
Бақыт туын көтерген.
Балалардың күні бұл.
Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн»
Еркеназ: 1 - маусым - халықаралық балаларды қорғау күні.
Димаш ағылшынша
Күн: Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен! Қымбатты балалар бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтардың отанның ортан қолдай азаматы болуға жетілуге тілейміз.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі мерекемізді бастайық.
Күндер биін тамашалаңыздар!
Димаш: Біздің ересек тобының биші қыздары керемет билейді екен.
Дидар: Бүгін бізде бишілер ғана келген жоқ, бізде керемет ән айтатын әншілер де бар.
Димаш: Ендеше кезекті әншілерге берейік.
Күн: Ән айтайық қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрты
Балалар деп үлгілі.
Балалар енді ортаңғы топ бүлдіршіндері Жантөре, Наурыз, Досымжан жігіттеріміздің «Мен ауылға барамын» әнін тыңдап, ауылға саяхат жасап қайтайық. Ортаға әншілерді шақырайық.
Еркеназ: Цип, Цип шөжелерім деп әндетіп шығады.
Димаш: Еркеназ сенің де шабытың келіп, ән салғың келді - ау деймін.
Еркеназ: Димаш сен білесің бе бүгінгі мерекеге кішкентай балапандар келіпті. Балапандардың өнерін көргенше асығып тұрғаным.
Күн: Цип, цип шөжелерім,
Мамық жүнді шөжелерім
Нәзік үнді шөжелерім
Еркеназ: Сен балаларды көргенше асықсаң ортаға балапандарды шақырайық.
Би: «Балапандар» ІІ - кіші «Бөбек» тобының бишілер тобы.
Қошеметтеп қарсы алайық.
Күн: Балалар біздің Қазақстан елі Тәуелсіз ел. Сендер осындай тәуелсіз, бірлік, бейбітшілік орнаған елдің ұрпағысыңдар.
Димаш: Дұрыс айтасыз, менің отаным Қазақстан, мен отанымды мақтан етемін.
Еркеназ: Димаш келесі кезекті әнге берейік.
Күн: Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің Қазақстан
Мәңгі соғып тұратын.
Жүрегімсің Қазақстан.
Хор: Егеменді Қазақстан әні ортаңғы «Балапан» топ бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.
Күн: Еркеназ балалар мерекеге келген балаларға мен жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Димаш: Жұмбақты жасырып көрейік.
Еркеназ: Балалар барлығымыз ойланып жұмбақтың шешуін табайық.
Күн: Жұмбақ жасырады.
Дұрыс айтасыңдар ендеше саңырауқұлақтарды ортаға шақырайық. Саңырауқұлақтар биімен ортаңғы «Айгөлек» тобын қарсы алайық.
Күн: Балалар көрермендерге бірнеше сұрақтар берсем ендер жауап бересіңдер ме?
Ән де, би де музыкалық аспаптардың сүйемелдеуінсіз орындалмайды. Сендер қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер.
Балалардың жауаптарынан кейін Еркеназ: Ендеше осы музыкалық аспаптардың қосылуымен орындалатын ән тыңдайық.
Күн: Күмбірлеген әсем ән «Болайықшы осындай» балабақша жанынан құрылған домбырашылар оркестрін ортаға шақырайық.
Күн: Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным сен үшін.
Бақытымды жыр етсек,
Балдырғаным сен үшін.
Димаш: Келесі кезекте Димаштың орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» әні.
Еркеназ: Димашты қошеметтеп қарсы алайық.
Димаш: Ақпыз қара сарымыз.
Ағайынбыз бәріміз.
Еркеназ: Бүгін бізге басқа да ұлт өкілдері өнерлерін көрсетуге келіпті. Соларды ортаға шақырайық.
Күн: Өнер десе өрілген,
Биіктерден көрінген.
Бишілерді шақырсақ,
Орыс биін билеген.
Орыс биі: Ереек «Ботақан» топ бишілерін қабыл алыңыздар.
Дидар мен Димаш домбырасын алып шығады.
