ВЕНА опералық театры (4 класс)

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Вена опералық театры»

«Опернбаль» фестивалі,

Амадей Моцарт «Венский Вальс»- тыңдау

Н. Алғашбаев «Анашым» -үйрену

Мақсаты: Вена опералық театрының тарихымен таныстыру, «Опернбаль» фестивалі туралы мағұлмат беру, Амадей Моцарт «Венский Вальс» тыңдау, талдау және вальс ырғағының элементтерін үйрену, Н. Алғашбевтың «Анашым» әнін үйрену;

Тәрбиелік мәні: Музыка өнері арқылы әсемдікке, әдемілікке, өз ойын тиянақты да жан- жақты жеткізе білуге және өз ойын тұжырымдауға ,басқалардың көзқарасын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мәні: Оқушылардың опера, бал, симфония сияқты музыкалық білімдерін дамыту, классикалық музыкаға деген қызығушылығын арттыру;

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: жигсо, галереяға саяхат, әңгімелеу, суреттеу т.б

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Музыка әуенімен оқушылар класқа кіреді.

Мұғалім: - Салматсыздар ма! (әндетіп)

Оқушылар: - Саламатсызба! (әндетіп)

Тақтада жасырын кеспелерде бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік ноталар жасырылған. Оқушылармен амандасып болған соң әр оқушы кеспелерді алып топтарға бөлініп отырады.

1 топқа- бүтін ноталар жинақталады.

2 топқа- жартылық ноталар жинақталады.

3 топқа- төрттік ноталар жинақталады.

Мұғалім: -Қазір қай жыл мезгілі?

Оқушылар:- Көктем

Мұғалім: -Бүгінгі сабағымызды бір- бірімізге көктем мезгіліне байланысты жақсы сөздерді айтумен бастайық. Ол үшін ол сөздерді мына жүректі алақанымызға салып жүректен жүрекке жететін қылып айтайық. (оқушылардың тілектерін тыңдау)

Мұғалім: - рахмет! Орындарыңызға отыра қойыңыздар. Алдарыңызда қағаздар берілген сол қағазға өз аты- жөндеріңізді жазып қоямыз. Сабақ барысында өз-өздеріңізді бағалап отыруды ұмытпаңыздар.

Мұғалім: -балалар, мына суретте көрсетілгендей киімдерді кімдер киген және қай уақытта киген осы турасында өз ойларымызды ортаға салып көрейік. Осы сұрақты өз топтарыңызда талқылып көріңіздер.( 1 минут) Оқушылардың жауабын тақтаға жазып тұрамын.

- кештерде

- ертеде балдарға киіп барған,

- ақсүйектер киген,

- әншілер киеді ,

- опера әншілері киеді,

- хан сарайларында киген,

- ертегіде хандардың,байлардың қыздары киген т.б

Қызығушылықты ояту: Олай болса, «опера» деген сөзге ассосация жасап көрейік.

(1 минут)

ВЕНА опералық театры (4 класс)



Мұғалім: -Ал, опералық театр деген не? Олай болса, оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бүкіл әлемге әйгілі театрлардың бірі «Вена опералық театры» деп аталады.

Дәптермен жұмыс: Наурыздың алтысы

Класс жұмысы

Вена опералық театры

Мұғалім: -Бүгінгі тақырыпты тереңірек білу үшін алдарыңыздағы кеспелерді алып мұқият, түсініп, асықпай оқимыз. (5 минут)

Мағынаны тану: 1 топ: Әлемнің ең үздік театрларының бірі- Австрия астанасы Вена қаласындағы «Вена опералық театры». Бұл өнер ордасы 1869 жылы мамыр айында Амадей Моцарттың «Дон Жуан» операсымен ашылған. Театрдың директоры және дирижеры Ганс Рихтер болған. Кейіннен 1955 жылы қайта жөндеуден өткізіліп, қазірге дейін өз көрермендеріне есігі ашық. Мұнда классикалық мектептің үздік дәстүрлері бүгінге дейін сақталған. Қазіргі күнге дейін вальстің қаласы деп аталады. Австрияға жылда келетін 20 миллионнан астам турист ең алдымен, театр артистерінің өнерін тамашалауға асығады. Бір маусымда 350-ден аса опера және балет туындысы сахналанады.

