Дара сабак. Тремоло кағыс етхникасын дамыту

Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТРЕМОЛО ҚАҒЫС ТЕХНИКАСЫН ДАМЫТУ.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебі,

домбыра сыныбының мұғалімі

Кубегенова Жанар Инирбаевна

Пән аты: Домбыра

Сабақтың мақсаты: Тремоло қағыс түрлерін дамыту.

1.Білімділігі: Домбыра тарту шеберлігін дұрыс меңгеруге,оқушының өнерге деген ынта ықыласын өсіру.

2.Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын арттыруға музыканы дұрыс таңдап, тереңдей түсіне білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылығы: Есту, есте сақтау қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Дара сабақ.

Сабақтың әдісі: Жаңадан өтілетін шығарманы аспапта ойнап көрсету, түсіндіру, тыңдау, сұрақ-жауап алу. Оқушының қабылдау қабілетін қадағалау.

Пән аралық байланыс : Теория, музыка әдебиеті.

Сабаққа қажетті құралдар мен кқрнекіліктер: Домбыра аспабы, пульт, буклет, оқулықтар, плакаттар.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) теориялық

б) практикалық

IV. Қорытындылау.

V. Бағалау

Сабақтың жүрісі :

I.Ұйымдастыру

Оқушыны ашық сабаққа дайындау.

а) Сабаққа керекті оқу құралдарын тексеру.

б) Домбыра аспабының бұрауын түсіріп,сабаққа дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. А dur //Fis moll гаммалары

2.А.Жайымов «Этюд» жаттау

3. Бел.халық.әні «Янка» жатқа ойнап келу.

4. Тәттімбет «Сылқылдақ» белгіленген жерге дейін ойнап келу.

III.Жаңа сабақ : «Тремоло қағыс түрлерін дамыту»

а) Теориялық:

Бүгінгі жаңа сабақта тремоло қағыс түрлерін дамыту. Тремоло - (ит.tremolo-дірілдеу) - бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қайталануы. Ол дыбысты ұзақ ұстап тұру үшін немесе әуенді әрлеу ушін қолданылады. Домбырада тремоло штрихы түрлі әдіспен орындалғанмен негізінен оның екі түрі қолданылады.

1.Жеке сұқ саусақпен орындау :

Бұл тремолоны домбыраның шанақ түбіндегі түйме тұсынан оң қол білегімен қауысыра ұстап, алақаны төмен қаратып орындау керек.

Дара сабак.Тремоло кағыс етхникасын дамыту

2.Сұқ саусақпен бармақ арқылы орындау:

Ойналатын тремололар қолдың әртүрлі қимыл қозғалысымен орындалады.

Дара сабак.Тремоло кағыс етхникасын дамыту

Мысалы : Тремоло штрихының бірінші түрінде қозғалыс саусаққа берілсе, екіншіден буынға беріледі.

Тремоло штрихына әр ішекте жеке жаттыққан тиімді.

Тремоло штрихына соль ішегінде жаттығу.

б) Практикалық:

Дара сабак.Тремоло кағыс етхникасын дамыту

IV.Қорытынды:

Жаңа сабақтан оқушының алған әсерін байқау есебінде сұрақтар қою арқылы тексеремін.

а) Жаңа сабақтың тақырыбы қандай және не түсіндің?

б)Тремоло штрихында неше түрі қолданылады ?

Оқушының сабақ қатынасына байланысты ескертпелерді айтамын.

V.Үйге тапсырма:

Өткен шығармаларды қайталап келу .Жаңа сабаққа байланысты берілген Халық әні «Харарау» уйден санап ойнап келу.

VI.Бағалау:

Оқушының сабаққа қатысу белсенділігін ескере отырып шынайы білімділігін бағалаймын.





© 2010-2022