Күн: Дидар, Димаш сендер неге домбыраны алып шықтыңдар.
Дидар: Мен бір домбырамен ән айтқым келіп тұрғаны.
Димаш: Біздің топтағы Еркежен домбыра әнін керемет орындайды, Еркежанды шақырсақ қалай қарайсың.
Күн: Екі ішектің бірін тартта,
Бірін сәл - сәл жай бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес
Нағыз қазақ домбыра.
Ән: Қасиетті домбыра ортаға Еркежанды бишілерімен бірге қарсы алайық.
Дидар шығып қара жорға қимылын жасайды.
Димаш: Дидар саған не болды. Жаңа ән айтқым келеді деп едің, енді би билегің келіп тұр ма деймін. Дидар: Ендігі кезекте «Қара жорға» биін шақырсақ қалай қарайсың.
Күн: Әрбір қазақ баласы.
Дәл осылай билесін,
Жар салып, алты алашқа
Қара жорға биін билесін.
Ортада қара жорға биі.
Күн: Балалар біз ән де тыңдадық, би де биледік, жұмбақ та жасырдық. Енді мәнерлеп өлең оқу өнерін тамашалайық.
Көркемсөз мәнерлеп өлең оқуға Нұрсезімді шақырайық.
Димаш пен Дидар шығады.
Димаш: Ау достым Еркеназ қайда кеткен.
Күн: Сендер Еркеназды іздеп жатырсыңдар ма?
Біз қазір Еркеназбен бірге бишілердің өнерін тамашалайық. Ортада «Түрік биі» қарсы алайық.
Күн: Балалар достық дегенді қалай түсінесіңдер. «Достық әні» саған басқа балалармен достасуға көмектеседі.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды демекпін.
Достық әнін тыңдайық.
Еркеназ: Келесі кезекте «Достық әні» ІІ - кіші «Бөбек» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Күн: Еркеназ, Дидар, Димаш ортаға шығып келе жатады.
Залдың төр жағынан «Клоун» шығады. Күн ханшасы мен сендердің мерекелеріңді тамашалап, өнерлеріңді бақылап отырмын. Балалар өте өнерлі екен. Мен мына келген залдағы көрермендермен ойын ойнағым келеді.
Күн: Сайқымазақ сен бізді қуантып тастадың. Бізде ойын ойнап, сергіп қалайық.
Ойын:
Күн: Балалар ойын өте қызық болды? Осы ойынға қатысқан көрермендерге арнап «Құрттар» биін қарсы алайық.
Күн мен Дидар ортаға шығады. Дидар ұзын мұрын киіп алады.
Күн: Дидар сен Буратиноға ұқсап кетіпсің ғой.
Дидар: Иә, күн ханшасы қазір ортаға «Буратинолар» шығады. Менде соларға ұқсағым келіп тұрғаны ғой.
Күн: Балаларды өнерлі,
Шақырамыз ортаға.
Тамсандырып көп елді,
Би билесін баршаға.
Би «Буратино» Балбөбек бишілер тобы
Еркеназ: Димаш мен ақ сүт беріп аялап өсірген анамды өте жақсы көремін. Неге осы аналарға арналған айтпаймыз.
Дидар: Ендеше аналарға арнап ән жолдайық.
Күн: Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам.
Менің анам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.
Аналарымызға арнап Нұрсезімнің орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
Залға бірден музыка әуенімен доғалар биі шығады. Доғалар отырған кезде балалар екі жақтан бөлініп залға шығады.
Күн: Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным сен үшін.
Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным сен үшін.
Жігіт болар күні ертең,
Балдырғаным гүл еркем.
Бақытты бол, өсе бер,
Құтты болсын мерекең.
Бүгінгі мерекелеріңізбен баршаларыңызды құттықтаймыз. Әрқашан сәбилер жүзінен күлкі кетпесін. Ендігі тыңдайтын әндеріңіз «Балдырған» балабақшасының әнұраны «Балдырған» әні.

© 2010-2022