Табиғатпен сыр шерткен Шаңқобыз 2 сынып

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:


Пәні :

Музыка

Сыныбы:

1

Уақыты:


Тоқсанның тақырыбы:

Ғажайып сырлы аспаптар үні

Сабақтың тақырыбы:

Табиғат пен сыр шерткен шаңқобыз

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Музыканың көңіл куйін анықтауды ( нәзік, көңілді, мұңды), музыканың көркемдік құралдарының қарапайым турлерін ажыратуға уйрету.


Б)Коммуникативтік

Түйінді ой айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыра білуге жетелеу.Шығармашылық ізденісін арттыру.


В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Білім мен дағдысының деңгейін анықтау.Шығарманы тындай білуге, әнді мәнерлі, әсем сазды орындауға уйрету.

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Шаңқобыз суреті, үнтаспа

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

Ұстаз еңбегін бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ? - ұстазымыз,

Өнер - білімге құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

«Біздің ауыл» И.Нүсіпбаев. Т.Молдағалиев хормен ,жеке орындау арқылы сұралады. Аспап суреттері көрсетіліп сұрақтар қою арқылы қайталанады.

Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Табиғатпен сыр шерткен Шаңқобыз 2 сыныпТабиғатпен сыр шерткен Шаңқобыз 2 сыныпТабиғатпен сыр шерткен Шаңқобыз 2 сыныпШаңқобыз -қазақтың көне музыкалык аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден не күмістен жасалған. Шаңқобыз арасына бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы (тоны) тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына коңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған "Қыз зары", "Қыз ұзату", "Қыздың мұңы" әндері мен "Шаңкауыздың толғауы" секілді күй де бар. Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады. Ш. тектес музыкалық аспаптар моңғол, өзбек, қырғыз, орыс, украин, т.б. халыктары арасында да кең тараған.[1] Шаңқобыздың сирек кездесетін түрі - ағаш шаңқобыз. Үйеңкі, қайың, жеміс ағаштарынан жасалады. Ортадан кесілген ағаш ұштары екі жағынан тесіліп, жіп-бау тағылады. Аспап орындаушысы жіп-бауды тарта отырып, босату, тербету арқылы тілшені қозғалтады. Ағаш шаңқобызда жеңіл әндер мен шағын күйлер орындалады.

Ертеде шаңқобыз кішкентай балалар мен әйелдер аспабы болған. Шаңқобызға арналған «Қыз ұзату», «Қыз зары», «Қыз мұңы», «Шаңқобыз толғауы» сияқты шағын күйлер шығарылған.

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық: Форте- пиано

Форте- дыбыстың қатты орындалуы. Пиано - дыбыстың жай орындалуы.

Терминді жаттайды.

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән жаттау: Біздің ауылИ.Нүсіпбаев.Т.Молдағалиев.

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Біздің ауыл Алатау етегінде,

Құстай ұшып мен оған жетем күнде.

Менің атам жүреді қойын жайып,

Ақбоз аты келеді жетегінде

Оқушылар орындайды.

Гүлге толы айнала,

Алма бақта ауылым

Сағынамыз қайда да

Алатаудың бауырын

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

«Бөз інген» халық күйі шаңқобызда

Күйдің алғашқы дыбыстарына аса назар аударуларын сұраймыз.

Балалар әртүрлі ой айтады. Күйді тағы қайта тыңдап, алғашқы дыбыстардан сыбызғының үні естілгенін байқатамыз және балалардың зеректігін арттырамыз.

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Түрлі түсті суреттер, буклет көрсетіледі баланың танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Қандай аспаппен таныстық?

Ол қандай аспап түріне жатады?

Қолымызбен ойнап көрсетейік.

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы бойында проблеманы шешу құзыреттілігі шыңдалады, жаңа материалды қорытындылайды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

Үй тапсырмасы

Біздің ауыл

И.Нүсіпбаев.

Т.Молдағалиев.

Аспаптың суретін салу

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.


© 2010-2022