2 топ: Венада әр жыл сайын 200-ге жуық би мерекелері өтеді. Соның бірі - «Опернбаль» би кеші. Би кеші әр жылдың ақпан айының ортасында өтеді. Оған дүние жүзі бойынша мыңдаған жұп қатысып таңға дейін вальс ырғағымен тербеледі. Венаның мемлекеттік опера ғимаратында өтетін «Опернбаль» би маусымы ең жарқын, ең әдемі есте қалатын кезеңдердің бірі. 5000 астам қонақ жиналатын бұл шара классикалық би элементтерін қатаң сақтайтын салтанатты іс-шара. Балға қатысушылар киіну үлгісін де қатаң сақтаған. Әйелдер әшекейленген ұзын ақ кешкі көйлек, ал ер адамдар фрак киген.

3 топ: Әлемдегі би балдарының астанасы- Вена. Вена опера театрының жұмысы әрбір күні, сағаты, он айға жоспарланып, дирижеры мен атақты орындаушысымен бекітіліп қойылған. Театрдың бетке ұстар карточкасы Моцарттың шығармалары. Опера сахнасы және көрермендер залы бір түнде орасан зор би алаңына айналады. Бал өтетін зал гүлдер мен әдемі жарықтармен безендірілген. Қатысушылар ең қымбат әшекейлер мен зергерлік бұйымдарды таққан. Балды 17 мен 24 жас аралығындағы жастар ашады. Балға қатысу үшін алдын ала сұраныс тапсырылып, іріктеу кезеңінен өтеді. Балдың ашылу салтанатына қатысатын жұп бір-ақ рет билей алады. Балға қатысушы жұптар полонез, полька билерімен бастап, бал әрі қарай әдемі әуенді вальске ұласады.

(Мәтіндер оқылып болғаннан кейін әр топ өз оқығандарын топта талқылап, аудиторияға ұсынады)

Мұғалім:- Енді осы мәтіндер бойынша бір- бір сұрақ қояйық.

(Амадей Моцарттың өмірі туралы үзінді тыңдау)

Музыка тыңдау: А. Моцарт «Венский вальс»

(Музыка тыңдалғаннан кейін қойылатын сұрақтар)

  1. Музыка қалай орындалды?

  2. Қандай екпінде орындалды?

  3. Музыка қандай аспаптармен орындалды?

Дәптермен жұмыс: Негізгі сабақта алған ұғымдарын дәптерге қысқаша жазу.

Сергіту сәті: Оқушылар, кәне орынымыздан тұрып бізде вальс екпінінде ырғалып көрейік. Өзімізді Вена қаласында жүргендей сезініп, балда жүргендей елестетіп көрейік.

(Хореография пәнінің мұғалімі Дүйсекова Айгүл жүргізеді )

Ән үйрену: Н. Алғашбаевтың «Анашым» әнін үйрену.

Мұғалім:- Әннің нотасын тақтадан қарап талдау жасап көрейік.

Әнге талдау жасау:

1.Өлшемі қандай?

2. Қандай ұзақтықтағы ноталар кездеседі?

3. Әннің екпіні қандай?

4. Әннің авторлары кімдер?

Мұғалім:- Енді әннің мәтінін оқып көрейік.

Анашым

Өлеңі мен әні: Н. Алғашбаев

1.Бүгін сенің туған күнің анашым,

Құлпырасың, оттай лаулап жанасың.

Балаң үшін елжірейді жүрегің,

Қуанасың, шаттық әнге саласың.

Анашым, анашым.........

2.Аяулы анам сен деп соғар жүрегім,

Қамқорың боп мен қасыңда жүремін.

Туған күнің құтты болсын, анашым,

Ұзақ өмір сүре берші- тілегім.

Анашым, анашым...........

  • Музыкасымен әнді айтып беру

  • Дауыс жаттығуын жасау

  • Әннен үзінді үйрену


  • Әнді топпен орындау

  • Қатармен орындау

  • Жұппен орындау

Ой толғаныс: Қортындылау.

Мұғалім:- Оқушылар, бүгінгі сабақта: Не үйрендік?

Не білдік?

Сабақтың қай бөлімі ұнады?

Мұғалім: -Қандай жаңа ұғымдармен таныстыңдар?


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

(Тақтаға жаңа ұғымдарды кесте бойынша оқушылар өздері жазып шығады)

Вена опералық театры-

Венский вальс-

Опернбаль-

Бағалау: - Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар. Өз бағаларыңызды мына кеспеге жапсырыңыздар.

Үйге тапсырма: Вена опералық театры туралы не білдіңдер, бүгінгі сабақта не ұқтыңдар соны дәптер бетіне түсіріп, яғни эссе жазып келеміз. Ана тақырыбына 5 жолды өлең жазып келеміз.

Мұғалім:- Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

© 2010-2022