Сабақтың тақырыбы: Күй құдіреті

Сабақтың мақсаты: Күйдің тарихымен түрлерімен таныстыру. Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу. Тәрбиелік мәні: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу. Дамытушылық мәні: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу. Сабақтың көрнекілігі: Күйшілердің суреті, топтас...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып ІІ тоқсан 3 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Күй құдіреті.
Сабақтың мақсаты: Күйдің тарихымен түрлерімен таныстыру.
Өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін туғызу.
Тәрбиелік мәні: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың ән - күйлерді тыңдай арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Күйшілердің суреті, топтастыру, сергіту сәті, сызба жұмыстары, аспаптардың суреті, баян аспабы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Психологиялық дайындық:
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппенен бас иіп,
Сәлем бердік біз!

3. Үй тапсырмасын сұрау.
«Сары даланы сазбен тербеткен» қазақтың атақты күйшісі Қорқыт атамыз туралы айтамыз.
4. «Адасқан ноталар» ойынын ойнату.
5. Балалар біздер «Адасқан ноталар» сұрақ - жауап ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Нота астында жазылған сұрақтарға жауап беріп, ноталарды нота сызығына орналастырамыз.

6. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Күй құдіреті»
- Музыка дегенде көз алдымызға не елестейді? Сұраққа жауап беру.
- Ән, күй, би, домбыра бұның барлығын өнер деп атаймыз.
Соның ішінде бүгінгі сабақта танысатынымыз «Күй» өнерімен танысамыз.
«Күй» дегеніміз не?
Күй - домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма. Күйлер домбыра, қобыз және сыбызғы аспаптарында орындалады.
Күйлер тақырыбымен мазмұнына қарай: аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау, лирикалық, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды. «Жетім бала», «Ақсақ құлан» т. б күйлерді жатқызамыз.
Тарихи оқиғаларға жоңғар шапқыншылығымен оған қарсы халқымыздың күресі «Ел айырылған», «Жеңіс» атты күйлер.
Арнау күйі - белгілі бір адамдарға арнап шығарған күй. Оларға «Абыл»,»Байжұма» күйлерді жатқызамыз.

7. Музыка тыңдату: Абылдың күйі:Абыл

«Нар идірген» хал.күйі

8.Жаңа ән үйрену: «Домбыра туралы баллада» К.Дүйсекеев

9.Музыка сауаты: Күй

10.Жаңа сабақты қорытындылау. Бекіту.

11. Бағалау. Үйге тапсырма:Күй құдіреті. Әннің сөзін жаттау.





Сабақтың тақырыбы:

Күй құдіреті.

5-сынып ІІ-тоқсан 3-сабақ

Мұғалімі: Ә.Есболов



№39 «Қызылөзек» орта мектебі





© 2010-2022